«Азаматтық құқықтың өзекті мәселелері» ғылыми-зерттеу орталығы

«Азаматтық құқықтың өзекті мәселелері» ғылыми-зерттеу орталығы

Zav.-kafedry-GPDОрталық басшысы - Ибрагимова Флюра Галимовна

Заң ғылымдарының кандидаты, «Құқық» мамандықтары тобы бойынша Республикалық Ғылыми-Әдістемелік Секциясының мүшесі.

Мекен-жайы: Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Абай көшесі 94.

Тел.: 8 (7222) 525226, 567358

E-mail: flura.77@mail.ru

«Азаматтық құқықтың өзекті мәселелері» ҒЗО 2011 жылы құрылған болатын (01.09.2011 ж. №1 Хаттама).

Орталық ҚазИГЗУ Ғылыми Кеңесі бекіткен, ҒЗЖ перспективтік жоспарының негізінде ЖОО бөлімшелерінің ғылыми зерттеу бағытын жетілдіру бойынша ұйымдастырушылық және үйлестірушілік қызмет атқарады.

Орталық қызметінің негізгі мақсаттары болып:

- ҚазИГЗУ ҒЗЖ перспективтік жоспары аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау;

- Инновациялық білім беру технологияларын дайындау және енгізу бойынша оқу-әдістемелік жұмыстарды жүзеге асыру, білім стандарттарын есепке ала отырып тәжірибенің барлық түрлерін ұйымдастыру,

- Ғылыми конференциялар, семинарлар, симпозиумдар, дөңгелек үстелдер және өзге де іс-шараларды дайындау мен өткізу;

- Ғылыми-зерттеу қызметінде халықаралық әріптестікті дамыту;

- Ғылыми жобалар мен зертемелерді қолдау және өрлету, оларды құқықты қолдану қызметіне енгізу.

Көрсетілген мақсаттарға жету үшін орталық келесідей міндеттер қояды:

- Теориялық және тәжірибиелік құқықтану саласында ғылыми зерттеулерді дамыту;

- Құқықтану мен құқық бакалавры, магистры және докторларды дайындауды өрлету мақсатында заң ғылымдарын оқытудың жаңа әдістерін әзірлеу;

- Жоғарғы оқу орындар арасында, жоғарғы оқу орны ішінде және факультет аралық ғылыми-зерттеу іс-шараларын өткізу;

- Оқытушылар, студенттер, магистранттар, докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары мен жобаларына қолдау көрсету, қаржыландыру қайнаркөздерін іздестіру;

- Ғылыми жұмыстарды (монографиялар, мақалалар, жобалар) дайындау және әдістемелік пікірсараптама дайындау;

- Ғылыми-педагогикалық біліктілігін жоғарлату мақсатында тұлғаларға (магистранттар, докторанттар) консультациялық көмек кқрсету;

- Университеттің ғылыми жобаларына қатысу;

- Құқықтану мен құқық мәселелері бойынша ғылыми жұмыстарға сараптама мен пікірсараптама әзірлеу;

- Отандық және шетелдік жоғарғы оқу орындарымен, ғылыми және білім беру орталықтарымен кәсіби заң білімі аясында әріптестік орнату;

- Сот, құқыққорғау органдарымен, кәсіпорындармен өзара тәжірибе бөлісу мен ғылыми-зерттеу нәтижелерін енгізу мақсатында әріптестік орнату;

- Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жоғарғы оқу орындар мен ғылыми-кәсіптік қоғамдастықты Орталықтың жұмыс нәтижелері жайлы хабардар ету.

Создано 09.03.2016

Обновлено 15.03.2018