Факультет туралы ақпарат

Факультет туралы ақпарат


ҚазИГЗУ заң факультетінде оқыған беделді. Ол – сапалы кәсіби дайындықтың кепілі.

Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетінің заң факультеті аймақ бойынша ғана емес Республика бойынша жоғары дәрежелі заң кадрларды дайындайды.

1998 жылдан бастап факультет Қазақ мемлекеттік заң университетінің құрылымдық бөлігі ретінде қызмет атқарды. Бұл университет 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясы, 2002 жылы Қазақ гуманитарлық заң университеті болып қайта құрылды.

2007 жылдан бері заң факультеті ҚазИГЗУ 3 факультетінің бірі болып табылады.

Қазақ мемлекеттік заң университетінің құрылымдық бөлігі ретінде заң факультетінің қызметі 9 жыл бойы өз жемісін беріп келеді.

Заңгерлердің жоғары дәрежеде дайындығын жоғары білікті оқытушылар қамтамасыз етеді.

Заң факультеті 3 кафедрадан тұрады: қылмыстық-құқықтық пәндер, азаматтық-құқықтық пәндер, мемлекеттік-құқықтық пәндер.

Сот отырысы залы; Интернет жүйесіне қосылған компьютерлік сынып; бейнеаппараты, фотозертханасы, компьютерлік техникасы бар криминалистикалық зертхана; сот сараптамалық зертханасы оқу үрдісі кезінде ұтымды пайдаланылады.

Факультет әкімшілігі студенттердің шығармашылық потенциалы үшін барлық жағдайлар жасалған.Факультеттің барлық кафедраларында студанттік ғылыми үйірмелер жұмыс істейді. Факультет студенттері факультетте жыл сайын өткізілетін ғылыми-практикалық конференцияларға, Республикалық және аймақтық конференцияларға, олимпиадаларға, сайыстарға белсенді қатысады.

Біздің студенттер сабағын жақсы оқып қана қоймай, қызыққа толы студенттік өмірге араласады. Олар студенттік өзін-өзі басқаруды жетілдіреді, КВН қатысады, университеттің спорттық шараларына қатысады, мейрамдық концерттер мен қайырымдылық акцияларын ұйымдастырады.

Заң факультетінде жас заңгерлер достастығы, халыққа тегін кеңес беретін заң клиникасы бар.

Факультет 20 жылда 11 мыңнан астам заңгер дайындады. Олар еңбек нарығында талап етілген. Орталық пен жергілікті билік органдарында, құқық қорғау органдарында және де көптеген фирмалар мен компанияларда, сонымен қатар шетелде де сәтті жұмыс істеп жүр.

Халықаралық ғылыми атақ пен дәрежені мойындату үшін, оқытушылар мен студенттердің академиялық белсенділігін қамтамасыз ету үшін үшінші дәрежелі оқу жүйесіне ауысу жүзеге асырылған(бакалавриат – магистратура - докторантура).

ҚР Білім және ғылым Министрлігінің Бұйрығымен 2008-2009 оқу жылдарынан бастап университетте 6N0301 Құқықтану мамандығы бойынша магистратура ашылды.

2010-2011 оқу жылдары - 6D030100 Құқықтану мамандығы бойынша докторантура PhD

Бакалавриат мамандығы бойынша оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.

• 5В030100 – Құқықтану

• 5В030300 – Құқық қорғау қызметі

Магистратура мамандығы бойынша:

6N0301 – Құқықтану

Ph докторантура

6D030100 Құқықтану

5В030100-Құқықтану мамандығы бойынша

Кәсіби қызмет саласында:

Құқықтық салада туындайтын жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға кепілдік беру, қорғау, қамтамасыз ету.

Кәсіби қызметтің нысаны:

- құқық қорғау органдары;

- Мемлекеттік билік пен мемлекеттік басқарудың сот, атқарушы және өкілетті органдары;

- Мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпкерлік;

- адвокатура;

- банктер;

- сақтандыру және аудиторлық компаниялары

Кәсіби қызметтің түрлері:

5В030100 Құқықтану мамандығы бойынша құқық бакалавры – келесі кәсіби қызметтің түрлерін орындай алады:

- мемлекеттік органдар мен мекемелердің ұйымдық-басқарушылық қызметі;

- ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, қаржы полициясы, прокуратура органдары және сот мекемелерінің құқық қорғау қызметі;

- орта арнайы оқу орындарының білім беру немесе педагогикалық қызметі.

Кәсіби қызметтің типтік міндеттері:

- адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының тиімділігін жоғарылату;

- кәсіби қызметті қорғау және қолдау;

- құқықбұзушылықтың алдын алу;

- адам және азаматтың құқығын қорғау.

5В030300 Құқық қорғау қызметі мамандығы

Кәсіби қызмет саласында:

Құқық қорғау қызметі құқықбұзушының алдын алу, ашу және тергеуге, құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етуге, қылмыстылықпен қүресуге бағытталған.

