Көптілдік зертханасы

КӨПТІЛДІЛІК ЗЕРТХАНАСЫ

А) Жұмыс тәртібі

МАЗМҰНЫ

            Тілдік құзыреттілік халықаралық білім кеңістігі мен еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жоғары мамандарды даярлауда басқалармен қатар ажырамас бөлік болып табылады. Тілді оқыту әлемдік білім беру кеңістігіндегі интеграциялық процестерді тереңдету жағдайында қажеттілік туғызып отыр. Болон процесінің негізгі принциптерін дамытуда трилингвизм принципін енгізіп, дамыту қажет.

            Халықаралық ынтымақтастық пен академиялық ұтқырлықты ұйымдастыру және қамтамасыз ету орталығының жанынан ашылған көптілділік зертханасының қызметі үш тілді оқыту моделін енгізіп, даярлауға бағытталған.

 

БАҒЫТЫ МЕН ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ

КӨПІЛДІЛІК ЗЕРТХАНАСЫ

МОНИТОРИНГ-ТЕСТІЛЕУ

ШЕТЕЛ ТІЛДЕРІНІҢ  КӨП ДЕҢГЕЙЛІ КУРСТАРЫ

PBLT – тестің қағаз нұсқасы

CBLT- компьютердегі тест

CEFR және Қазақстан Республикасындағы

 шетел тілі білім беру жүйесі

 

  1. УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТТЕРІ МЕН ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ ТІЛДІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІ БОЙЫНША МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

 

МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ

            Тілдік құзыреттілік бойынша мониторинг жүргізудің негізігі мақсаты – университет студенттері мен ПОҚ-ның тіл білу деңгейі туралы ақпаратты жинау, бағалау және өңдеу.

            Ағылшын тілін үйрену барысында қызығушылыққа ынталандыру, бәсекеге қабілеттілігіне және өсуіне ықпал ету.

ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

            Тілдік құзыреттілік бойынша мониторинг жүргізу және тестілеу жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін, тестілеу кестеге сәйкес бірнеше кезеңнен жыл бойы тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Тестілеуге қатысу үшін міндетті түрде өтініш жазып, кесте бойынша келу керек.

            Мониторинг тестің қағаз нұсқасы (PBLT) және электронды (CBLT-computer-basedlanguagetesting) түрінде жүргізіледі. Тестілеуге шет ел басылымдарынан алынған, ұсынылған, сертификатталған тестер қолданылады.

 

МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІ

            Тестке қастысу үшін берілген өтініштер негізінде топтар анықталып, тест өткізу күні белгіленген тестілеу кестесі құрылады. Мониторинг топтың санына байланысты тестің қағаз нұсқасы (PBLT) және электронды (CBLT-computer-basedlanguagetesting) түрінде жүргізіледі.         Мониторинг үш кезеңде жүргізіледі:

            1) Өтініштерді толтырып, қабылдау (қосымша 1)

            2) Placement test (PBLT немесе CBLT)

            3) Меңгеру деңгейі көрсетілген қорытынды шығарып, сертификаттау.

            Сертификат меңгеру деңгейін куәландыратын халықаралық танылған құжат болып есептелмейді және шетелдік жоғары оқу орындарына түсу үшін жарамды құжат бола алмайды. Сертификат тестілеу кезінде ағылшын тілін білудің қазіргі деңгейін көрсетеді, және куәлікте көрсетілген белгілі бір уақыт кезеңі үшін жарамды болып табылады.

            Сертификат білім деңгейіне сәйкес ағылшын тілін үйрену топтарына бөлу үшін және халықаралық алмасу бағдарламалары бойынша конкурсқа қатысу үшін жарамды болып табылады.

  1. ШЕТЕЛ ТІЛДЕРІНІҢ КӨП ДЕҢГЕЙЛІ КУРСТАРЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ

 (АҒЫЛШЫН ТІЛІ)

            Көп деңгейлі курстар кәсіби, ғылыми қызмет саласында тілді пайдалану және одан әрі қажетті кәсіби маңызды дағдылар мен сөйлеу әрекетінің тәжірибесін дамытуға ықпал етеді.

            Курсты жүзеге асыру үшін «Шетел тілдерін меңгеру деңгейінің жалпы еуропалық құзыреттілігі» бағдарламасы мен стандарты алынған.

            Бұл модельде білім беру бағдарламалары мен әрбір деңгейге сәйкес сертификаттары бар білім берудің алты деңгейі көрсетілген. Бұл деңгейлер А1, А2, В1, В2, С1, С2 болып белгіленген.

