Жаңалықтар

Қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық құқықтың өзекті мәселелері бойынша онлайн-дәріс

Опубликовано 14.10.2020.

ШҚО Полиция Департаменті және ҚазИГЗУ арасында дуалдық білім туралы жасасқан меморандум шеңберінде, «Молодой процессуалист» студенттік клуб аясында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу заңнамаларын жетілдіру және жеке тұлғаның құқықтарын қорғауды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар» тақырыбында жоспарланған онлайн-дәріс өткізілді.
Дәріс мақсаты – студенттерге ҚР қылмыстық процестік кодексін қысқаша түсіндіріп және одан әрі тергеуші мен анықтаушы қызметін таңдауға бағыт беру.
Онлайн-дәрісті Семей қ. ПБ тергеу бөлімінің ұйымдастырушылық-талдау жұмыс бөлімінің бастығы Ж.Т.Жантемирова жүргізді.
Онлайн-дәрісте ЗФ декан орынбасары А.А.Айдарова және ҚҚП кафедрасының аға оқытушысының жетекшілігімен КазИГЗУ ЗФ 3 курс студенттері қатысты.