Жаңалықтар

Жастар жылына арналған Панкратионнан Семей қаласының І ашық Чемпионаты

Posted on

17 ақпан 2019 жылы  Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде  «Жастар жылына» арналған Панкратионнан Семей қаласының І ашық Чемпионаты өтті Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің қолдауымен өткен Панкратионнан Семей қаласының І ашық Чемпионатына  Аягөз, Бородулиха, Жезкент және Өскемен, Семей қалаларының 350-ден астам спортшылары қатысты. Жарыс қорытындылары бойынша КазГЮИУ  2 курс студенті Жүнісхан Орынбек турнир жеңімпазы атанды және 2 […]

Жаңалықтар

«Тоғызқұмалақ» ойыны

Posted on

2019 жылдың 21-22 ақпан күндері аралығында Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде «Жастар жылына» арналған студенттер арасында Тоғызқұмалақ ойыны өтті.   Жарысқа 30-дан астам спортшылар қатысты. Әр спортшыға бір партияға рапид- 15 минут уақыт берілді. Ойын қорытындысы бойынша:  Ерлер арасында: 1 орынды Ақпараттық технологиялар және экономика факультетінің 1 курс студенті Дауренов Дамир иеленсе, 2 орынды Ақпараттық технологиялар […]

Жаңалықтар

«Діни экстремизм және терроризмге қарсы күрес» тақырыбында ашық әңгіме

Posted on

2019 жылдың 14-ші және 18-ші ақпан күндері аралығында Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің барлық факультеттерінде «Діни экстремизм және терроризмге қарсы күрес» тақырыбында Семей қаласы дін істері бөлімінің мамандарымен ашық әңгіме өтті. Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде қала дін істері бөлімінің маманы Мақсат Ерланұлы студент жастарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында студенттер өз ой-пікірлерін ортаға салып, діни экстремизм және […]

Жаңалықтар

КазГЮИУ оқытушылары кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді

Posted on

20.02.2019 жылы қаламыздағы жалпы білім беретін  № 3 орта мектеп оқушылары мен ата – аналарына Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университетінің оқытушылар құрамы кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университетінің  оқытушылар құрамы  қаламыздағы жалпы білім беретін №3  орта мектепте өткен «Ашық есік» күніне қатысты.    Кездесу барысында  мектеп   бітіруші түлектер […]

Жаңалықтар

АНОНС

Posted on

Жастар жылына арналған Панкратионнан Семей қаласының І ашық Чемпионаты Басшылық және ұйымдастырушылар: Семей қаласының Панкратион ашық чемпионатының ұйымдастырушылары: “ШҚО Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі” ММ және “Аралас жекпе-жек, панкратион және ШҚО Грэпплинг федерациясы” ҚБ-мен бірлесіп, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң  университетінің қолдауымен өтеді. Мақсаты мен міндеттері: – Семей қаласында салауатты өмір салтын және панкратионды насихаттау; […]

Жаңалықтар

Баскетболдан «Ректор кубогы»

Posted on

10 ақпан күні Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде дайындық бөлімі мен факультеттер арасында баскетболдан «Ректор кубогы» үшін дәстүрлі жарыс өтті. Университет басшылығының қолдауымен өткен Жастар жылына арналған алғашқы спорттық іс-шараны дайындық бөлімінің ұжымы жоғары деңгейде ұйымдастырды. Жарысқа оқу орнымыздың барлық факультеттерінің, өзіміздің және Шәкәрім атындағы университеттің дайындық бөлімдерінен құралған 10 ерлер және қыздар командалары қатысты. Аса […]

Жаңалықтар

Жастар жылының салтанатты ашылуы

Posted on

23 қаңтар 2019 жылы «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атты Жастар жылының ашылуы салтанатына орай өткізілген форумға КазГЮИУ студенттері онлайн режимде қатысты. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев 2019 жылды  «Жастар жылы» деп жариялады. «Жастар –  еліміздің ертеңі, ал білімді жастар – еліміздің жарқын болашағы» -деп жастарға үлкен үміт артып, сенім білдірді. 23 қаңтар 2019 жылы «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» Жастар жылының […]

