«АЛТЫН ҰЯҒА ТАҒЗЫМ» – «КАЗГЮИУ – МОЯ ALMA MATER» 27.11.2015

«Алтын ұяға тағзым» – «КазГЮИУ – моя Alma mater»

Өткізілген орны: Семей қаласы, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің Бас ғимараты (Ленина көшесі, 11), №1 оқу ғимараты (Абай көшесі 94)

Өткізілген күні: 27 қараша 2015 ж.,

Өткізілген уақыты: 14.00 - 19.00

Ұйымдастырушылар: Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті және «Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті түлектері қауымдастығы» ҚБ
Іс-шараның мақсаты: Іс-шараның мақсаты: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын ілгерілету; «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын насихаттау.
Іс-шараның міндеттері: КазГЮИУ-дің әр жылдардағы түлектері бас қосып студенттерге әлеуметтік қолдау көрсету; университеттің үздік дәстүрлерін паш ету; жастардың азаматтық позициясын айқындауға, корпоративтік мәдениетін көтеруге ықпал ету.

Елбасы ұсынған «Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет-100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 88-қадамы тәуелсіздік жылдарында мемлекеттік саясаттың арқасында еңбек, кәсіпкерлік, ғылым мен білім және басқа да қызметтерде жоғары нәтижелерге қол жеткізген қазақстандықтардың (біздің заманымыздың кейіпкерлерінің) табыстарының дербес тарихын ескере отырып Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын ілгерілетуге және насихаттауға бағытталады. Осы тұрғыдан алғанда республиканың түпкір-түпкірінде өзінің кәсіби саласында елеулі табыстарға жеткен Түлектеріміздің тұлғасын студент-жастарға үлгі-өнеге ету - іс-шараның басты басты міндеті. «Алтын ұяға тағзым» жобасына қатысушы әр жылдардағы университетіміздің түлектері Студенттерді әлеуметтік қолдау стипендиясын тағайындаған. Стипендияға бөлінген қаржының сомасы – 700 000 тенге 14 студентке.

Іс-шара барысында Стипендия сертификаттарын тапсыру рәсімі өткізіледі. «Жоғары оқу орнының басты стратегиялық бағыты-түлектермен ынтымақтастық орнатып, өз ара тығыз байланыста студенттеріміздің еңбекке орналасуы және өндірістік тәжірибеден өтуі сондай-ақ, дуальды оқыту бағдарламасын жүзеге асыруды бірлесіп қолға алу. КазГЮИУ-ді бітірген түлектер, білім алып жүрген студенттер және оқытушы профессорлар қауымы үшін КазГЮИУ – ортақ үйіміз екенін сезіну – көздеген нәтижеміз,-дейді КазГЮИУ ректоры, саяси ғылымдар докторы, профессор Шырын Асылханқызы Құрманбаева, - 11 түлек студенттерге стипендия тағайындап отыр. Бүгінгі кезеңде бұл бірліктің, оқу орнына құрметтің, ең бастысы, жастарға деген ізгілік пен қолдаудың үлкен өнегесі»

Білім ордасынан түлеп ұшқан «Казагрофинанс» АҚ кепілмен қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, компанияның дербес өкілі Ринат Кемешов; «Санмир Астана» ЖШС коммерциялық директоры Айдын Жанболатов, Ақмола облыстық прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саласындағы заңдылықты қадағалау басқармасының бастығы Еркебулан Жунісов; Астана қаласының Құрылыс компанияларын құқықтық қамтамасыз ету бойынша басқарушы директор Сауле Турарова; ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасының бастығы Жасұлан Сәрсебаев; «Атамекен» ҚР кәсіпкерлерінің Ұлттық палатасының Астана филиалының заңгері Гулмира Молдағалиева; Бауыржан Онгаров, «KMG Security» құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директордың орынбасары; Думан Жампеисов, доктор PhD Alma-mater төрінде өздерінің еңбек жолындағы жетістіктері жайлы «Табыстың дербес тарихы» жобасы аясындағы кездесуде әңгімеледі.
Іс-шараның бағдарламасында Түлек - Жұмыс беруші – ЖОО арасындағы өзара ынтымақтастық мәселелері бойынша Дөңгелек үстел жұмысы ұйымдастырылды, Елімізде КазГЮИУ-дің танымалдығын арттыруға үлес қосқан түлектері «Құрметті түлек» белгісімен марапатталды.

Бағдарлама
14.00-14.30 Іс-шараға қатысушыларды Ректордың қабылдауы Бас ғимарат
Ленин көшесі 11
14.30-15.00 Түлектер қауымдастығының тусаукесеріне арналған баспасөз конференциясы. Жұмыс берушілермен келісім – шарт жасасу Бас ғимарат, мәжіліс залы,
3 қабат,
Ленин көшесі 11
15.00-16.00 «Түлек-жұмысберуші-жоғары оқу орны: ынтымақтастық сұхбаты» тақырыбындағы Дөнгелек үстел жұмысы № 1 оқу ғимараты (Абай к-сі, 94)
16.30-17.10 «Дебат ойындары», «Жас заңгерлер достастығы», «КВН» бойынша шеберлік сыныптары № 1 оқу ғимараты, акт залы (Абай к-сі, 94)
17.30-19.00 1. Түлектерді «Құрметті түлек» белгісімен марапаттау рәсімі
2. КазГЮИУ Түлектер Қауымдастығының студенттерге арналған қолдау стипендиясын тағайындау рәсімі
3. «Табыстың дербес тарихы» жобасы Бас ғимарат, Салтанат залы,
4 қабат,
Ленин көшесі 11
19.30 Корпоративтік кеш «КазГЮИУ Mega party»

 

Түлектермен кездесу

Брифинг

Дөңгелек үстел

Студенттермен кездесу

Түлектерді марапаттау

Стипендия табыстау