Информатика және математика кафедрасы

images

 

Кафедра меңгерушісі: Курманбаев Ербол Асылханович

 Каф.меңгерушісінің ғылыми дәрежесі : физика-математика ғылымдарының кандидаты

Кәсіби біліктілігін арттыру туралы куәліктер мен сертификаттар: "Деректер қорын бағдарламалау" біліктілігін арттыру курсы, Горбачев атындағы Кузбасс мемлекеттік техникалық университеті, 27 Ақпан 2016 ж.

 

 

 

Кафедра меңгерушісінің жарияланымдары:

  • "Ғылым және білім-Қазіргі қоғам дамуының маңызды факторы" атты Халықаралық ғылыми - практикалық конференция материалдары.Тақырыбы: "Оқытушының әдістемелік қызметі заманауи зерттеу мәні, мазмұны, деңгейі" Қарағанды 2014
  • "Ғылым және білім-Қазіргі қоғам дамуының маңызды факторы" атты Халықаралық ғылыми - практикалық конференция материалдары.Тақырыбы: "Педагог мамандарды даярлауда ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыру" Қарағанды 2014
  • Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары "Функциялар теориясы, Функционалдық талдау және олардың қосымшалары", "Мұнай өндіру есептерін шешу үшін MAPREDUCE HADOOP технологиясын қолдану" Семей 3-5 қазан 2013
  • «Ақпараттық менеджмент» пәнінен зертханалық жұмыстарды орнауға арналған әдістемелік нұсқаулық Семей 2014ж.

 Кафедраның мекен-жайы: Абай көшесі, 107, № 2 ғимарат, № 214 кабинет.

Телефон: 8 (7222) 56-44-89
E-mail: kafedraim@mail.ru
Қабылдау күні: Дс - Жм
Қабылдау уақыты: 9:00 - 18:00

 

КАФЕДРА ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ АҚПАРАТ

Университет миссиясына сәйкес кафедра Қазақстан Республикасы және Шығыс Қазақстан облысының экономикасын дамытуға, нарық талабына сай үлес қосатын білікті маман даярлайды.

Білім саласындағы сапаны жетілдіру мақсатында кафедраның ОПҚ білім беру бағдарламасының арнаулы аккредиттеуден өтуге ұмтылуда.

Кафедраның қызметі университетте енгізілген сапа менеджмент жүйесінің мақсаттарына сәйкес келеді, сапа саласындағы саясатына сәйкес құрылған.

Кафедра ОӘК-ң ғылыми-зерттеу қызметі әртүрлі болып табылады: әр түрлі деңгейдегі ғылыми конференцияларға қатысу, ғылыми жобалар, мақалалар, оқу-әдістемелік құралдар, оқулықтар, монографиялар мен студенттердің үйірме жұмыстарына ғылыми жетекшілік ету.

Кафедраның ОПҚ ғылыми-зерттеу  тақырыптары:

- Ақпараттық технологияларды дамытудың  қазіргі мәселелері мен мүмкіндіктері;

- Азық-түлік өнеркәсібі саласындағы стандарттаудың өзекті мәселелері;

- Қалалар мен ауылдық жерлерде энергияны үнемдеу технологияларын енгізу.

Сонымен қатар, кафедра мүшелерімен жекелей мамандықтарға бейімделген ПОӘК жинақтары электронды түрде дайындалды. Электронды кешен студенттердің өздігінен білім алуына, сондай-ақ оқу үрдісі сапасының артуына тиімді ықпал етеді.

Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысы ерекше назарда; онда кредиттік технологиялар бойынша силлабустар мен жұмыс жоспарларын құру әдіс-тәсілдері, оқу үрдісінде жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану әдістері және тағы басқа білім беру саласындағы өзекті мәселелер қарастырылады.

Кафедра оқытушылары жаңа оқыту әдістемелерін және қазіргі педагогикалық технологияларды меңгеруде.

Кафедрада оқытылатын пәндердің ерекшеліктеріне байланысты сабақ барысында аралас бақылаулар, презентациялар, дискуссиялар, тренингтер, дөңгелек столдар, кейс-стадиялар, баяндамалар, және де әртүрлі педагогикалық әдіс-тәсілдер пайдаланылады.

Кафедрада Болгария,Польша, Ресей және Қазақстанның озық ғылыми орталықтарымен байланыс жолға қойылған. Атап айтқанда София техникалық университеті, Қаржы және басқару жоғары мектебі,Томск мемлекеттік университеті; Алтай мемлекеттік педагогикалық универститеті; Горбачев атындағы  Кузбас мемлекеттік техникалық университеті; Гумилев атындағы ұлттық Евразиялық университеті; Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік универститеті және т.б.

