Жаңалықтар

Хабарлама

Опубликовано 08.10.2020.

Үміткерлердің психологиялық тестілеуден өтуі туралы
АҚПАРАТ
(Абай көшесі 107, АТжЭФ №2оқу корпусы)
ҚҰРМЕТТІ ҮМІТКЕРЛЕР!!

 Сіздерге алғашқы күрделі сынақтан өтуге қажет – бұл психологиялық тестілеу.

Психологиялық тестілеу әскери мамандығы мен Сіздің моральдық қасиеттеріңіздің сәйкестігін анықтау үшін бағытталған. Осымен қатар, Сіздің қордағы мүмкіндіктеріңізбен жеке кәсіпқойлық қасиеттеріңізді анықтайды.

Берілген психологиялық тестілеу компьютерде 60 минуттан кем емес өткізіледі. Тестілеу соңында экранда тест қорытындысы шығады.

 НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! ТЕСТІЛЕУДЕН ӨТУ ҮШІН БІР ҒАНА МҮМКІНДІК БОЛАДЫ!

Психологиялық тестен өту үшін келесі нұсқауларды білу қажет:   1.Тестілеу өткізілетін аудиторияға ұялы телефон, қалам мен қарындаштарды кіргізуге болмайды.

  1. Тестілеу алдында тестілеуге жауаптыны мұқият тыңдап алыңыздар. Тестілеу барысында сұрақ қоюға болмайды.
  2. Денсаулық күйі нашар боған жағдайда тестілеуге қатыспаңыз. Жауаптыға бұл жағдайды тестілеудің басталмаған уақытта айту қажет.
  3. Өздеріңізге ыңғайлы тестілеу тілді таңдаңыз- қазақша немесе орысша. Психологиялық тестілеу ведомостінде комиссия хатшысы нұсқауымен белгілеп қол қойыңыз.
  4. Өздеріңіз жайлы ақпаратты мұқият толтырыңыз.
  5. Сұрақтарға жауап беруден бұрын сұрақтарды мұқият оқып алыңыздар.
  6. Мұқият қараңыздар, келесі сұраққа жауап берген кезде алдыңғы сұрақты ашуға мүмкіндік болмайды.
  7. Шын жауап беруге тырысу қажет, ойыңызға бірінші келген жауапты жазыңыз.
  8. «жағымсыз» және «жақсы» жауаптар болмайтынын есте сақтаңыздар.
  9. Тестілеу уақытында сөйлесуге, сұрақтарды дауыстап оқуға, аудиториядан шығуға, телефондармен қолдануға және басқа компьютердің мониторына қарауға БОЛМАЙДЫ.
  10. «Қорытындыны сақтау» белгісі шыққаннан кейін, сізге қол көтеріп, психологиялық тестілеуге жауаптыны күту қажет, психологиялық тестілеуге жауапты бос болмаған сәтте, оны сәл күтуіңіз қажет. Өзіңізге жауаптарды ашуға, компьютер сөндіруге, немесе басқа терезелерді ашуға БОЛМАЙДЫ.
  11. Тестілеуден кейін ведомостьке Сіз және комиссия хатшысы қол қоюларыңыз қажет.

БЕРІЛГЕН ЕРЕЖЕЛЕРДІ БҰЗҒАН ЖАҒДАЙДА СІЗ АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ ҚАБЫЛДАУ КЕЗЕҢДІ ТАПСЫРМАҒАН БОЛЫП ЕСЕПТЕЛЕСІЗ ТЕСТІЛЕУДІ ӨТКІЗУ БАҒАЛАРЫ

  1. Егер тестілеудің «Ұсынылмаған» қорытындысы шыққан жағдайда, Сіз келесі кезеңге өтпедіңіз дегенді білдіреді.
  2. Қорытындының оң болған жағдайында, Сізге келесі кезеңге қатысуға болады дегенді білдіреді.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!

  Психологиялы тестілеуді өткізу барысында дәрісханада студенттердің өзін-өзі басқару органдарынан тек қана екі адам қатыса алады. Бақылаушыларды, психологиялық тест тапсыратын күні ЖОО тәрбиелік жұмыс жөніндегі проректоры тағайындайды. Бұл туралы тәрбиелік жұмыс жөніндегі проректоры комиссия төрағасына тестілеу басталғаннан бұрын ақпарат жолдайды.

1.Бақылаушыларға тестілеуден өтетіндерге жақындауға болмайды, психологтар және түсушілермен сөйлесуге, видео-аудио бейнероликтер жүргізуге және ұялы телефон қолдануға болмайды.

  1. Компьютерлік психологиялық тестілеу түсушінің жеке мінездерін көрсететін болғандықтан апеляцияға жатпайды және талқыланбайды.

 

СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ!