Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасы

Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасы

Ержан Кенесович

Кафедра меңгерушісі: Утебаев Ержан Кенесович

Каф.меңгерушісінің ғылыми/академиялық дәрежесі Заң ғылымдарының кандидаты, ҚазИГЗУ профессоры

Каф.меңгерушісінің ғылыми қызығушылықтары Экономикалық қылмыстарды тергеу әдісі – Семей 2003 ж.; Заңсыз кәсіпкерлік, жалған кәсіпкерлік және жалған банкроттықпен байланысты экономикалық қызметаясындағы қылмыстарды тергеу әдістері – Астана, 2005ж.; Экономика аясындағы қылмыстарды анықтауда қылмыстық іс жүргізу нысандарын жетілдіру – Алматы, 2007ж.; Криминалистика: Пәннің оқу әдістемелік кешені– Алматы, 2008ж.; ҚР Қылмыстық құқығы (жалпы және ерекше бөлім): ПОӘК; Криминалистика: «5В030100-Құқықтану» және «5В030300-Құқық қорғау қызметі» мамандықтарына арналған ПОӘК Семей 2012ж. және т.б.

Оқу құралдары басылып шығарылды ҚР Қылмыстық құқығы (жалпы және ерекше бөлім), Криминалистика, Ауыр қылмыс түрлерін тергеу, Қылмыстарды саралау негіздері. Мемлекеттік тілде: Криминология, Қылмыстық құқық және Сот экспертологиясы. - Семей 2016 жыл.

Кафедра мен  ПОҚ-ның жеке және кәсіби жетістіктері: Жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық кадрлары кәсіби білім беруді жетілдіру және кәсіпорындар, ұйымдар мен органдардың ұжымдық мүддесіне сәйкес теориялық білімін жоғары дәрежеде қолдана білетін бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға бағытталған ҚР Президентінің ұсыныстары мен мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.

ҚҚП кафедрасында келесідей оқу пәндері бекітілген: ҚР Қылмыстық құқығы (жалпы және ерекше бөлім); ҚР Қылмыстық-атқару құқығы; Криминология; ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы (жалпы және ерекше бөлім); Криминалистика; Жедел-іздестіру қызметінің теориясы; Сот сараптамасы; Прокурорлық қадағалау, Сот медицинасы; Сот психиатриясы және және қылмыстық іс-жүргізу органдарымен қылмыс субъектілеріне қылмыстық қудалауға қатысты және қылмыстылықпен күрес жүргізуге қатысты мәселелер бойынша мамандандырылған курстар. Қылмыстық құқық пәндер кафедрасында күндізгі және кешкі оқу нысандарына 12 жаңа арнайы курстар құрастырылып және оқу процесіне енгізілді (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы және ұйымдасқан қылмыстылықпен күрестің қылмыстық-құқықтық және криминологиялық мәселелері, нашақорлықпен, іс жүргізу құжаттарын құрастыру пратикумы, криминалистикадан практикум, сот дәлелдемелер теориясы, жекелеген қылмыс түрлері және басқа да  қылмыстарды тергеу мен ашу әдістемесі). Аудиторлық сабақтарды өткізу білім берудің дәстүрлі әдістері мен инновациялық формаларға сәйкес келеді, мысалы, бейне-жазба материалдар, бейнежазбалар, сот отырыстарына қатысу, бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны орындау мекемелеріне бару тәжірибесі. Аталған тәжірибе өз кезегінде студенттердің болашақ заңгердің кәсіби білімі мен дағдысына ие болу үшін жеке дайындықты ұштау қажеттігі туралы құқықтық сананы қалыптастыруға септігін тигізеді. Бұл сот отырыстарын өткізу кезінде рөлдік ойындар ойнату, сотқа дейінгі қылмыстық істерді тергеу бойынша оқу тергеу әрекеттерін жүргізу арқылы ұштала түседі. Сонымен қатар студенттер көрнекілік оқу процесіне белсенді қатысады.