2018 жылғы 25 сәуірдегі өзара ынтымақтастық туралы шартқа сәйкес Қазақ инновациялық гуманитарлық - заң университеті Семей қаласының мемлекеттік медицина университетімен бірлескен білім беру бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті:

5В070300 "Ақпараттық жүйелер" мамандығы бойынша "Ақпараттық жүйелер. Денсаулық сақтаудағы IT" интеграцияланған білім беру бағдарламасы бойынша жоғары білім алу үшін білім беру қызметін жүзеге асыру бойынша бірлескен бағдарлама.

Кафедрада оқу үрдісінде қолданылатын 17 оқу аудиториясымен (16 компьютерден тұратын 10 компьютерлік сыныптар және интерактивті тақтамен жабдықталған 1 оқу-әдістемелік кабинет, 1 физика пәні және 1 «Электро энергеткасы» мамандығы бойынша зертхана ) қамтылған.

Компьютерлік сыныптарда оқу үрдісін жетілдіретін қазіргі заманауи бағдарламалармен жабдықталған. Сондай-ақ компьютерлік сыныптарда жергілікті компьютерлік желі және Internet желісі орнатылған.           Оқу-әдістемелік кабинетте оқу үрдісінде тиімді қолданылатын видеосабақтар, презентациялар, мультимедиалық оқыту программалары, көптеген электронды оқулықтар жинақталған.

Кафедра мамандықтарының студенттері жыл сайын ғылыми – зерттеу жұмыстарына қатысады: аймақтық, ЖОО аралық республикалық конференцияларда, кафедра оқытушыларының басқарылуымен үйірмелерде және ғылыми жобалармен жұмыс жасайды.

Студенттер әртүрлі формадағы тәрбие жұмыстарына қатысады: кураторлық сағаттарда, көркемөнерпаздар көрсетілімдерінде, КТК, дебатта, қоғамдық жастар ұйымдарында және т.б., әлеуметтік белсенділікпен және шығармашылық қабілетпен ерекшеленеді. Кафедрада тәрбие жұмыстары белсенді түрде жүргізіледі: мемлекеттік бағдарламалармен танысу, кураторлық сағаттар, мерекелік іс-шаралар, кездесулер және дөңгелек үстелдер.

Оқу үрдісінде оқу және өндірістік іс-тәжірибесінен өту ұйымдастырылады. Студенттердің іс-тәжірибеден өтуі жеке мекемелердің  университетпен арнайы келісім-шартқа отыруы арқылы жүзеге асырылады. Іс-тәжірибе базалары ретінде«U-FUTURE» ЖШС, Ustudy аймақтық тест орталығының Семей қаласындағы филиалы, «Семей медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғам, «Бизнес және сервис колледжі» КМҚК, «Innovative college», «Семей Транс телеком» АҚ, «Сonsultservice» ЖШС, Семей қаласының Дүйcенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі, «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК, Семей қаласындағы филиалы, «Қалиханұлы» ЖК, «Айша» сүт цехы, Семей қаласы, «Партнер ЭНЕРГО LTD» ЖШС, «ШҚ АЭК» АҚ, «Электротехникалық колледж» КМҚК, «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы «KEGOC» АҚ, ШҚО, ИП «АХМЕТЖАНОВА», КТЖ Express,  «Құрылыс колледжі» КМҚК  болып табылады.

Студенттер өндірістік іс-тәжірибеден жеке келісім-шарттар жасап, мекемелерден өту мүмкіндіктері бар.

 

Кафедраның жеткеші мамандары:

Е.А.  Курманбаев Ақпараттық-техникалық  ғылымдары кафедрасының меңгерушісі, физика- математика ғылымдарының кандидаты
К.Т.  Уразбаева Физика- математика ғылымдарының кандидаты, доцент, аға оқытушы
Л.Е.  Гайнова Физика- математика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы
А.Ж. Карипжанова Ақпараттық технологиялар және экономика факультетінің деканы, аға оқытушы
Ж.Ж. Кайсанова Ақпараттық технологиялар және экономика факультет деканының  орынбасары, жаратылыстану ғылымдарының магистры, аға оқытушы
Б.С. Кудайбергенова Жаратылыстану ғылымдарының магистры, аға оқытушы
Г.Ж. Мукашева Жаратылыстану ғылымдарының магистры, аға оқытушы
А.Т. Сағадиева Жаратылыстану ғылымдарының магистры,оқытушы
Б.С. Смаканов Техника ғылымдарының магистрі, оқытушы
А.Е. Еркінбек Жаратылыстану ғылымдарының магистры, аға оқытушы
И.Х. Кувантаев Техника ғылымдарының магистрі,  аға оқытушы
Ж.Е. Бейсебаева Жаратылыстану ғылымдарының магистры, оқытушы
М.Б. Чабжанова Жаратылыстану ғылымдарының магистры, оқытушы
Р.Б. Кудайбергенова Жаратылыстану ғылымдарының магистры, оқытушы

 

