Жаңалықтар

Хабарландыру!

Опубликовано 02.10.2020.

КазГЮИУ студенттері мен магистранттарының, және профессорлық-оқытушылар құрамының назарына!

Барлық ниет білдірушілерді КазГЮИУ Бизнес мектебінің директоры, профессор Благоев Веселиннің әр апта сайынғы онлайн көпшілік дәрістеріне шақырамыз:

– Кәсіпорынның қазіргі жағдайдағы бизнес стратегиясы;

– Операциялық менеджмент.

Бағдарлама тілі-орыс.

Әр бағдарлама презентациялармен бірге жүргізіледі, және олар кейіннен бағдарламаның барлық қатысушыларына қалауы бойынша жіберілуі мүмкін.

Дәріс кестесі:

  Операциялық менеджмент Бизнес стратегиясы
Сейсенбі 14.30 дан 16.30 дейін
Бейсенбі

 Өтініш формасы:

Қатысуды жоспарлаған бағдарламаның атауы  
Толық аты-жөні (сертификат үшін)  
Электронды мекен-жай және телефон (WhatsApp)  

Қосылу сілтемелері қатысушыларға электрондық пошта және WhatsApp арқылы жіберіледі.

Бағдарлама аяқталғаннан кейін сертификаттар беріледі.

Қатысуға өтінімдерді мына мекенжайға жолдау қажет:

Мусабаева Молдир Алтынбековна:  m.mussabayeva@mail.ru

тел. + 7 777 283 3596 (WhatsApp)

Модератор туралы ақпарат:

Профессор Веселин Благоев (Болгария Республикасы, Варнен менеджмент университеті) маркетинг, менеджмент, маркетингтік қарым-қатынас, жарнама, көшбасшылық саласындағы жетекші болгар және еуропалық ғалымдардың бірі болып табылады.

В. Благоев әкімшілік және мемлекеттік басқару саласында айтарлықтай тәжірибесі бар. Мемлекеттік аппаратта және бизнесте, оның ішінде Болгария Министрлер Кеңесінің Бас хатшысы (1994ж.), Болгария Жекешелендіру жөніндегі агенттігінің басшысы (1995-97 жж.), “Кредит Банк” бас атқарушы директоры (1997-98 жж.), Bloomberg BusinessWeek (Болгария) бас редакторы (2004-06 жж.), Електроимпекс АД маркетинг жөніндегі Директор (1985-90 жж.).

Профессор В. Благоевты дәріс оқуға және практикалық семинарлар өткізуге шетелдік жоғары оқу орындарына шақырады. Ол АҚШ, Англия, Қытай, Үндістан, Корея, Жапония, Голландия, Франция, Польша, Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь, Украина және Грузияда дәріс оқыды. Мәскеуде Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясында (РХШжМҚА) көшбасшылық бойынша дәріс оқуға шақырылған профессор болды. 2004 жылдан бастап профессор В. Благоев  Болгар маркетологтар қауымдастығының президенті, сондай-ақ болгар сауда-өнеркәсіптік асоциациясының Басқарушы кеңесінің мүшесі.