Жаңалықтар

Грэпплингтен ашық облыстық турнир

Posted on

6 қаңтар 2019 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде 20-жылдығына арналған  Грэпплингтен «Amateur International Grappling Association»  Ашық облыстық турнирі өтті. 6 қаңтар 2019 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде 20-жылдығына арналған  Грэпплингтен «Amateur International Grappling Association»  Ашық облыстық турнирі өтті. Турнирдің мақсаты Грэпплинг спортын Қазақстанда дамыту және жастар арасында насихаттау және салауатты өмір-салтын насихаттау. Грэпплингтен ашық облыстық […]

Жаңалықтар

ҚР Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Мерей Қартпен кездесу кеші

Posted on

20 желтоқсан 2018 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде Қазақстан жазушылар одағының Семей өңірлік филиалының төрағасы, Абай театрының әдеби бөлім меңгерушісі, ҚР Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Мерей Қартпен кездесу кеші өтті. 20 желтоқсан 2018 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде Қазақстан жазушылар одағының Семей өңірлік филиалының төрағасы, Абай театрының әдеби бөлім меңгерушісі, ҚР Үкіметінің «Дарын» […]

Жаңалықтар

«Патриоттық әндер» байқауы

Posted on

12 желтоқсан 2018 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық- заң университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне орай «Патриоттық әндер» байқауы өтті. 12 желтоқсан 2018 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық- заң университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне орай «Патриоттық әндер» байқауы өтті. Жастарға патриоттық тәрбие беру және олардың отаншылдық сезімдерін арттыру мақсатындағы іс-шара. Қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, вокалдық өнерін дәріптеуге және өнерге […]

Жаңалықтар

«Серпін» жастарының республикалық «Көшбасшылар мектебі»

Posted on

2018 жылдың 29-30 қараша күндері Щучинск қаласы, «Discovery- Бурабай» сауықтыру лагерінде «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!»- «Серпін» әлеуметтік жобасы бойынша білім алып жатқан студенттер арасында республикалық «Көшбасшылар мектебі» өткізілді. Щучинск қаласы, «Discovery – Бурабай» сауықтыру лагерінде «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!» – «Серпін» әлеуметтік жобасы бойынша білім алып жатқан студенттер арасында республикалық «Көшбасшылар мектебі» өткізілді. Іс-шара мақсаты: «Мәңгілік ел […]

Жаңалықтар

Елін сүйген, елі сүйген Елбасы!

Posted on

29 қараша 2018 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық- заң университетінің гуманитарлық факультетінде 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты тақырыпта көрме өтті. Қазақ инновациялық гуманитарлық- заң университетінің гуманитарлық факультетінде 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты тақырыпта көрме өтті. Іс-шара мақсаты: ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың […]

Жаңалықтар

1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай футбол және волейбол турнирі өтті

Posted on

Қараша айының 24 -25 күндері аралығында  Қазақ инновациялық гуманитарлық- заң университетінің профессорлық оқытушылық құрамы мен қызметкерлері арасында 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай футбол және волейбол турнирі өтті. Қазақ инновациялық гуманитарлық- заң университетінің профессорлық оқытушылық құрамы мен қызметкерлері арасында 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай футбол және волейбол турнирі өтті. Турнир мақсаты: спорттың әртүрлі түрлерін […]

Жаңалықтар

Ұлттық жобалар баcқармасының басшысымен кездесу

Posted on

22.11.2018 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде Ұлттық жобалар баcқармасының басшысы Сағиева Айгүл Хасеновнамен кездесу өткізілді. Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде Ұлттық жобалар баcқармасының басшысы Сағиева Айгүл Хасеновна «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!» – «Серпін» әлеуметтік жобасы аясында оқып жатқан студенттермен кездесу өткізді. Кездесу мақсаты: «Серпін» әлеуметтік жобасы аясында білім алып жатқан студенттердің материалдық-техникалық, оқу-әдістемелік және жатақханадағы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларымен […]

Жаңалықтар

КазГЮИУ 20 жылдығын мерекелеу апталығы

Posted on

12 қараша 2018 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық- заң университетінің 20 жылдық мерекелеу апталығы басталды. 12 қараша 2018 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық- заң университетінің 20 жылдық мерекелеу апталығы басталды. Мерекелік апталық ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауына үн қату мақсатында «4К» жобасы бойынша өткізілген кездесумен ашылды. Кездесу жоспары бойынша «КазГЮИУ-дің […]

