Жаңалықтар

ҚАЗАҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Опубликовано 05.10.2020.

 Құрметті әріптестер!

Сіздерді Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде өтетін «Шығыс Қазақстан облысы ономастикалық кеңістігіндегі ұлттық негіз» атты аймақтық ғылыми конференциясына онлайн түрде қатысуға шақырамыз.

Конференция 2020 жылдың 15 қазанында қашықтық форматта өтеді. Конференция 14.00-де басталады.

         Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

  • Жалпы және аймақтық ономастиканың өзекті мәселелері
  • Ономастиканың білім берудегі әлеуеті және қазіргі заманғы педагогика ғылымының мәселелері.

Конференция қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді.

Конференцияның жүргізілу формасы: қашықтықтан

Конференцияға қатысу үшін  2020 жылдың 11 қазанына дейін philology@kazguiu.kz    электронды поштасына келесі құжаттарды жіберуіңіз қажет:

  • Қатысуға өтініш (форма бойынша).
  • Мақала мәтіні толық 3 беттен аспауы тиіс. (Мақала мазмұны конференция тақырыбына сәйкес боулы қажет)

Конференция материалдары жинаққа енгізіледі. Мақалада аннотация (3-5 сөйлем) және кілт сөздер (5-7 сөз) қоса болуы қажет.

Конференция қатысушыларына конференцияға қатысқаны туралы сертификаттар табысталады. Конференцияға қатысу және мақала жариялау үшін төлем – 700 теңге. Көрсетілген сома  төмендегі шотқа аударылады:         Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті

РНН 511700061447

БИН 980440002042

ИИК КZ 976010261000026178

БИК HSBKKZKX

Халық Банкі АҚ

 

МАҚАЛАНЫ БЕЗЕНДІРУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

·       Текст редакторы – Microsoft Word;·       Шрифт – Times New Roman; кегль өлшемі – 14 пт;·       Аралық интервал – 1;·       Беттің барлық жиектері – 20 мм. ТЕЗИСТІ ҚҰРАУ СҰЛБАСЫ:·       Бірінші беттің сол жақ жоғарғы бұрышында ӘОЖ;·       Екінші жолдың жоғарғы оң жақ бұрышында – автордың аты-жөні;·       Үшінші жолда – мекеменің толық атауы;·       Төртінші жолда – мемлекеті, қаласы, электрондық мекен-жайы;·       Бір жол қалдырып келесі жолда – мақаланың тақырыбы БАС ӘРІПТЕРМЕН ортада жазылады. ·       Мақалаға аннотация (3-5 сөйлем) және кілт сөздер (5-7 сөз) қоса берілуі керек.·       Пайдаланған дереккөздер тізімі ГОСТ-7.1-2003 сәйкес көркемделеді, мақала мәтінінің соңында орналастырылады. Мақала мәтініндегі дереккөздерге сілтемелер тікбұрышты жақшаға алынады, (мысалы, [1, 17], мұндағы бірінші сан – дереккөз, екіншісі – бет нөмірі).       Мақаладағы сілтемелерді нөмірлеу мақалалар тізіміндегі дереккөздің реттік нөміріне (пайдаланылған дереккөздердің тізімі) сәйкес жасалады.

       МАҚАЛАНЫ КӨРКЕМДЕУ ҮЛГІСІ:

 

ӘОЖ

Абрахманов Б.С.

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті

Қазақстан, Семей қ., @mail.ru

 

КӨКПЕКТІ АУДАНЫ ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫНЫҢ ЛЕКСИКА-СЕМАНТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ

 

Аннотация (3-5 сөйлем)

Кілт сөздер (5-7 сөз)

 

Мәтін, Мәтін, Мәтін Мәтін, Мәтін, Мәтін Мәтін, Мәтін, Мәтін Мәтін, Мәтін, Мәтін

 

Өтініш формасы:

 

Аты-жөні (толық)  
Жұмыс орны (оқуы)  
Атқаратын қызметі  
Ғылыми атағы, дәрежесі  
Мекен-жайы (индексі)  
Байланыс телефоны  
Электронды поштасы  
Факс  
Секция (конференция бағыты)  
Мақала тақырыбы  
Ғылыми жетекшісі (студент, магистрант болса)  

 

Рәсімделуі мен мазмұны талапқа сай келмейтін мақалалар жарияланбайды.

Ақпарат алу үшін телефондар: 8 775 675 4231, 8 775 437 9332

 

 

  ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТