Ректор туралы

Scan_20160314_221931 - копия

Құрманбаева Шырын Асылханқызы

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің ректоры, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор,  ҚР Президенті жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі, РФ саяси ғылымдар Академиясының толық мүшесі.

Құрманбаева Шырын Асылханқызы 1958 жылы 10 қарашада Семей қаласында дүниеге келген. Семей облысы, Ақсуат ауданы, Ақсуат ауылында орта мектепті бітіріп, С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетіне оқуға түсті. 1980 жылы осы университетті «тарихшы», «тарих және қоғамтану» мұғалімі мамандығы бойынша аяқтады. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірді (ҚазМЗА).

Кәсіби қызметі:

Ш.А.Құрманбаева 1980 жылы оқытушы қызметінен ЖОО жетекшісіне дейінгі еңбек жолы, кәсіби қызметі және мансаптық өсуі  ҚР-ның жоғарғы білім жүйесімен тікелей байланысты.

Ғылыми қызығушылықтары : саяси-құқықтық аспектілер, ҚР-дағы гендерлік саясат. 2 монография, 10 оқу құралы, жүздеген ғылыми және қоғамдық мақалаларының авторы.

Қоғамдық өмірге араласуы:

Республиканың және аймақтың қоғамдық өміріне белсенді араласады.

2004 жылдан ҚР Президенті жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі.

2006 жылдан  «Нұр Отан» ХДП-ның мүшесі.

2007 жылы - «Нұр Отан» партиясының қоғамдық штабындағы барлық деңгейдегі заманауи сайлау технологияларын қолдану бойынша кеңесші.

01.10.2008 жылдан «Нұр Отан» ХДП-ның Семей қаласындағы филиалының қалалық партия ұйымы саяси кеңесінің мүшесі.

1999 – 2005 ж.ж. Н.Назарбаевты ҚР Президенттігіне кандидаттықа тағайындаудың қалалық және облыстық қоғамдық штабтарының саяси кеңесшісі.    «Нұр Отан» ХДП-ның Семей қалалық филиалының АПТ құрамында жыл сайынғы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауының негізгі ережелерімен таныстыру, түсіндіру жұмыстарына белсене араласады.

Облыс көлемінде өткізілетін қайырымдылық іс-шаралардың ұйымдастырушысы: жетім балаларға,  жағдайы төмен отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсету.

Мадақтаулар, мемлекеттік сыйлықтар:

Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты (2001 ж.)

«Ажар» Қазақстан әйелдерінің жетістіктерін қоғамдық мойындаудың ұлттық премиясының « Ғылым және білім» номинациясы бойынша лауреаты. (2003 ж.)

Қазақстан Республикасының білім беру саласының құрметті қызметкері (2004 ж.)

«ҚР ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін» белгісімен марапатталды. (2007 ж.)

РФ саяси ғылымдар Академиясының толық мүшесі (2007 ж. бастап)

«Шапағат» медалі (2008ж.)

«Қазақстан әйелі – 2010» (3 наурыз 2010 ж.) республикалық тележобасында « «Ұлағатты ұстаз» номинациясы бойынша марапатталды.

«Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығы» мерейтой медалі (2011 ж.)

«Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтой медалі (2015 ж.)

ШҚО Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы (2015 ж.)

Байланыс:         

ҚР, ШҚО, Семей қ., Ленин көшесі 11, 071400

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті.

тел. +7(7222)321628, +7(7222)321383 факс

е-mail: semey@kazguiu.kz