Филология кафедрасы

Филология кафедрасы

kaz_fil

Кафедра меңгерушісі: Төлебаева Құралай Тоқтарқызы

Ғылыми дәрежесі:  филология ғылымдарының кандидаты

2009 жылы «Қалихан Алтынбаевтың әдеби мұрасы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.  1 ғылыми монографиясы, 9  оқу-әдістемелік құралы, 3 оқу құралы, 50-ден астам ғылыми  мақалалары жарық көрген.

Ғылыми жетістігі: Қазақстан Республикасы «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері. Түркия мемлекеті, Стамбұл қаласындағы, Мармара университінде  тағлымдамадан өткен. «ЖОО үздік оқытушысы - 2013» мемлекеттік грантының иегері, 2018 жылы ҚР Ғылым министрінің алғыс хатымен марапатталды.

Ғылыми жұмыстарының бағыты:  қазақ және түрік әдебиеті мәселелері

 

Сейітова Шынар Ботайқызы - филология  ғылымдарының докторы, профессор; 1999 жылы «Өсімдік атауларына байланысты қалыптасқан тұрақты тіркестердің этнолингвистикалық сипаттамасы» тақырыбындағы кандидаттық диссертациясын, 2009 жылы «Қазақ этнонимдерінің тарихи-лингвомәдени жүйесі» докторлық диссертациясын қорғады.

Ғылыми жұмысының негізгі бағыттары: қазақ тілінің лексикологиясы, этнолингвистика, лингвомәдениеттаным.

Ғылыми жобасы: «Шығыс Қазақстан онамастикалық кеңістігі-ұлттық код пен рух жаңғыруының көрінісі» (Тарбағатай, Аягөз, Үржар аудандарының топономикалық атаулары негізінде) 4 ғылыми монографиясы,  2 оқу құралы, 100-ден аса ғылыми мақалалары жарық көрген.

Ғылыми жетістіктері: Ы.Алтынсарин  атындағы төсбелгісінің иегері, «ЖОО үздік оқытушысы – 2012» мемлекеттік грантының иегері. Л.Н.Гумилев атындағы  Еуразия Ұлттық университеті жанындағы филология мамандығы бойынша диссертациялық кеңестің мүшесі.

 

Әбікенова Гүлнат Төкенқызы - филология  ғылымдарының докторы. 2005 жылы кандидаттық, 2010 жылы «Көркем мәтінтүзуші мағыналық –құрылымдық бірліктердің теориялық негіздері» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады. 3 ғылыми монографияның , 8 оқу-әдістемелік құралдың, 4 электронды оқу құралының, 100-ге жуык ғылыми мақалалардың авторы. «Қазақстан Республикасының Ғылымын дамытуға сінірген енбегі үшін» төсбелгісінің иегері. «ЖОО үздік оқытушысы – 2014» мемлекеттік грантының иегері.

Ғылыми жұмысының негізгі бағыттары: мәтін лингвистикасы, когнитивтік лингвистика.

 

 

 

Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы - филология  ғылымдарының кандидаты. 2 ғылыми монографияның, 6 оқу әдістемелік құралдың, 6 электронды оқу құралының, 60-тан астам ғылыми мақалалардың авторы.  2015 жылдың  «Үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері, 2015 жылғы ҚазИГЗУ үздік ғалымы.

Ғылыми жұмысының негізгі бағыттары: қазақ тілінің стилистикасы, когнитивтік лингвистика.

 

 

 

 

 

Қабышев Талғат Болатұлы-  филология  ғылымдарының кандидаты; доцент. 1 ғылыми монография, 2 оқу құралының, 100-ге жуық ғылыми мақалалардың авторы. Ы.Алтынсарин  атындағы төсбелгінің иегері. «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен және  С.Аманжолов атындағы мемлекеттік университетінің 60 жылдық мерейтойы төсбелгісіменмарапатталған.

Ғылыми жұмысының негізгі бағыттары: халық ауыз әдебиеті, ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің тарихы, ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті.

