Жаңалықтар

Хабарландыру

Опубликовано 08.10.2020.

«Психологиялық тестілеу» (онлайн тестілеу)
ережесі
Тест тапсырушыға

  1. Тест тапсырғанға дейін ертерек тапсыратын күнін және уақытын алуыңыз керек. Тестілеуді тапсыру ережесін оқып-біліңіз.
  2. Онлайн тапсыратын техникалық мүмкіндігіңізді тексеріп ақпарат беріңіз. (интернет қосылған смартфон және тұрғылықты компьютер не болмаса интернетке қосылатын ноутбук). Смартфонға ертерек ZOOM қосымшасын жүктеп алыңыз, компьютерде не болмаса ноутбукта ертерек ANYDESK бағдарламасы орнатылсын.
  3. Тестілеуге 10 минут қалғанда смартфон арқылы алдыңғы жіберілген бейне конференциялық байланысқа ZOOM платформасында қосылып, күту залында боласыз. (Сіздің бейнебақылау және микрофоныңыз ҚОСЫЛЫП тұруы қажет).
  4. Қосылғаннан кейін идентификациялауға комиссия хатшысына жеке куәлігіңізді және түріңізді көрсетесіз.
  5. Идентификация дұрыс болған жағдайда тест тапсырушы хатшыдан ANYDESK бағдарламасының ID жұмыс орнын тест тапсыруға алады. Хатшыға сұраныс жіберу арқылы қосылады. Сәтті қосылған жағдайда тест тапсыруға көшеді.
  6. Тестің басында тапсыру тілін таңдайсыз, жеке куәлігіңіздегі тегіңізді және атыңызды жазасыз (жеке куәлікте қалай жазылған солай болу керек) және тест тапсыруға көшесіз, алдымен психологиялық, содан кейін логикалық.
  7. Сұрақтарға жауап беруден бұрын сұрақтарды мұқият оқып алыңыздар. Мұқият қараңыздар, келесі сұраққа жауап берген кезде алдыңғы сұрақты ашуға мүмкіндік болмайды. Шын жауап беруге тырысу қажет, ойыңызға бірінші келген жауапты жазыңыз, «жағымсыз» және «жақсы» жауаптар болмайтынын есте сақтаңыздар. Логикалық тестке жауап бергенде Сізге жақын жауапты таңдайсыз.
  8. Тестілеу өтіп жатқан барлық уақытта, тапсырушы ZOOM жүйесінде БЕЙНЕБАҚЫЛАУДА қосылып тұруы керек. Тест ұзақтығы – 45 минут.
  9. Тапсырып болғаннан кейін қорытындысы шығып тұрған терезені ӨШІРМЕЙДІ және өзі де өшірілмейді, хатшыға хабарлағаннан кейін, хатшы қорытындыны тіркемейінше байланыста болуы керек. Бұндай жағдайда тест қорытындысы есептелмеуі мүмкін.
  10. Хатшы рұқсатымен байланыстан ажыратылады.