Журнал этикасы

Журнал этикасы

Жауапты редактор Халықаралық журналдар редакциясы алқасының саясатын ұстанады және қолданыстағы заңнамаға бағынады.
Жауапты редактор авторлар ұсынған материалдарды (қолжазбалар) журналда жариялау туралы шешім қабылдау үшін жауапты болып табылады.
Жауапты редакторға ұсынылған қолжазбалар жайлы мәліметті тиісті автор, рецензенттер, потенциалды рецензенттер, өзге де редакциялық алқа мүшелері және баспагерден басқаларға жариялауға тыйым салынады.
Жарияланбаған материалдар автордың жазбаша келісімінсіз  редакторлармен журналдан тыс қолданылуға рұқсат етілмейді.
Кез келген жариялануға ұсынылған қолжазба құпия құжат ретінде қарастырылады. Қолжазбаларды өзге тұлғаларға редактордың рұқсатынсыз көрсетуге, талқылауға тыйым салынады.

Ғылыми мәтінге пікір білдіру және жариялау тәртібі

Журналға (журнал сериясына) жауапты редактор мақаланың журналға (журнал сериясына) тақырыбына, талаптарға сәйкестігін анықтайды.
Жауапты редактор қабылдамаған мақаланың материалдары авторға қайтарылмайды. Мақала жарамсыз болған жағдайда жауапты хатшы авторға қолжазбаны қабылдаудан бас тарту туралы және түзетуден кейін қайта қарау мүмкіндігі туралы хабарлайды.
Мақала журналдың (журнал сериясының) тақырыбына және қойылған талаптарға сәйкес болмаған жағдайда жауапты хатшы автордың қолжазбасын қабылдаудан бас тарту және оның себептері жайлы хабарлайды,
Журналға келіп түскен барлық ғылыми мақалалар міндетті түрде сыртқы рецензиялауға жіберіледі. Рецензиялау нәтижесінде қайта қарауды қажет ететін мақала материалдары авторға толықтыру үшін қайтарылады. Автор қолжазбаға өзгеріс енгізуден бас тартуға құқылы. Қолжазба толықтырылғаннан кейін немесе автор өзгеріс енгізуге қарсы болған жағдайда  қолжазба қайта рецензиялауға жіберіледі.
Мәтіннің түпнұсқалығы 80%-дан төмен болмауы қажет. Қарастырылып отырған қолжазбаны формальді түрде бағалауға жол бермес үшін бұл көрсеткіш жекелеген жағдайларда редакциялық алқамен қайта қарастырылуы мүмкін.

Создано 05.11.2016

Обновлено 08.10.2020