 

А
бастауыш меңгеру
(BasicUser)

А1
серпінді деңгей (Breakthrough)

А2
Деңгей алды (Waystage)

В
Өздігінен меңгеру (IndependentUser)

В1
Шекті деңгей
(Threshold)

В2
Шекті дамыған деңгей
(Vantage)

C
Еркін меңгеру
(ProficientUser)

С1
Кәсіби меңгеру деңгейі

(Effective Operational Proficiency)

С2
Мүлтіксіз меңгеру деңгейі
(Mastery)

 

            Көрсетілген деңгейлер ұлттық білім беру жүйесі (Қазақстан Республикасының шет тілінде білім беру жүйесі) ерекшеліктерімен үйлестірілген және төмендегідей жүзеге асырылады:

            Нгеізгі қадамға – А1,А2 деңгейлері;

            Техникалық және кәсіби білімберу мекемелеріне  –В1 деңгейі және LSP негізі;

            Орта және кәсіби білімге – В2 деңгейі және LSP негізі;

            Тілдік емес жоғары оқу орындарына  – В2 деңгейі және LSP толық курсы;

            Тілдік жоғары оқу орындарына  –В2, С1, С2 деңгейлері, LAP бағдарламасы және  LSP арнайы-кәсіби бағдарламасы;

            Магистратураға – екінші ШТ-нің  С1, С2 деңгейлері тілдік оқу орындарына; бірінші ШТ-нің  С1 деңгейі  тілдік емес оқу орындарына; LSP – профильді магистратураға, LAP – ғылыми-зерттеу.

            (Ескерту: LSP – арнайы мақсатқа бағытталған тіл, LAP – академиялық мақсатқа бағытталған тіл, CEFR – шетел тілдерін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттілігі, мәдениетаралық коммуникация, шет тілі білімі).

 

            Әр деңгейде оқыту нәтижелері:

 

Бастауыш меңгеру

А1

Мәдениаралық парадигма контекстінде шет тілін меңгерту;

Шет тілін мәдениетаралық коммуникация тұрғысынан және өз елі мен елінің мәдениетін таныстыра алу қабілеттерін дамыту.

А2

Шет тілін меңгеруде өзін-өзі бақылау мен бағалау негіздерімен танысу; білім алу потенциалын дамыту. 

Өздігінен меңгеру

В1+ LSP

Коммуникативті және кәсіби компетенцияларды меңгеру;

Күнделікті жағдайларда, мәдени, білім беру және кәсіби қарым-қатынаста сөйлеушілермен өзара іс-қимыл қабілетін дамыту;

Жалпы-гуманитарлық,  жалпы кәсіптік, жалпы ғылыми және жалпы техникалық бағытта оқу мәтіндерін тыңдау, түсіну.

В2+LSP

В2

Нақты мамандық бейіні бойынша кәсіби-бағытталған тілдесу; Бағдарламада көрсетілген  әлеуметтік және кәсіби байланыстар орнату және қолдау;

Радио, теледидардан берілген жаңалықтардың мағынасын түсіну;

Ғылыми-көпшілік, публицистикалық мәтіндерді, сондай-ақ прагматикалық мәтіндерді: жарнамалар, жаңалықтар оқу және дәлелді бағалау жасай білу;

Өмірбаяндық деректер, күнделікті іс-шаралар, жеке ұсыныстар,  қарапайым хаттар;

Профильді бағытта оқыту талаптарына қанағаттану: сауалнама, ресми хат толтыру.

Еркін меңгеру

С1

Қалыптасу бұрынғы деңгейде басталған  шет тілдік  коммуникативтік құзыреттілік бойынша жұмысты жалғастыру;

Шет тілін меңгеру сапасына баса назар аудару;

С2

Оқытылып жатқан тіл елінің мәдениетін терең түсіну;

Шет тіліндегі қарым-қатынас дағдыларын кәсіби мақсаттарға қалыптастырып, көшу;

Жалпы кәсіби ситуациялармен танысу;

Шетел тілдерін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттілігін, мәдениетаралық коммуникациясын меңгеру үшін академиялық шет тілін оқу.

ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ МЕН КУРСТАР КЕСТЕСІ

            Университет студенттері мен ПОҚ-ның тіл білу деңгейін тест-мониторинг жүргізу арқылы анықтап алғаннан кейін, шет тілін меңгеру деңгейіне байланысты курс тыңдаушылары бірнеше топқа бөлінеді. Сабақ кестесі және жеке жоспар 3/7 есебінен құрылады, яғни аптасына үш сағат. Жеке сабақтарға сабақ кестесі мен жоспар басшылық пен тыңдаушы келісімі бойынша құрылады.

            Оқу курсының соңында тыңдаушы шет тілі курсын бітіргендігі туралы сертификат алады. Сертификат меңгеру деңгейін куәландыратын халықаралық танылған құжат болып есептелмейді және шетелдік жоғары оқу орындарына түсу үшін жарамды құжат бола алмайды. Сертификат тестілеу кезінде ағылшын тілін білудің қазіргі деңгейін көрсетеді, және куәлікте көрсетілген белгілі бір уақыт кезеңі үшін жарамды болып табылады. Сертификат білім деңгейіне сәйкес ағылшын тілін үйрену топтарына бөлу үшін және халықаралық алмасу бағдарламалары бойынша конкурсқа қатысу үшін жарамды болып табылады.

Создано 10.03.2016

Обновлено 15.03.2018