 

 

 

 

Гайнуллина Фарида Ахметовна- филология  ғылымдарының кандидаты; доцент. 2 ғылыми  монографияның, 6 оқу құралының құралының, 80-ге жуық мақаланың авторы. 2018 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгісімен марапатталды. «ҚазИГЗУ-20 жыл» мерекелік төсбелгісінің иегері. ҚР тарих және Қоғамдық  Ғылымдар  Академиясының мүшесі, «Әдіскер әлемі» әдістемелік-ғылыми журналдың алқа мүшесі,

 

 

 

 

 

Мұқажанова Раушан Мұратқанқызы- филология  ғылымдарының кандидаты,  доцент. 1 монографияның, 8 оқу-әдістемелік құралдың,  70-ке жуық  мақаланың авторы. «ҚазИГЗУ - 20 жыл» мерекелік төсбелгісінің иегері. ҚР тарих және Қоғамдық  Ғылымдар  Академиясының мүшесі, «Әдіскер әлемі» әдістемелік-ғылыми журналдың алқа мүшесі,«Нұр Отан» ХДП мүшесі.

 

 

 

 

 

 

 

 Доскеева Шайза Асанқызы – филология ғылымдарының кандидаты. 1 ғылыми монография, 4 оқу-әдістемелік құрал, 1 электронды оқу құралының  ғылыми мақалалардың авторы. 2018 жылы ҚР Ғылым министрінің алғыс хатымен марапатталды. 2018 жылдың  «Үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері.

 

 

 

 

 

 

Тлебалдина Нұргүл Қазанбайқызы – педагогика ғылымдарының кандидаты. Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгінің иегері. 1 ғылыми монография, 2 оқу құралының, 40-тан астам ғылыми мақалалардың авторы

 

 

 

 

 

 

 

 

Долгушева Татьяна Владимировна – филология ғылымдарының кандидаты. 6 оқу-әдістемелік құрал, көптеген ғылыми мақалалардың авторы. «Дарын» орталығының алқа мүшесі, 2018 жылы ШҚО әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

 

 

 

 

 

 

 

Изатова Альмира Бекетаевна – аға оқытушы. 20-дан аса ғылыми мақалалары жарық көрген. 2018 жылы ҚР Ғылым министрінің алғыс хатымен марапатталды.

 

 

 

 

 

 

 

Борщ Ксения Александровна – аға оқытушы. Көптеген ғылыми мақалалары жарық көрген. “Goethe-Institut” шетелдерде неміс тілін насихаттау мақсатындағы үкіметтік емес ұйымының  мүшесі.

 

 

 

 

 

 

 

Кафедра түлектері. Университеттің «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Филология: қазақ филологиясы» мамандығын алып шыққан түлектер өздерінің білімдерімен ерекшеленіп, еліміздің әр түпкірінде еңбек етіп жүр. Атап айтатын болсақ, Ресей Федерациясы Алтай Республикасы Қосағаш ауданының Ұлттар мәдениеті орталығы «Мирас» қазақ мәдениет орталығының төрайымы Б.Джатқанбаева, жазушы Талғат Кеңесбаев, Семей қалалық тілдерді дамыту бөлімінің қызметкері Қ.Есімбекова, Қазақ қаржы академиясының аға оқытушысы Ә.Чакинова, М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының әдеби қызметкері, Г.Кәрібаева, ҚазМҰУ-нің докторанты Ж.Саяқовалар – осы университеттің қазақ тілі және әдебиеті мамандығының түлектері.

Түлектер осы университеттің магистратурасында білімдерін жалғастыруда. Сонымен қатар, С.Кәріпбаев «Семей таңы» газетінде, Ш.Жанабаева «ТВК-6» телеарнасында,  Д.Көкебаев  ҚР Ұлттық музейініӊ ғылыми қызметкері (Нұр-Сұлтан қ.),  А.Бапсанова  «Республикалық Абай атындағы қорық мұражайында» әдеби қызметкер,  Д.Бекбаев «М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжде», Г.Мукашева «Көп салалы колледжде»,  К.Зәмзебаева, Ж.Ахай Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қазақ тілі қоғамында» жұмыс істеп жүр.

 Кафедра меңгерушісінің және кафедра оқытушыларының қоғамдық өмірге қатысуы:

Сейітова Ш.Б. - 2014 жылдан бастап ШҚО жазушылар мен ақындар шығармашылығын бағалау мен басу кеңесінің мүшесі. Республикалық «Дарын» орталығының мүшесі.

Әбікенова Г.Т. - Республикалық «Абай мұражайының Хабаршысы» журналының алқа мүшесі, «Әдіскер әлемі» республикалық ғылыми әдістемелік журналдың алқа мүшесі.

Қабышев Т.Б. – қалалық  «Абай оқулары», «Қыз сыны», «Шәкәрім оқулары» байқауларының төрағасы, Республикалық «Дарын» орталығының мүшесі, Облыстық оқушылардың ғылыми жоба байқауының, «Әдіскер әлемі» республикалық ғылыми- әдістемелік журналдың алқа мүшесі

Тлебалдина Н.Қ. – «Нұр Отан» ХДП мүшесі.

Гайнуллина Ф.А. - бітірушілерді  жұмысқа орналастыру мәселелері және білім беру жүйесінің модернизациясы бойынша дөңгелек үстел, семинарлар өткізу, «Әдіскер әлемі» әдістемелік-ғылыми журналдың алқа мүшесі.

Мұқажанова Р.М. - ҚР тарих жәнеҚоғамдық  Ғылымдар  Академиясының мүшесі, «Әдіскер әлемі» әдістемелік-ғылыми журналдың алқа мүшесі, «Нұр Отан» ХДП мүшесі

Борщ К.А. – “Goethe-Institut” шетелдерде неміс тілін насихаттау мақсатында үкіметтік емес ұйымы мүшесі

Долгушева Т.В. – «Дарын» орталығының алқа мүшесі, 2018 жылы ШҚО әкімінің алғыс хаты

 Кафедра меңгерушісінің және кафедра оқытушыларының марапаттары:

Төлебаева Қ.Т.  «ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2013» мемлекеттік грантының иегері.2018 жылы ҚР Ғылым министрінің «Құрмет» грамотасымен марапатталды.

Сейітова Ш.Б. «ЖОО- ның үздік оқытушысы – 2012» мемлекеттік грантының иегері.

Әбікенова Г.Т. Қазақстан Республикасының Ғылымын дамытуға сінірген енбегі үшін төсбелгісінің иегері. «ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2014» мемлекеттік грантының иегері.

Абикенова Г.Т. «ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2015»  мемлекеттік грантының иегері.

Доскеева Ш.А. 2018 жылы ҚР Ғылым министрінің алғыс хатымен марапатталды. 2018 жылдың  «Үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері.

Мұқажанова Р.М. ҚР Білім және Ғылым министрлігі тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының мүшесі. 2018 жылы ҚР Ғылым министрінің алғыс хатымен марапатталды.

Қабышев Т.Б. «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі, Ы.Алтынсарин  атындағы төсбелгінің иегері.

Гайнуллина Ф.А. Ы.Алтынсарин  атындағы төсбелгінің иегері, ҚР Білім және Ғылым министрлігі тарих және Қоғамдық Ғылымдар Академиясының төсбелгісінің иегері.

Тлебалдина Н.Қ.  Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгінің иегері

Изатова А.Б. 2018 жылы ҚР Ғылым министрінің алғыс хатымен марапатталды.

Кафедраның мекен-жайы: Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің  оқу ғимараты, Семей қаласы, Шмидт көшесі,44, 2-кабинет

Кафедраның телефоны:  77-34-62 (ішкі нөмір 113)