Жаңалықтар

«Бастау-2018» пікірсайыс турнирі

Posted on

Қараша айының 4-ші жұлдызында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес «Бастау-2018»  КазГЮИУ 20 жылдығына арналған, мектеп оқушылары арасында Ректор кубогы пікірсайыс турниры өтті. Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес «Бастау-2018»  КазГЮИУ  20 жылдығына арналған, мектеп оқушылары арасында Ректор кубогы пікірсайыс турниры өтті. Турнирдің мақсаты: Оқушылардың өз-ой пікірлерінің қалыптасуына жағдай жасай отырып, еліміздің заманауи білімді саналы, […]

Жаңалықтар

«Жасыл Семей» акциясы

Posted on

27 қазан 2018 жылы  КазГЮИУ студенттері «Жасыл Семей» атты акцияға қатысты. Іс-шараға дайындық бөлімінің студенттері және Серпін бағдарламасымен оқытылып жатқан студенттер қатысты. КазГЮИУ студенттері «Жасыл Семей» атты акцияға дайындық бөлімінің студенттері және Серпін бағдарламасымен оқытылып жатқан студенттер қатысты. «Жасыл Семей» акциясы Семей және оған іргелес өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуға, өсімдіктердің отарлаушы микрокөбейтудің ең озық технологияларын […]

Жаңалықтар

«Мерейлі 20-жыл» атты студент қатарына қабылдау кеші

Posted on

25 қазан 2018 жылы әр жыл сайын студент тағатсыздана күткен «Мерейлі 20-жыл» атты студент қатарына қабылдау кеші өтті. Әр жыл сайын студент тағатсыздана күткен «Мерейлі 20-жыл» атты студент қатарына қабылдау кеші өтті. Мерекелік кештің шымылдығын  «KaзГЮИУ 20 жыл» тақырыбына сай лазерлік шоумен басталды. «Студент қатарына қабылдау» жоғары оқу орнының ежелден келе жатқан дәстүрі. Бұл кешке […]

Жаңалықтар

«Қалың қалай студент?» акциясы

Posted on

2018 жылы қазан айының 19 жұлдызында Қазақ инновациялық гумантарлық- заң университетінің Қазақстан Студенттер Альянсы ұйымы «Қалың қалай, студент?» акциясын ұйымдастырды. Қазақ инновациялық гумантарлық- заң университетінің Қазақстан Студенттер Альянсы ұйымы «Қалың қалай, студент?» акциясын ұйымдастырды.Мониторинг барысында студенттік жатақхана мен асхананың  санитарлық нормаларын тексеріп, сын-ескертпелерді, студенттердің өтініш-тілектерін, арыз-шағымдарын білу мақсатында анонимді сауалнамалар да үлестірілді. Акция жүргізілу барысында […]

Жаңалықтар

Рухани жаңғыру аясындағы студенттермен кездесу кеші

Posted on

17 қазан 2018 ж. КазГЮИУ Гуманитарлық факультетінде  Филология ғылымдарының докторы, профессор Рақымжан Тұрысбек және ҚР мәдениет саласының  үздігі, ақын, филология ғылымдарының кандидаты, айтыс ақындары мен жыршы термешілер одағының мүшесі Серікзат Дүйсенғазыұлы студенттермен кездесу кешін өткізді. Филология ғылымдарының докторы, профессор Рақымжан Тұрысбек, ҚР мәдениет саласының  үздігі, ақын, филология ғылымдарының кандидаты, айтыс ақындары мен жыршы термешілер одағының […]

Жаңалықтар

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың«Қазақстандықтардың әл- ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру » атты халыққа жолдауы

Posted on

2018 жылы 8 қазан күні Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университетінде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл- ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру » атты халыққа жолдауын талқылау мақсатында жиын өткізілді. Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университетінде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл- ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру » атты халыққа жолдауын талқылау мақсатында […]

Жаңалықтар

КазГЮИУ семейліктерді қала күнімен құттықтады!

Posted on

Семей қаласында қыркүйек айының 29-жұлдызында қала күні аталып өтті. Осы мереке ауқымында «Туған қалам – Семейім» жастар фестиваліне КазГЮИУ студенттері де белсене араласты. Гуманитарлық факультеттін 2 курс студенттері Нарынбеков Әлібек пен Есбатыр Ақерке көпшілік алдында өнерлерін ортаға салып, жүрекжарды лебіздерін білдірді.

