“Алаштану” ғылыми-зерттеу орталығы

“Алаштану” ғылыми-зерттеу орталығы

Шанбай Т.К. Фото.Орталықтың директоры - Шаңбай Тұрдықұл Қасенұлы (15.01.1959 ж.т.) – әдебиет теоретигі, мәдениеттанушы-философ, саяхатшы-географ, маман-энциклопедияшы, филология ғылымдарының кандидаты (1993), профессор (2014), Тарих және қоғамдық ғылымдар Академиясының академигі (2014), Қазақстан биоәртүрлілікті сақтау Ассоциациясының мүшесі (2015), Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері (2008), ҚР білім беру ісінің үздігі (2009), ЖОО ғылыми рейтингі жүйесі бойынша «Үздік зерттеуші» номинациясының иегері (2010,2011,2013), Аманат интеллектуалды пікір-сайыс клубының «Алаш аманатын арқалаған азамат» номинациясының иегері.

Орталықтың қызметкерлері – Курмангалиева Айжан Қайратқызы, Сагандыкова Айсулу Қуантайқызы.

 Мекен жайы: Семей қ., Мәңгілік ел к. 11, 26 кабинет.

Тел.: 8 (7222) 36-08-77

e-mail: Alashtanu_Semey@mail.ru

Алаштану ғылыми-зерттеу орталығы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің құрылымдық бөлімшесі.

Алаштану ғылыми-зерттеу орталығының жұмыс атқарудағы негізгі  мақсаты: Алаш қозғалысы, Алаш партиясы, Алаш автономиясы және Алаш алыптарының өмірі мен қызметі туралы,  Алаш танымының қазақ этносының, Қазақ Елінің бүгіні мен болашағына ықпалы туралы ғылыми іргелі зерттеулер жүргізу.

Алаштану ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми концепциясы дайындалып, басым бағыттарының методологиялық жүйесі жасалды. Орталықтың ғылыми концепциясының нақтылы ғылыми бағыттары мыналар:

Орталықтың басым бағыты – Алаш алыптарының өмірі мен шығармашылығын зерттеу. «Алаштың пассионарлық қуаты», «Пассионарная энергия «Движения Алаш». Шәкәрімнің ар білімі. Шәкәрімнің философиялық лирикасы, т.б.

Орталықтың концептуальды бағыты – «Семей-Алаш» энциклопедиясын дайындау. «Лев Гумилев» үшінші басылымы. Энциклопедия «Университет»(ҚазИГЗУ). Атлас «Тарбағатай». Орталықта басқа да атластар мен энциклопедиялар дайындалуда, т.б.

Орталықтың іргелі ғылыми-зерттеу бағыты – 10 томдық «Алаштану мәселелері» сериялық ғылыми жинағын дайындау. Бүгінгі таңда «Алаштану мәселелері» сериялық ғылыми жинағының 1 томы жарық көрді. Келесі 3 томы басылымға дайын.

Орталықтың өзекті мәселелер бағыты – жылда дәстүрлі Алаш оқулары ғылыми-теориялық конференциясы, Алаш мәселесіне арналған дөңгелек стөлдер, кездесулер өтеді. Алаш тақырыбына арнайы лекциялар оқылады. Телехабар т.б. мәдени шараларға қатысу.

 Орталықтың  негізгі жұмыстары:

  1. «Алаштану мәселелері» сериялық ғылыми жинақ. 1 т. Семей, «Алаш-таным», 2015, -420 б.
  2. «Восточная Алашорда». Сборник документов. Семей, 2015, -425 стр.
  3. «Алаш-Таным». Ғылыми мақалалар жинағы. 1 т. Семей, 2015, -420 бет.
  4. «Алаш-Таным». Құжаттар жинағы. 2 т. Семей, 2015, -425 бет.
  5. Қазақстанның «Ақжол» демократиялық партиясы мен Алаштану ғылыми-зерттеу Орталығы бірлесе отырып, «ХХІ-ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» атты жалпыұлттық конкурстың 2 деңгейін Семей қаласында 2013 жылдың 1 қарашасында өз университетімізде өткізді.
  6. Алаштану ғылыми-зерттеу Орталығы мен «Қазақстан-Семей» телеканалымен бірлесе отырып 30 сериялы деректі бағдарлама-фильм түсірілді. Өзекті мәселелерге арналған 20 телехабарға арнайы шақырылды.
  7. «Лев Гумилев». Тұлғалық энциклопедия. Құрастырушы-автор Т.Қ. Шаңбай. Мәскеу, 2013.- 704 стр.
  8. Халық тарих толқынында. Т.1. Сериялық ғылыми жинақ. Құрастырғандар: Т.Қ.Шаңбай, А.Ибраева. – Астана: Фолиант, 2013, - 320 бет.
  9. Халық тарих толқынында. Т.2. Сериялық ғылыми жинақ. Құрастырғандар: Т.Қ.Шаңбай, А.Ибраева. – Астана: Фолиант, 2013, - 326 бет.
  10. Халық тарих толқынында. Т.3. Сериялық ғылыми жинақ: Ғылыми серия: мақалалар жинағы. Құрастырғандар: Т.Қ.Шаңбай, А.Ибраева. – Астана: Фолиант, 2014, - 326 бет.
  11. Халық тарих толқынында. Т.4. Сериялық ғылыми жинақ: Ғылыми серия: мақалалар жинағы. Құрастырғандар: Т.Қ.Шаңбай, А.Ибраева. – Астана: Фолиант, 2014, - 376 бет.
  12. Народ в потоке истории. Т.5. Серийный научный сборник. Составители: Т.К.Шанбай, А.Ибраева. – Астана: Фолиант, 2014, - 352 стр.
  13. Алаштану ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлері Астана, Алматы, Өскемен т.б. қалаларда республикалық, халықаралық конференцияларда баяндамалар жасады. Көптеген басылымдарда ғылыми еңбектері жарық көрді.

Орталықтың даму жолы:

  1. Алаштың 100 жылдық меретойын абыроймен қарсы алу. Ғылыми концепция негізінде жоспарланған жұмыстарды сәтті аяқтау.
Создано 09.03.2016

Обновлено 03.06.2019