Жаңалықтар

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетіндегі цифрлық академиялық ұтқырлық – ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері

Опубликовано 22.10.2020.

Біздің университет пандемия және көптеген елдерде карантин енгізу жағдайында шетелдік университеттермен халықаралық ынтымақтастықтың жаңа түрлерін іздеуде. Егер бұрын дәстүрлі түрде академиялық ұтқырлық бағдарламалары шеңберінде білім алушылар мен оқытушылар үшін дәрістер оқу, практикалық семинарлар өткізу үшін шетелдік ғалымдар университетке келсе, ендігі жаңа жағдайларда халықаралық ынтымақтастық цифрлық форматта дамып келеді. Біздің студенттер мен магистранттар үшін шетелдік оқытушылармен қашықтықтан оқыту форматында бірқатар дәрістер ұйымдастырылды

Осылайша, “Қаржы” мамандығының 3 курс студенттеріне Алтай мемлекеттік университетінің (Барнаул қ.) “Қаржы” кафедрасының доценті, э. ғ. к. Мищенко Ольга Артемьевна бүкіл семестр бойы қашықтық форматта дәріс оқиды.

Варна Менеджмент Университетінің (Болгария) профессоры Веселин Благоев семестр бойы “Экономика” мамандығының 3 курс студенттеріне және “Есеп және аудит” мамандығының 1 курс студенттеріне дәріс оқиды

Студенттерімізге жаңа білімді игеруде табыс тілейміз!!!