“Алтын ұяға тағзым” 01.06.2016

kazguiu.kz kazguiu КазГЮИУ

2016 жылғы 1 маусымда КазГЮИУ конференц залында  КазГЮИУ түлектері қауымдастығы жүзеге асырып отырған «Алтын ұяға тағзым» дәстүрлі іс-шара өтті.

Іс-шараның мақсаты мен міндеті: КазГЮИУ-дің әр жылдардағы түлектері бас қосып студенттерге әлеуметтік қолдау көрсету; университеттің үздік дәстүрлерін паш ету; өзінің кәсіби саласында елеулі табыстарға жеткен Түлектеріміздің тұлғасын студент-жастарға үлгі-өнеге ету.

«Алтын ұяға тағзым» жобасына қатысушы әр жылдардағы университетіміздің түлектері Студенттерді әлеуметтік қолдау стипендиясын тағайындауды дәстүрге айналдырды. 2015 жылы стипендияға бөлінген қаржының сомасы (700 000 тенге) 14 студентке берілді.

2016 жылдың бірінші жартыжылдығында КазГЮИУ Түлектер қауымдастығының эндаумент қоры – 730 000 тенге құрады.

Сондай-ақ, іс-шараның бағдарламасында елімізде КазГЮИУ-дің дамуына үлес қосқан түлектерді «Құрметті түлек» төс белгісімен марапаттау рәсімі өтті.

«Университет ректоры Шырын Құрманбаеваның өз қолымен тапсырған марапаты менің өмірімдегі ең үлкен награда» – деді өз сөзінде КазГЮИУ-дың 2009 ж. түлегі Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдар Садырбаев.

Іс шараның барлық фотолары осы сілтемеде орналасты.

kazguiu.kz kazguiu КазГЮИУ
Создано 02.06.2016

Обновлено 02.06.2016