Жаңалықтар

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! КазГЮИУ студенті Байтілеуова Лаура «Менің лингвистикалық капиталым» атты қалалық конкурсында бас жүлдені жеңіп алды

Posted on

2018 жыл 23 сәуірінде ҚР тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көптілділікті, қазақстандық рухани бірлікті дамыту мақсатында ел ордасы Астананың 20 жылдық мерейтойына орай үш тілді еркін меңгерген елорда құрдастарының арасында өткен «Менің лингвистикалық капиталым» атты қалалық конкурсында […]

Жаңалықтар

«Серпін іскерлері» қоғамдық бірлестігі Тарханы тағайындалды

Posted on

Ағымдағы жылдың сәуір айының 20-шы жұлдызында Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының «Серпін іскерлері» қоғамдық бірлестігінің сардарларының бас қосуы болып өтті. Бас қосудың басты мақсаты – Семей қаласының «Серпін іскерлері» қоғамдық бірлестігінің  тарханын тағайындау. Тархан лауазымына Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң  университетінің  2-курс студенті, Семей қалалық  жастар маслихатының  депутаты – Кенжаев Абзал тағайындалды. Жаңа тағайындалған Тархан […]

Жаңалықтар

КазГЮИУ университетінің бас ғимаратында «Жас Отан» Жастар қанатымен Серпін жастары арасында кездесу өтті

Posted on

02.03.2018 ж. КазГЮИУ университетінің бас ғимаратында Қазақстан Республикасының Президенті  Н.А. Назарбаевтың Мәңгілік ел идеясының шеңберінде «Мәңгілік ел жастары- индустрияға!»- «Серпін» әлеуметтік жобасы бойынша оқитын іске асыру мақсатында «Жас Отан» Жастар қанатымен Серпін жастары арасында кездесу өтті. Аталған іс- шара мақсаты- Серпін студенттерінің әлеуметтік- қоғамдық, мәдени- танымдық, шығармашылық қызметтерін жандандыру, тәрбие кешенін жетілдіру арқылы ізденушілердің білімге […]

Жаңалықтар

«Асыл Арна» командасы Республикалық дебат ойындарынан II жүлделі орынды иеленді

Posted on

  17-18 ақпан 2018 ж. Түркістан қаласында Қ.Р Президентінің Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында ұйымдастырылған «Болашағымыз бірлікте» Яссауи кубогі атты ІІ Республикалық пікірсайыс турнирі өтті. Түркістан қаласында Қ.Р Президентінің Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында ұйымдастырылған «Болашағымыз бірлікте» Яссауи кубогі атты ІІ Республикалық пікірсайыс турнирі өтті. Ойынға 77 […]

Жаңалықтар

«КазГЮИУ құрамасы» Республикалық «Сарыарқа Life» Бірінші лигасына жолдама алды

Posted on

5-10 ақпан 2018ж. Астана қаласында  «Маусымашар 2018» Жайдарман Фестивалі өтті. Жайдарман ойындарына Қазақстан бойынша 594 команда тіркеліп, оның  260 командасы ойынға қатысты. Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің атынан «КазГЮИУ құрамасы» керемет ойын көрсетті.  2017 жылы құрылған «КазГЮИУ құрамасы»- Семей қаласында өткен «Маусымашар 2017» фестивалінің «Маусым жаңалығы» номинациясының иегері, қалалық Жоғары лига финалисті. Команда құрамында гуманитарлық факультеттің […]

Жаңалықтар

КазГЮИУ-дің 20 жылдық мерей тойына орай кезекті отырыс өтті

Posted on

Ақпан айының  24–ші жұлдызы күні, КазГЮИУ-дің бас ғимаратында университетіміздің жастар саясаты орталығының ұйымдастыруымен , ректор Құрманбаева Шырын Асылханқызы  белсенді студенттермен кездесу өткізді. Кездесу барысында университетіміздің 20 жыл толуына байланысты, белсенді жастармен мерейтойдың өтілінуінің жоспарын талқылады. Студенттер өздерінің 20 жылдық мерейтойға белсенді қатысатынын және әрқашан университеттің имиджін көтеруге дайын екенін жеткізді.

