Жаңалықтар

КазГЮИУ студенттерінің назарына!

Опубликовано 08.11.2020.

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті “Erasmus+ академиялық ұтқырлық” халықаралық бағдарламасы аясында 2020-2021 оқу жылының көктемгі семестріне Варна экономикалық университетінде тегін оқуға (халықаралық бағдарлама қаражаты есебінен) конкурс жариялайды. Конкурсқа “Экономика”, “Қаржы”, “Мемлекеттік және жергілікті басқару”, “Информатика”, “Есеп және аудит” мамандықтарының студенттері қатыса алады. Конкурс нәижесі бойынша үздік көрсеткішпен танылған бір студент таңдалып алынады.

Болгарияда оқу мерзімі: 120 күн

Бағдарламаға тіркелу мерзімі – 2020 жылдың 12 қарашасына дейін

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  1. КазГЮИУ-да академиялық кезеңді табысты аяқтаған білім алушылар (2,3 курс студенттері);
  2. Үлгерімнің орташа балы (GPA 3.50 және одан жоғары);
  3. Академиялық кезеңнің аяқталуы бойынша ағымдағы үлгерім;
  4. Білім және ғылым саласында жетістіктердің болуы (сертификат, диплом көшірмелері);
  5. Ағылшын тілін білуі Intermediate В1 деңгейінен төмен емес.

Қажетті құжаттар тізімі:

  1. http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500011195#z210 формасы бойынша өтініш;
  2. Жеке куәлік және шет елге шығу паспорт көшірмесі;
  3. Факультет деканының және кафедраның ұсыныс хаттары;
  4. Грамоталардың, сертификаттардың, дипломдардың, алғыс хаттардың көшірмелері (бар болса);
  5. Шет тілін білетіндігін растайтын сертификат (IELTS, TOEFL), бар болса;
  6. «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген 086-У формасындағы медициналық анықтама.

Толық ақпаратты алу үшін:

Халықаралық ынтымақтастық бөлімі

Мәңгілік Ел көшесі, 11, Бас ғимарат

4 қабат, 23 кабинет

Байтлеуова Лаура

Email: laura180898@mail.ru

Тел. +7 (7222)360363

+77073083975 (WhatsApp)