Жаңалықтар

16-20 қараша аралығында халықаралық білім аптасы болып аталып өтті.

Опубликовано 24.11.2020.

Осыған байланысты КазГЮИУдың жүргізіп жатқан жұмысы туралы қысқаша айтып бергіміз келеді. Университет әрқашан халықаралық интеграцияны дамытуға ерекше назар аударды. Жыл сайын шетелдік ғалымдар мен мамандар студенттерге дәріс оқып, ЖОО қызметкерлерімен өз тәжірибесімен бөлісу үшін шақыртылады. Коронавирустық пандемия халықаралық жұмысты одан әрі жалғастыруға еш кедергі болмады. Биылғы жылы барлық дәрістер түрлі заманауи цифрлық технологияларды пайдалана отырып, онлайн форматта өткізілуде.

2020 жылдың күзгі-қысқы семестрінде бірнеше халықаралық жобалар жүзеге асырылуда. Ал студенттерге Ресей мен Түркияның жетекші жоғары оқу орындарының 15 шетелдік ғалымдары бакалавриат, магистратура және докторантура бағыттары бойынша дәріс оқиды.

Университет студенттерді шетелдік жоғары оқу орындарында, оның ішінде қашықтықтан оқыту форматында оқыту, сондай-ақ бірлескен білім беру бағдарламаларын дамыту бойынша академиялық ұтқырлық бағдарламаларын іске асыру үшін әрдайым жаңа мүмкіндіктер іздейді.

КазГЮИУ студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Польша, Түркия, Болгария, Ресей және басқа елдердің университеттерінде білім алды.

Сондай-ақ, бірлескен білім беру МВА магистрлік бағдарламасы Болгарияның Варна Менеджмент университетімен жүзеге асырылуда. Онда КазГЮИУ-дың 15 докторанты мен магистранттары білім алды. Сонымен қатар, 10 студент Польша қаржы және басқару Жоғары мектебінде екі дипломды білім беру бағдарламасы бойынша білімдерін жетілдірді. 2020 жылы біздің университеттің 25 студенті шетелдік серіктес жоғары оқу орындарының дипломдарын алды.

Айта кету керек, КазГЮИУ халықаралық ынтымақтастық шекарасын кеңейтуде. Қазірдің өзінде 20-дан астам жаңа келісімге қол қойылды. Бүгінгі таңда КазГЮИУ-да шетелдік жоғары оқу орындарымен академиялық және ғылыми ынтымақтастық туралы 150-ден астам халықаралық шарт жасасқан.

Екі жыл ішінде университет 4 халықаралық жазғы және қысқы мектеп өткізді. Оған қала оқушылары мен университет студенттері қатыса алады. Қатысушылардың шет тілін үйреніп қана қоймай, «Кәсіпкерлік мектебіне» қатысуға мүмкіндігі бар.