Кафедраның E- mail-ы: foreign- russian-philology@mail.ru

Қабылдау күндері: Дс - Жм

Қабылдау уақыты: 9:00 - 17:00

Лаборант кафедры Филологии

Кафедра лаборанты

Сабырбекова Кенжегүл Мұхаметқазықызы

Кафедра жайлы толық мәлімет

Кафедраның мақсаты: Әдебиет тарихын, әдебиет сынының тарихын, әдебиеттанудың өзекті мәселелерін, қазақ тіл білімін, қазіргі тіл білімінің өзекті мәселелерін оқыту, зерттеу арқылы әдебиеттану және тіл білімі ғылымы саласындағы білім мен ғылымды байыту, ағылшын және неміс, түрік тілдерінің өзекті мәселелерін оқыту, зерттеу, шетел тілдерін оқытудағы әдістемелерді жетілдіру.
Кафедра ұстанған негізгі бағыт – қазақ әдебиетінің көне дәуірлерінен қазіргі кезеңге дейінгі тарихын зерделеу. Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде мәртебесін ғылыми теориялық бағытта негіздеу; қазақ тілінің синхрониялық және диахрониялық даму жолдарын сипаттамалы-салыстырмалы бағытта жаңа теориялық, инновациялық деңгейде зерттеу. Әдеби өлкетанудың қазақ әдебиеті тарихындағы орны тақырыбындағы ғылыми бағыттарда жұмыс жүргізуде. «Тілдердің үштұғырлылығы» мәдени жобасын жүзеге асыру, тілдік коммуникацияны, жоғары деңгейге жеткен елдермен тілдік қарым- қатынасты нығайту.
Филология кафедрасы өз күшін қазақ әдебиеті тарихының және қазақ тіл білімінің өзекті мәселелерін оқытуға және зерттеуге бағыттаған.
6М020500 – «Филология» магистратура мамандығы бойынша 2 ф.ғ.д., профессор, 1 ф.ғ.к. доцент, 6 ф.ғ.к., 4 аға оқытушы, 4 оқытушы, қызмететеді.
Жоғарғы оқу орнында тәжірибесі үлкен: ф.ғ.д. профессор, Ш.Б.Сейітова, ф.ғ.к. Г.А.Бадамбаева, Г.Т.Әбікенова, ф.ғ.к., доцент Р.М.Мұқажанова, ф.ғ.к., доцент м.а. Т.Б.Қабышев, ф.ғ.к., доцент м.а. Қ.Т.Төлебаева, ф.ғ.к., доцент м.а. Г.Т.Әбікенова, ф.ғ.к., Ш.А.Доскеева, ф.ғ.к. Е.С.Мұқашев, п.ғ.к., аға оқытушы Н.Қ.Тлебалдина, доцент Долгушева Т.В., аға оқытушы А.Қ.Құдайбергенов, аға оқытушы Ж.Т.Мұхаметжанов, аға оқытушы Изатова А.Б., аға ақытушы Ү.Б.Кабдрахманова, аға оқытушы Р.Б. Кабышева, аға оқытушы Қ.Б.Даутбаева, Ә.Л.Кәкімжанова, Г.Б.Қожахметова.
Кафедрада білікті оқытушы мамандар сабақ береді: оқытушы П.Б.Қанжекенова, Г.М.Кабдуллина, А.Т.Тұрысбекова, оқытушылар Қадырманова А.Қ., Кныш И.С.
Оқытушылар жыл сайын біліктіліктерін шетелдік, отандық іргелі оқу орындарында және біліктілікті жоғарылату институттарында жалғастырады.
Филология кафедрасы Ресей, Түркия, Қытай, Болгария және Татарстан елдерінің бірқатар жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс жасайды. Мамандық студенттері мен магистранттарына Түркия Памуккале университетінің докторы Б.Налбант, Стамбул университетінің докторы М.Өлмез, Франция ғалымдары дәріс оқыды.
Филология кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстанның іргелі оқу орындарының профессорлары, академик Ғ.Есім, ф.ғ.д., М.Мырзахметов, академик С.Қасқабасов, ф.ғ.д., профессор З.Ғ. Бисенғали, ф.ғ.д., профессор, Қ.П. Жүсіпов, ф.ғ.д., профессор Т.Қ.Жұртбайлар мамандық студенттеріне дәріс оқып жүр.

Филология кафедрасындағы бакалавриат мамандықтары:
Оқу мерзімі нысаны:
• Жалпы орта білім негізінде – 4 жыл
• Арнаулы кәсіптік орта білім негізінде – 2, 3 жыл

5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
• Оқыту нысаны – күндізгі

5В020500 «Филология»
• Оқыту түрі – күндізгі

5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі»
• Оқыту нысаны – күндізгі