Жаңалықтар

КазГЮИУ студенттері Тарбағатай ауданы әкімінің марапатына ие болды

Posted on

19.02.2018 ж. Тарбағатай ауданының әкімі Оразбаев Ділдәбек Тәжібайұлының Семей қаласының жоғары оқу орындары мен колледждарында оқитын студенттермен кездесуі өтті. Тарбағатай ауданының әкімі Оразбаев Ділдәбек Тәжібайұлының Семей қаласының жоғары оқу орындары мен колледждарында оқитын студенттермен кездесуі өтті. Кездесуге Тарбағатай ауданының Құрметті азаматтары да шақырылды. Іс-шара барысында Тарбағатай ауданының әкімі аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы мен перспективалары туралы, […]

Жаңалықтар

Үржар ауданындағы дебат ойындары

Posted on

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті Ректорының қолдауымен Жастар саясаты орталығы және «Асыл Арна» дебат клубының Үржар ауданының «Благодарное» орта мектебінде «Рухани жаңғыру: Ұрпақтар игілігінде» атты дебат ойындары ұйымдастырылды. Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті Ректорының қолдауымен Жастар саясаты орталығы және «Асыл Арна» дебат клубының ұйымдастыруымен Благодарное орта мектебінде «Рухани жаңғыру: Ұрпақтар игілігінде» атты дебат ойыны өткізілді. Ойынға 30-дан […]

Жаңалықтар

КазГЮИУ студенті ақпарат саласындағы үздік атанды

Posted on

12.01.2018 ж  «Жас Отан» ЖҚ өңірлік филиалдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған «Жастар Отанға» республикалық байқауының 2017 жылғы қорытындысы бойынша үздіктер анықталып, «Жас Отанның» қызметін дамытуға үлес қосқандар марапатталды.Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университеті, ақпараттық технологиялар және экономика факультетінің 4 – курс студенті Кенжеғазин Думан ақпарат саласының үздігі атанды. Байқау «Үздік серіктес», «Оқу орнындағы үздік […]

Жаңалықтар

Құттықтаймыз!

Posted on

26 желтоқсан 2017 жылы ҚР Тәуелсіздігің 26 жылдығы қарсаңында «Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалы штабында «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен «Жыл таңдауы- 2017» атты салтанатты жиыны өтті. Жыл үздіктері бес аталым бойынша марапатталып, жыл көлемінде жұмыс атқарған белсенді жастарға «ШҚО Семей қаласы ішкі саясат бөлімі» ММ және «Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалы басшылығының […]

Жаңалықтар

«Алаш бекзаты» атты жаңа туынды жарыққа шықты

Posted on

26.12.2017 жылы Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақ инновациялық гуманитарлық- заң университетінің докторанты, зерттеуші Садықова Раиса Төлеуқызының Алаштың саяси қайраткері, Алашорда үкіметі төрағасының орынбасары, Халел Хаббасұлының қызметі мен өміріне арналған «Алаш бекзаты» атты монографияның тұсаукесері өтті. Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақ инновациялық гуманитарлық- заң университетінің докторанты, зерттеуші Садықова Раиса Төлеуқызының Алаштың саяси қайраткері, Алашорда […]

Жаңалықтар

КазГЮИУ студенттері – «Аламан» республикалық фестивалінің жеңімпаздары!

Posted on

08.12.2017 жылы Ел Ордасы Астана қаласында «Мәңгілік ел жастары-Индустрияға!»- «Серпін» әлеуметтік жобасы аясында «Аламан» республикалық фестивалі өтті. Ел Ордасы Астана қаласында «Мәңгілік ел жастары-Индустрияға!»- «Серпін» әлеуметтік жобасы аясында «Аламан» республикалық фестивалі өтті. Тәуелсіздіктің 26 жылдығына арналған ауқымды іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен келген жоғары оқу орнының студенттері қатысты. Аталған шараға Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінен ән байқауы бойынша […]

Жаңалықтар

Ұстазым – ұлағатым

Posted on

2017 жылы  3 қазан күні Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің бас ғимаратының салтанат залында «Ұстазым- ұлағатым» атты ұстаздар мерекесіне арналған кеш өтті. Салтанатты шараға факультетіміздің декандары және де ұстаздар мен оқытушылар қауымы қатысты. Мерекелік іс-шараны университетіміздің 1-2 курс студенттері өткізді. Бұл шараға әсіресе «Серпін» бағдарламасы бойынша оқитын студенттер белсене қатысты. Салтанатты шараны құттықтау сөзімен ашқан Құрманбаева […]

Жаңалықтар

КазГЮИУ – өз үйің

Posted on

25.09.2017 жылы университет есігін жаңа ашқан 1 курс студенттеріне  арналып, студенттердің өзін – өзі басқару ұйымдарымен танысу кеші өтті. Мектеп қабырғасындағы еркеліктен әлі арыла  алмай отырған бірінші курс студенттеріне таныстыру кеші ерекше әсер қалдырды.  Сабақпен қоса қоғамдық іс – шараларға қатысудың артықшылығын кеш басында тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректордың міндетін атқарушы Раиса Төлеуқызы […]

Жаңалықтар

Әсерлі кеш!

