Мемлекеттік құқықтық пәндер кафедрасы

 

Майшекина Эльдана Советовна - PhD доктор, Мемлекеттік құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік  университетінің «Құқықтану» мамандығын тәмандаған. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде 2002 жылдан 2015 жылға  дейін оқытушылық қызметін атқарды. 2010 жылы Семей  қаласындағы Қазақ гуманитарлық заң университетінде 6N030100-Құқықтану мамандығы  бойынша магистратураны  тәмәндаған. 2013 жылы жоғарыда аталған Қазақ инновациялық  гуманитарлық-заң университетінде докторантураны  үздік аяқтап, «Қазақстан Республикасында  Президент сайлауын құқықтық реттеу: ерекшеліктері және келешегі» атты тақырыпта  диссертациялық жұмысын Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде қорғады. 2015 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша PhD философия ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алды.

2015 жылдан Семей қаласының Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, доцент міндетін атқарушы лауазымын атқарды. 2015 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, 2017 жылдан бастап мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі болып қызмет істеп келеді.

2013 жылы Ұлыбритания (Англия) еліне «Дарем құқық мектебінде» ғылыми-зерттеу

тағылымнамадан өткен. Эльдана Советовна ғылыми зерттеулер бойынша ұзақ жылғы еңбегінің нәтижесінде жоғарғы оқу орнында өзін білікті ғылыми маман, зерттеуші,  іскер ұйымдастырушы ретінде көрсете білді. Білім беру саласында ғалым ретінде 3 монография, 1 оқу құралының, 50-ден астам ғылыми-зерттеу мақалалардың авторы. 2015 жылдан Семей қаласының «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық  орталықтың мүшесі, 2016 жылдан Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің  Оқу-әдістемелік Кеңесінің «Оқулықтар және оқу-әдістемелік құралдар сараптамасы»  секциясының мүшесі. 2011 жылы Астана қаласында Ұлттық тестілеу орталығында  профессор, педагогика ғылымдарының докторы В.С. Аванесовтың «Основы теории и  методики педогогических  измерений» біліктілігін арттыру курсын үздік тәмандады.

Білім және ғылымға қосқан үлесі үшін Семей қаласының  Шәкәрім атындағы  мемлекеттік университетінің ректорының алғыс хаттарымен, Қазақ инновациялық  гуманитарлық-заң университетінің ректоры Ш.А. Құрманбаеваның алғыс хатымен марапатталған.

Электронды пошта: eldana_18@mail.ru

o Кафедраның мекен-жайы: Абай к-сі 94, каб № 3.

o Тел/факс кафедры: 8 (7222) 525226, 567358

o E-mail кафедры: gospd@inbox.ru

Қабылдау күні: Бейсенбі

Қабылдау уақыты: 9:00 - 11:00

Laborant Gos PD

Мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының лаборанты

Утепова Шынар Сейпілмалікқызы

Shinar_1969@mail.ru

Кафедраның қызметі туралы мәлімет

Профессорлық-оқытушылық құрамы: бүгінгі танда мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасында ҚР Конституциялық құқығы, Рим құқығы, Мемлекет және құқық теориясы, Халықаралық жария құқығы және т.б. қамтамасыз етеді. Кафедра оқытушылары студенттердің ойлау қызметін қарқындатуға, жаңа білімдерді өзі дара іздену мүмкіншілігін жоғарлатуға, теориялық білімдерін шығармашылық қолдануға бағытталған әртүрлі оқыту әдістемелерін қолданады. Бұл мақсаттарға жету үшін оқытушылар келесідей әртүрлі оқыту әдістемелерін қолданады:шағын топтарда жұмыс жасау, «миға ауыртпалық түсіру», тақырыптарды презентациялау, оқу фильмдерін көрсету, шығармашылық есептер мен тапсырмаларды шешу. Кафедра оқытушыларымен техникалық оқыту құралдары мен интернет-ресурстарын қолданумен сабақтар өтеді: слайдтарды қолдану, онлайн-шағын дәрістер, тақырыпқа байланысты әртүрлі ситуацияларды қалпына келтіру бойынша семинарлар сабақтары өткізіледі. Кафедра оқытушылардың жетекшілігімен белсенді түрде ғылыми зерттеу, оқу және тәрбие жұмыстары жүзеге асырылады, нәтижесі ретінде университет студенттерінің халықаралық, республикалық және аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, дөңгелек үстелдер мен ғылыми семинарларға, дебаттар мен көркем-өнер көрмелерге белсенді түрде қатысу болып табылады.