Кәсіби қызметтің нысаны:

Түлектердің кәсіби қызметінің нысанына құқық қорғау және сот органдары, жалпы білім беретін және орта кәсіптік білім беретін оқу орындары жатады.

Кәсіби қызметтің түрлері:

5В030300 Құқық қорғау қызметі мамандығы бойынша келесі кәсіби қызметті орындай алады.

- құқық қолдану тәжірибесінің нақты түрлерімен: тергеу, тергеу-криминалистикалық, тергеу-экономикалық, жедел-іздестіру, жедел-экономикалық, жедел-криминалистикалық, әкімшілік-құқықтық, қылмыстық атқарушылық, адвокаттық, сарапшылық, нотариалдық.

- жалпы білім беретін және орта кәсіби білім беретін оқу орындарында педагогикалық қызмет;

Кәсіби қызметтің типтік міндеттері:

- адам және азаматтың құқығын қорғау;

- кәсіпкерлікті қорғау және қолдау;

- құқықбұзушылықтың алдын алу;

- заңдылық пен құқықтық тәртіпті бекіту.

Магистратура

6N0301 – Құқықтану мамандығы бойынша

Магистратура мамандығында 2 бағыт бойынша оқытылады.

- профильдік;

- ғылыми-педагогикалық.

6N031 Құқықтану мамандығы бойынша түлектерге «құқықтану магистрі» академиялық дәрежесі беріледі.

Магистратура түлектерінің кәсіби қызметінің нысандары:

Профильдік дайындық бойынша – мемлекеттік биліктің сот органдары, атқарушы, өкілетті, құқық қорғау органдары, адвокатура, банктер, сақтандыру және аудиторлық компаниялар, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар.

Ғылыми-педагогикалық дайындық бойынша – жоғарыда аталған нысандар, сонымен қатар ғылыми-зерттеу ұйымдары, жоғарғы оқу орындары.

Құқықтану магистрі келесі қызметтерді атқара алады:

- тергеуші және аға тергеуші, прокурор, сот, инспектор, сот орындаушысы;

- адвокат пен заң кеңес жетекшісі;

- нотариус;

- сарапшы;

- мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар мекемелердің кадрлық бөлімінде құқықтық және ұйымдастырушылық-аналитикалық жетекші және маман;

- мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда заңгер.

Ғылыми-педагогикалық дайындық бойынша:

- мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарында ғылыми қызметші, ғылыми-зерттеу институттарында жетекші маман.

- жоғарғы оқу орындарында оқытушы және аға оқытушы.

Кәсіби қызметтің түрлері:

6N031 Құқықтану мамандығы бойынша магистратура түлектері келесі қызмет түрлерін орындай алады: әкімшілік-басқармашылық, сараптама-кеңестік, заңдық, ұйымдық-басқармашылық, сонымен қатар ғылыми-педагогикалық дайындық бойынша – ұйымдық-әдістемелік қызмет.

Оқу мерзімі

Магистратураның білім беру бағдарламасы негізінде игеруі бойынша нормативтуік ұзақтылығы бағыт пен дайындыққа негізделуі бойынша: профильдік – 1 жыл, ғылыми-педагогикалық – 2 жыл.

Магистрлық бағдарламаның білімімен түлектер доқторантураға оқуға түсе алады.

Магистратураға қабылдау ҚР магистратураға қабылдау туралы ережесіне сәйкес емтихан қорытындысы бойынша конкурс негізінде жүзеге асырылады.

6D030100 Құқықтану PhD докторантура мамандығы бойынша

Ғылыми-педагогикалық кадрлардың дайындығын жақсарту мақсатында, 2010 жылдан Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде заң факультетінің базасында ғылыми-педагогикалық кадрларды жоғарғы дәрежелі «доктор PhD» дайындауды, сонымен қатар ҚР жоғарғы оқу орнынан кейінгі білімді модернизациялау жүзеге асырылады.

КазГЮИУ PhD докторантурасы, ғылыми-педагогикалық бағыты бойынша докторанттардың дайындығын қамтамасыз етеді. Оқу мерзімі – 3 жыл.

PhD докторантурада 2 жылдық оқу барысында докторанттар теориялық оқу және ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысады. Әр семестр соңында олар аралық аттестация тапсыруға және диссертациялық зерттеу шеңберінде ғылыми-зерттеу жұмысы жөнінде есеп беруге міндетті. Үшінші оқу жылында олар диссертациялық жұмысты жазу мен қорғауға дайындалумен айналысады. Әр PhD докторанттың отандық және шетелдік ғылыми жетекшілері болады.

2010 жылы 6D030100 PhD докторантура құқықтану мамандығы бойынша 12 докторант оқуға қабылдады. Докторанттардың диссертациялық жұмысының жетекшілері штаттық заң ғылымдарының докторы және заң ғылымдарының кандидаттары болып табылады.

Создано 14.03.2016

Обновлено 12.02.2020