Қылмыстық құқықтық пәндер кафедрасы жанында қылмыстық істерді тергеуде тергеуші немесе анықтаушының қызметіне мейлінше жақындатылған студенттердің тәжірибелік қабілеттіліктері мен білімдерін жұмыста қолдана білу мақсатында криминалистикалық полигон, криминалистикалық техника кабинеті, сот сараптама лабораториясы және криминалистикалық лабораория ашылған.

ПОҚ және кафедраның қоғамдық  қызметіне қатысу 2008 жылдан бастап Утебаев Е.К. және ПОҚ ҚР ІІМ ҚР ШҚО қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мекемесі бойынша Еуропа кеңесінің Қазақстандық халықаралық бюросының бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны орындайтын орындарда адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау бойынша қоғамдық бақылау комиссиясының мүшесі болып табылады, ГРНТИ коды 10.83: ОВ - 156/14, 156/15, 156/16 и 156/19.

2009 жылдың қыркүйек айынан бастап Утебаев Е.К. құрамында Ақтөбе қ. ҚР ІІМ Заң институты, Аламаты, Қарағанды, Қостанай қалаларының ҚР ІІМ Академиясы кіретін Астана қ. ҚР қаржы полициясының академиясы жанында құрылған «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша Республикалық ОӘК мүшесіне кіреді. 2016 жылдан бастап ҚР Бас Прокуратурасының құқық қорғау академиясының жанында «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша РОӘК.

Каф.меңгерушісі және оқытушылардың марапаттары, премиялары

1. Утебаев Е.К. – (Durham Университеті, Ұлыбритания) «Адамның халықаралық құқықығы» тақырыбына Джеймс Суиннің дәрісіне қатысқаны туралы сертификат 28 қараша – 2 желтоқсан 2011 жыл;

2. Сабитов С.М. – (Рэдинг Университеті, Ұлыбритания) «Заманауи жоғары білім беру саласындағы кәсібилік» тақырыбында тәжірибе сабақтарына қатысқаны туралы сертификат  4-5 наурыз 2011 жыл;

3. Каражанов М.Д. 30 желтоқсан 2014 жылы «ЖОО Ең үздік оқытушысы» атағына ие болды;

4. Утебаев Е.К. – ҚР БҒМ-нің құрмет грамотасы  сәуір 2014ж.

Кафедра мекен-жайы және кабинет нөмірі Кафедра №1 корпуста ШҚО Семей қ. Абай – 94 көшесінде орналасқан. №9 Кабинет

Кафедраның Тел/факсі тел.: 8 (722 2) 567358 (ішкі. № 35)

Кафедралық Е-mail updkazguiu@gmail.com

Қабылдау күні: Дс - Жм

Қабылдау уақыты: 9:00 - 18:00

Гульнар Назарбекова

Кафедра лаборанты

Батырова Гүлнар Назарбекқызы

Кафедра қызметі туралы жалпы ақпарат

Кафедра жанында оқытылп жатқан пәндер бойынша және сотқа дейінгі қылмыстық істерді тергеу және қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралаудың мәселелері бойынша ғылыми-студенттік үйірмелер ашылған.

Кафедра прокуратура органдарының, ішкі істер органдарының, қылмыстық-атқару жүйесінің комитеті мекемесінің, заң факультеті бар жоғары оқу орындарының қызметкерлерімен ғылыми-студенттік семинарлар өткізіп отырады.

Кафедра бакалавриат, магистратура және доктарантура мамандықтары бойынша оқу-таныстыру және оқу-өндірістік тәжірибені шарт жасасқан органдар және мекемелерде ұйымдастырады, мысалы прокуратура, сот, ІІБ, сонымен қатар студенттердің келісімі және еркі бойынша өзге де органдар мен мекемелерде, мысалы, заң бөлімдері, нотарит, адвокаттар коллегиясы, әскери прокуратура, ҚР ІІМ әскери-тергеу басқармалары, Шығыстық ҰҚКАБ, ҚР ІІМ ЦК БООП, Семипалатинск қ. көлік станциясының ІІЛБ, сонымен қатар студенттердің тұрғылықты жері бойынша ҚР басқа да облыстарында, қалаларында құқыққорғау және заң құрылымдарында өту мүмкіндігі бар.

Создано 14.03.2016

Обновлено 23.02.2019