Кафедрада студенттердің ғылыми үйірмелері  «Жас мемлекеттік қызметші» және «Легист» жұмыс жасауда. Оқытушылардың басшылығымен орындалған студенттердің ғылыми жұмыстары республикалық және халықаралық пәндік олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болды.

Жыл сайын жоспарға сай  кафедра бойынша  Ғылыми зерттеу жұмыстары  дөңгелек үстелде мемлекеттік органдардың өкілдері және шетелдік ғалымдардың қатысуымен өткізіп отырады.

Кафедрада оқытылатын ҚР Конституциялық құқығы, ҚР Қаржы құқығы және ҚР Әкімшілік құқығы пәндері бойынша ғылыми-студенттік үйірмелер қызмет атқарады. Кафедрада сонымен қатар өз қызметін оқу-әдістемелік семинар жүзеге асырады. Мемлекеттік құқықтық-пәндер кафедрасының оқу-әдістемелік семинарының отырыстары жоспарының даярлау кезінде жоғары оқу орны әдістемесінің жаңа, қазіргі кездегі талаптарына сай мәселелер ескеріліп отырылады, сонымен қатар  кредиттік оқыту технологиясының спецификациясы ескеріледі: «Студенттердің таным қызметін белсендендіру нысандары»; «Заңи пәндерді оқыту барысында  интерактивті оқыту әдістерін қолдану»; «Қаржы құқығы пәнің оқытуда дәріс сабықтарын өткізу ерекшеліктері»;  «Рим құқығын  оқыту әдістемесі»; «Қазіргі заманғы оқытушы біліктілігі: жетілдіру мәселелері».

Кафедра профессорлық-оқытушылық құрамы жыл сайын мемлекеттік органдарының қызметкерлерінің, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің, жұмыс берушілердің, студенттердің қатысуымен өзекті мәселелер бойынша дөңгелек үстелдер өткізеді, мысалға «Қазіргі кезеңде ҚР азаматтарының құқықтарын қорғау механизмдерін қалыптастыруының өзекті мәселелері», «Қазіргі тандағы конституциялық реформаларының өзекті мәселері» және т.б.

ҚазИГЗУ Заң факультетінің мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасы бойынша оқу-танысу және өндірістік тәжірибесін өтетін студенттер шарттарға сәйкес аталған тәжірибелерді келесі орындарда өтеді: Семей қалалық соты, Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты, Семей қаласының Әділет басқармасы, Семей көлік прокуратурасы, Семей қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, ЖШС «Мангус, ШҚО Ұржар аудандық соты, МҚК «Семей водоканал», ШҚО ІІД Семей қ. ІІБ Әкімшілік полиция бөлімі, ШҚО ӘД Семей қаласының әкімшілік айыптар мен сот шешімдерімен атқару бойынша аймақтық бөлімі, сонымен қатар Турсумбекова К.М. адвокаттық кеңсесінде өтеді.

Болашақта университет  Кеден комитетімен және Семей қаласының халыққа қызмет корсету орталығымен диплом жұмысын жазу барысында студенттерге тәжірибелік зерттеу аясын кеңейту мақсатында қосымша шарттар жасасу көзделуде.

Создано 14.03.2016

Обновлено 06.06.2019