5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген түлекке 5В011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының «білім бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.
5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бакалаврлар мынандай кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:
- білім беру (педагогикалық) – жалпы білім беретін орта мектептерде, лицей, гимназияларда;
- ғылыми-зерттеу (ғылыми-зерттеу мекемелерінде кіші ғылыми қызметкер);
- әдеби-шығармашылық (әдеби, мәдени мекемелерде, баспа орындарында);
- ұйымдастыру-басқару (орта мектептерде, гимназиялар мен лицей, колледждерде мамандығына тікелей қатысы бар мекемелерде);
- өндірістік-басқарушылық (мемлекеттік органдарда, түрлі кәсіпорын, өндіріс орындарында іс-қағаздары мен құжаттау бөлімдерінде) әдеби кеңесші.
5В020500 «Филология: қазақ филологиясы» мамандығының толық курсынан өткен соң «Филология бакалавры» деген біліктілік пен мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.
5В020500 «Филология: қазақ филологиясы» мамандығы бойынша бітірушінің кәсіби қызметінің өрісі нарық талабына сай анықталады:
- білім беру;
- ғылыммен айналысу;
- баспа ісі;
- бұқаралық ақпарат құралдары, оның ішінде ИНТЕРНЕТ;
- білім беру саласындағы әкімшілік қызметтер (орта және арнаулы орта, жоғары оқу орындары);
-әлеуметтік-гуманитарлық қызметтердің басқа да салалары (мәдениетаралық қатынас).
5В011900 ««Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша мамандарды дайындау екі тілде жүргізіледі.
Аталған мамандық түлектері төмендегі кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:
-ағылшын тілі мұғалімі (ағылшын және неміс тілдері) орта мектептерде және колледжде;
-жоғары оқу орындарында, гимназия, лицейде;
-аудармашы;
- оқу үрдісін ұйымдастырушы;
- журналист, редактор;
-хатшы-референт.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары:

6М020500 – «Филология» бойынша магистрларды даярлау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес ғылыми-педагогикалық бағытта 2006-2007 оқу жылынан бастап жүзеге асырылады. 6М020500– «Филология» магистратура мамандығы бойынша білім беру бағдарламасын толық игерген білім алушы пәнаралық байланыс бойынша қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі, мәдени қызметкер, теледидар, радио, газет-журналдарда қызмет атқаратын журналист, әртүрлі жобаларда әдебиетші ғалым, аудармашы, мемлекеттік ұйымдарда іс жүргізуші бола алады. Білім беру бағдарламасында маманның кәсіби дайындығының пәнаралық сипатымен қажетті тұтастығы қамтамасыз етілген.
Кадр даярлау мөлшері және құрылымдық сипаты Қазақстан Республикасындағы қажеттіліктеріне сәйкес.
6D020500 «Филология» мамандығы бойынша докторантура "6D020500 - Филология" мамандығы бойынша философия докторы (PhD) академиялық дәрежесін алу үшін қажетті құзіреттіліктерді меңгеруге бағытталған.
6D020500 «Филология» докторантура мамандығының білім беру бағдарламасының негізгі міндеттері:
Өзгеріс үстіндегі әлемде кәсіби құзіреттілік пен әлеуметтік мобильділікті қамтамасыз ететін филологиялық іргелі теориялық-әдістемелік, сондай-ақ іргелес ғылымдар саласы бойынша түбегейлі дайындықтың болуы;
Ғылыми мәселені тану, түсіндіру және шешу қабілеттілігін, филология ғылымының қажетті саласына сәйкес әңгімені өрістете алу біліктілігін дамыту;
Кәсіби қызметте қазіргі компьютерлік технологияларды, қазақ/орыс тілінің Ұлттық корпусы ресурстарын пайдаланудың бейіндік машықтары мен дағдыларын қалыптастыру;
Лингвистикалық/әдебиеттанушылық зерттеулерді жүргізу мен ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру, кәсіби қызметтің түрі мен сипатының өзгерісіне, пәнаралық жобалармен жұмыс істеуге бейімділікті дамыту.

Кафедра студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары: студенттер мамандықтары бойынша зерттеу жұмысына белсенді қатысады, мамандық бойынша арнайы «Speaking club», «Филолог» үйірмелері жұмыс жасайды. Студенттер халықаралық, республикалық, қалалық ғылыми конференцияларда белсенді түрде атсалысады.

Создано 28.03.2016

Обновлено 20.11.2019