Кафедраның білім беру бағдарламалары:

6В06122 «Информатика»
6В06122 «Информатика» техника және технология бакалаврын дайындау білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты: информатика, ақпараттық технологиялар, аймақтық және ғаламдық ақпараттық тораптары және интернет-технологиялар саласында білікті маман даярлау. Сонымен қатар: компьютерлік технологиялар әдістерін қолданатын салаларда ғылыми зерттеулерді орындауға даярлау; пайдаланушылардың сұранымын, пәндік салалардың модельдерін және техникалық құралдардың мүмкіндіктерін талдаудың негізінде кәсіптік қызметтің объектілерінің жеке компоненттерінің талаптарын және ерекшеліктерін дайындауды меңгерту;белгіленген уақытта белгілі сапамен кәсіптік қызметтің нысандарын дайындаудың үрдісін ұйымдастыру бойынша дағдыларын қалыптастыру.

6В06124 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру»
5В070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру» бакалавры Инновациялық технологиялар саласында толыққанды, сапалы кәсіби білім алу, әртүрлі нәтижеге бағытталған арнайы бағдарламаларды құру негізінде оқыту процесінің деңгейі мен сапасын кезең-кезеңімен арттыру болып табылады.

6В06123 «Денсаулық сақтаудағы IT»
6В06123 «Денсаулық сақтаудағы IT» бакалавры Заманауи талаптарға жауап беретін, ІТ-технологиялар мен денсаулық сақтау саласында пайдаланатын автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді жобалайтын, құрастыратын тәжрибелік дағдылары мен көшбасшылық қасиеттері бар жоғары білімді мамандарды дайындау.

6В07527 «Стандарттау, сертификаттау және метрология»
6В07527 «Стандарттау, сертификаттау және метрология» бакалавры, Нормалардың орындалуын бақылау және тарату, өнімдерге талаптар мен ережелер, процестер және жүйелерді құру, олардың өнімдері, өндірістері, қолданулары, өнімдердің және қызмет көрсетулердің қауіпсіздіктері, өндірушілер мен тұтынушылар үшін биік экономикалық тиімділік бойынша білім алу болып табылады.

6В02111 «Графический дизайн»
6В02111 «Графический дизайн» бакалавры жоғары кәсіби базалық білім алған мамандар сәулет ортасының фрагменттерін, экспозицияларды, интерьерлерді, визуалды коммуникацияларды, жарнамаларды, өнеркәсіптік және тұрмыстық мақсаттағы заттарды жобалау саласында шығармашылық және көркем жұмыстарды орындау үшін дайындалады.

6В07326 «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс»
6В07326 «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» бакалавры Қазіргі заманғы менеджмент әдістері, инновациялық технологияларды енгізу негізінде құрылысты басқаруды қоса алғанда, құрылыс жұмыстарының технологиясы саласында; нарықтық экономика жағдайында маркетинг тәсілдері мен кәсіпкерлік қызмет негіздерін пайдалана отырып, құрылыс фирмаларының жұмыстарын тиімді ұйымдастыру саласы болып табылады.

6В07125 «Электр энергетикасы»
6В07125 «Электр энергетикасы» бакалавры Электр энергиясын өндіру, тасымалдау, тарату және тұтыну үшін жағдайлар жасауға бағытталған адамзат қызметінің технологиялары, құралдары мен әдістерін қамтитын ғылым мен техника саласы болып табылады.

6В11329 «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру»
6В11329 «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» бакалавры Көлік қозғалысын ұйымдастыру мәселелерін шешуге бағытталған адамзат қызметінің әдістері мен тәсілдерін, құралдарын қамтитын материалды өндіріс саласында қызмет ету, көлік құралдары қозғалысын жобалау және модельдеу, қазіргі заманғы маркетинг пен менеджмент негізінде пайдалану жұмыстарының ұйымдастырушылық заңдылықтары мен процесстерін зерттеу, логистика принциптерінің негізінде көлік түрлерінің өзара әсері мен тасымалдау процесстерін жетілдіру, және де нарықтық экономика жағдайында көлікті пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған зерттеу жұмыстары үшін дайындалады.

Сонымен қатар, 7М06110 «Информатика» білім беру бағдарламасы бойынша магистратурада және 8D06110 докторантурада мемлекеттік және орыс тілінде оқыту жүргізіледі.

Ақпараттық-техникалық ғылымдары кафедрасының профессорлық –оқытушылық құрамы жаңа  студенттерді оқыту және шығармашылық бастауының бірлескен қызметтерімен қуана қабылдайды.

Кафедра лаборанты

Кабдрашитова Назерке Берікқызы

Мекен-жайы: Абай көшесі, 107, корпус №2, кабинет № 214.

Телефон: 8-771-981-43-33

e-mail: naz_98erke@mail.ru

Создано 14.03.2016

Обновлено 23.01.2020