Жаңалықтар

“Карантин жағдайында виртуалды білім беру процесін қолдауға арналған IT технологиялар” атты ғылыми-әдістемелік онлайн-семинар

Опубликовано 28.10.2020.

2020 жылдың 23 қазанында “Бизнес және басқару” кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Айымкулов Рахат Ашкенович “Карантин жағдайында виртуалды білім беру процесін қолдауға арналған IT технологиялар” атты ғылыми-әдістемелік онлайн-семинарға қатысты.

Семинарды Нархоз университетінің “Менеджмент және маркетинг ” ғылыми-білім беру департаменті ұйымдастырды.

Covid-19 белсенділігі жағдайында ғылыми-әдістемелік семинар өткізудің негізгі мақсаты on/offline режимінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен телекоммуникациялық құралдарды қолданумен жүзеге асырылатын оқу процесін жетілдірудің әдістемелік мәселелері бойынша тәжірибе алмасу болып табылады.