Жаңалықтар

2020 жылғы 27-30 қазан аралығында Алтай мемлекеттік университетімен бірлесіп қашықтық форматында клиникалық психология бойынша халықаралық практикалық семинар өтті.

Опубликовано 04.11.2020.

Қазақ инновациялық гуманитарлық -заң университеті және Семей қаласының Білім департаментының Балалар мен жастарды психологиялық қолдау қалалық орталығы Алтай мемлекеттік университетінің психология институтымен (Барнаул қ., Ресей) бірлесіп "Психикалық даму бөгелісі бар балалармен және олардың отбасыларымен жұмыс жасаудың психологиялық түзету технологиялары" атты Семинар ұйымдастырды.

Семинарға Семей, Павлодар, Өскемен қалаларының оқытушылары мен психологтары қатысты.

Семинар аясында клиникалық психологияның өзекті мәселелері талқыланды:

- Нейропсихология, аутизм және психикалық дамудың кешігуі бар балалардың даму ерекшеліктері;

- Ерте жастағы психикаға әсер ететін жағдайлар;

- Оқу қиындықтарын жеңудің нейропсихологиялық тәсілі;

-    Білім алушылардың өзін-өзі зақымдаушы мінез-құлқының алдын алудың психологиялық-педагогикалық технологиялары;

- Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсету әдістері мен стратегиясы.

 

Семинардың негізгі дәріскерлері - Алтай өңірінің клиникалық психология саласындағы жетекші ғалымдары:

Любимова Ольга Марковна, психология ғылымдарының кандидаты, доцент, Алтай мемлекеттік университетінің Психология институтының директоры.

Шахмаева Ирина Владимировна,  психология ғылымдарының кандидаты, Алтай мемлекеттік университетінің Клиникалық психология кафедрасының доценті.

Труевцев Дмитрий Владимирович, психология ғылымдарының кандидаты, доцент, Алтай мемлекеттік университетінің Клиникалық психология кафедрасының меңгерушісі.

Кузьмина Анна Сергеевна, психология ғылымдарының кандидаты, Алтай мемлекеттік университетінің Клиникалық психология кафедрасының аға оқытушысы.

Смирнова Яна Константиновна, психология ғылымдарының кандидаты, Алтай мемлекеттік университетінің Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының доценті.

 

Семинар қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға Алтай мемлекеттік университетінің сертификаттары берілді.