Факультет туралы ақпарат

Ақпараттық технологиялар және экономика факультеті

Ақпараттық технологиялар және экономика факультеті

Факультетте қызмет атқаратын жоғары білікті оқытушылардың 50 % - ғылым кандидаттары мен ғылым докторлары. Факультеттің 2 кафедрасында мемлекеттік білім беру гранты мен келісімшарт негізінде бакалавриат бойынша 11, магистратура бойынша 1 білім беру бағдарламаларына дайындық жүргізу жүзеге асады.

Бүгінгі таңда факультетте 2 кафедра бар:

  • Дене шынықтыру және биология(бакалавриат білім беру бағдарламалары: 5В070100 «Биотехнология», 5В010800 «Дене шықтыру және спорт», 5В010400 «Бастапқы әскери даярлық»)
  • Информатика және математика(бакалавриат білім беру бағдарламалары: 5В060200 «Информатика», 5В073200 «Стандарттау, сертификаттау және метрология», 5В070400 «Есептеуіш техника және программалық қамту», 5В042100 «Дизайн», 5В070300 «Ақппараттық жүйелер», 5В072900 «Құрылыс», 5В071800 «Электроэнергетикасы», 5В090100 «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру», магистратура білім беру бағдарламасы 6М060200 «Информатика»)

Факультетте Қазақстан және ТМД елдерінің университеттері және ғылыми орталықтармен тығыз ғылыми байланыс орнаған. Атап өтсек: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Томск мемлекеттік университеті және басқалар. 2013 жылы 8 қантарда «Дене шынықтыру және биология» кафедрасының 3 оқытушысы ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша Хьюстон (США) қаласында іс сапармен болып, Техасс Университетінің молекулярлық және жасушалық онкология департаментіне қарасты М.Д. Андерсон атындағы рак ауруының орталығымен ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша бірлескен келісім шарт жасасты.

Факультет қала орталығындағы үш қабатты ғимаратта орналасқан. Қазіргі заманға сай оқу-материалдық базасы бар.

Факультетте жоғары деңгейдегі құралдармен жабдықталған 3 ашық оқу- қолданбалы: клеткалық биотехнология, тамақ биотехнологиясы, органикалық және биоорганикалық химия лабораториялары бар. Бұл лабораторияларда оқу үрдісімен қатар, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге барлық мүмкіндіктер жасалған.

Соңғы екі жылда факультет оқытушылары ҚР білім және ғылым министрлігінің 2 грантын жеңіп алды.«Туберкулезге қарсы өндірістегі сүтқышқылды өнімдерінің ғылыми-практикалық негізін жетілдіру және зерттеу», «Таратып сақтау технологияларыныңбазасында ең сенімді ақпараттарды сақтау жүйесінің инновациялық прототипі» және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасысының қоры бойынша «Семей өңіріндегі тұщы және тұзды суларының биоэкологиялық жағдайын зерттеу» тақырыбына сәйкес бір грант ұтып алынды.

Студенттер қажетінше жайлы жатақханалармен қамтамасыз етілген. Факультет студенттері болашақ мамандықтарын терең меңгеріп, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысу үшін және бос уақыттарын тиімді пайдалану үшін тамаша мүмкіндіктерге қол жеткізе алады.

Рисунок2

Дәрісханалар мен зертханалар қазіргі заманға сай техникалық құралдармен жабдықталған.

Факультеттің студенттері университеттің спорттық жетістіктеріне өз үлестерін қосуда.

Bassein

Денсаулықтарын бірқалыпты сақтау үшін тренажерлық залдар ашылған.

Spot Zal

Факультеттің ақпараттандыру орталығы үнемі университет бойынша электронды байланысқа түсіп, Интернетке шығып отырады. Дәрісханалық сабақтар мен студенттердің өздік жұмыстарына даярлықтары қазіргі компьютерлік технологиялар мен бағдарламалар арқылы жүзеге асады. Факультетте әрқайсысы 16 компьютермен жабдықталған 11 компьютер сыныбы және 2 әдістемелік кабинет  бар.

Студенттер қалаулары бойынша үстел теннисі, волейбол, футбол, Кудо секцияларына қатыса алады.

Факультетте 4 мамандық бойынша 5В050600-Экономика, 5В050800-Есеп және аудит, 5В050900-Қаржы, 5В051000-Мемлекеттік және жергілікті басқару, сонымен қатар 2 мамандық бойынша 6М050600-Экономика, 6М050900-Қаржы магистратурада мамандар даярлайды.

Факультеттің миссиясы – Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа интеграциялау шарттарында қызмет істеуге қабілетті  экономика, есеп және аудит, қаржы, мемелкеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша бәсекеге қабілетті мамандарды кешенді дайындау.

Факультет құрамына «Экономика и менеджмент» және  «Қаржы және есеп» кафедралары,  факультет Кеңесі,факультеттің ғылыми әдістемелік кеңесі. Факультетте 4 ғылыми үйірме жұмыс жасайды: «Қаржыгер», «Бухгалтер», «Жас басқарушы», «Экономист».

Факультеттің Профессорлық-оқытушылық құрамы студенттердің ҒІЖ және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Қаржы экономикалық факультет төмендегі университеттермен серіктестік орнатқан:

  • Өзбекстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік және қоғамдық құрылыс Академиясының Бизнестің Жоғары мектебі (Ынтымақтастық туралы келісімшарт)
  • Алтай мемлекеттік университеті (Ынтымақтастық туралы келісімшарт)
  • ЖКБ ФМББМ Алтай мемлекеттік университеті (Оқу тәжірибесін ұйымдастыру туралы келісім-шарт)
  • ЖКБ АКЕҰ «Алтай экономика және құқық академиясы» (Өзара ынтымақтастық туралы Келісімшартқа қосымша Келісім)
  • Экономика және менеджмент университеті (Ынтымақтастық туралы келісімшарт)
  • ЖКБ ҒБМ «Батыс Сібір Қаржы және Құқық Институты» (Ынтымақтастық туралы келісімшарт)
  • ЖКБ Мемлекеттік автономды білім беру мекемесі «Мәскеу мемлекеттік облыстық әлеуметтік-гуманитарлық институты»  (Ынтымақтастық туралы келісімшарт)
  • ЖКБ ҒБМ «Сібір қаржы және банк ісі академиясы» (Ынтымақтастық туралы келісімшарт)
  • ЖКБ ФМББМ «РФ үкіметінің жанындағы Қаржы университеті», Барнаул филиалы (Ынтымақтастық туралы келісімшарт)
  • ЖКБ ФМББМ «Новосібір мемлекеттік экономика және басқару университеті» (Ынтымақтастық туралы келісімшарт)
  • Чехия Диқаншылық Университеті(экономика және менеджмент факультеті) Тағылымдама өткізу туралы Келісімшарт
  • ЖКБ ФМБМ Т.Ф.Горбачев атындағы Кузбасс мемлекеттік техникалық университеті » (Ынтымақтастық туралы келісімшарт)
  • ЖБ ҒБМ Мәскеу технологиялық институты (Ынтымақтастық туралы келісім)
  • Балтық туризм және кәсіпкерлік академиясы, Санкт-Петербург қаласы (Білім беру қызметтері саласындағы ынтымақтастық туралы Келісімшарт)
  • Алтай экономика және құқық академиясының экономикалық факультеті (Оқу тәжірибесін ұйымдастыру туралы Келісімшартқа қосымша Келісім (5В050900 Қаржы мамандығы бойынша))
  • ЖКБ ФМББМ «РФ үкіметінің жанындағы Қаржы университеті», Барнаул филиалы (Оқу тәжірибесін ұйымдастыру туралы Келісімшартқа қосымша Келісім (5В050900 Қаржы мамандығы бойынша))
  • Шығыс Жерорта теңізі университеті, Фамагуста қ,Солтүстік КИПР
  • Помуккалия Университеті, Дениз қ., Туркия
  • Кадир хас Университеті, Стамбул қ., Туркия
  • Мемлекеттік ауылшаруашылық Академиясы, Иркутск қ., РФ
  • Одесса ұлттық экономикалық университеті, Одесса қ., Украина
  • Оңтүстік-батыс университеті Курск қ., РФ
  • Верхнесилезский экономический университет им. В. Корфант атындағы Жоғары силез экономикалық университеті. Катовице қ., Польша
  • К. Орхитский атындағы София университеті, София қ., Польша

Мекен жайы: Семей қ., Абай көшесі, 107 (2 корпус)

Тел.: 56-44-89, қосымша 108

 

Создано 14.03.2016

Обновлено 12.02.2020