Posted on

31.05.2017 ж. КазГЮИУ бас ғимаратының салтанат залында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған жиын өтті. Аталған іс-шара аясында ҚР Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының және ұлттық «Жас тұлпар» сыйлығының лауреаты, патриоттық әндердің авторы және орындаушысы Ибрагим Ескендірмен кездесу өтті. Ибрагим Ескендір өз сөзінде: «Университет жастарымен кездесу жылы өтті. Кездесуде Елбасының «Рухани жаңғыру – Болашаққа […]

Жаңалықтар

КазГЮИУ құрамасы қалалық КВН фестивалінде «Маусым жаңалығы» номинациясын жеңіп алды

Posted on

25.02-26.02.2017 ж. Семей қаласы КВН филиалының «Маусымашар 2017» қалалық фестивалі болып өтті. 25.02-26.02.2017 ж. Семей қаласы КВН филиалының «Маусымашар 2017» қалалық фестивалі болып өтті. Қаламыздың колледждері мен жоғары оқу орындарының КВН командалары сайысқа түскен фестивальде біздің университеттен 3 команда: «Эксперимент», «Әскери кафедра студенттері» және «КазГЮИУ құрамасы» қатысты. Жаңадан жасақталған «КазГЮИУ құрамасы» үздік ойын өрнегін көрсетіп, […]

Жаңалықтар

«КазГЮИУ құрамасы» КВН фестивалінен жетістікпен оралды

Posted on

27.01 – 02.02.2017 ж. аралығында Астанада республикалық «Маусымашар 2017» КВН фестивалі болып өтті. Еліміздің 14 облысы мен барлық қала, аудан командалары және колледждер мен Жоғары оқу орындары құрамаларының басын қосқан әзіл додасына университетіміздің «КазГЮИУ құрамасы» КВН командасы да қатысты. Іріктеу кезеңдерінен жақсы нәтижемен өткен «КазГЮИУ құрамасы» республикалық «Орталық лига» ойындарына жолдама жеңіп алды.

Жаңалықтар

Студенттер үйіндегі Жаңа жылдық кеш!

Posted on

24.12.2016 ж. КазГЮИУ Студенттер үйінде Жаңа жылдық кеш болып өтті. Жаңа жылдың символына айналған әдемі безендірілген шырша мерекелік кештің ажарын аша түсті. Студенттердің дайындаған өнерлері, түрлі қызықты ойындар мен сайыстарды кештің басты кейіпкері Аяз ата бағалап, сыйлықтарын таратты. Көңілді өткен мерекелік бағдарлама би кешімен жалғасты.

Жаңалықтар

Республикалық салтанатты жиын

Posted on

2016 жылдың 15 желтоқсанында Астана қаласының «Тәуелсіздік сарайында» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен қатысуымен өткен республикалық салтанатты жиынды КазГЮИУ белсенді студенттері тікелей эфирден тамашалады.

Жаңалықтар

КазГЮИУ студенті «Жылдың үздік еріктісі» атанды

Posted on

Ақпараттық технологиялар және экономика факультеті, «Информатика» мамандығының 3 курс студенті Кенжеғазин Думан Кенжеғазыұлы – Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға қосқан елеулі үлесі үшін «Жылдың үздік еріктісі» номинациясы бойынша Семей қаласы әкімі сыйлығының жеңімпазы атанды. Кенжеғазин Думан оқу озаты болып, қоғамдық өмірге белсене ат салысуының арқасында келесідей жетістіктерге қол жеткізген: – «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас […]

Жаңалықтар

КазГЮИУ студенттерінің Тәуелсіздікке тартуы!

Posted on

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында 2016 жылдың 15 желтоқсан күні Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университетінің студенттері флешмоб өткізді. Студенттер КазГЮИУ гуманитарлық факультетінің алаңына шығып бір мезетте 25 санын белгілеп, сап түзеп тұрып «Жаса Қазақстан» деп бір дауыстан Елімізді құттықтады.

Жаңалықтар

Республикалық «Аламан 2016» өнерлі жастар фестивалі

Posted on

25-27.11.2016 ж. Астана қаласы Еуразия ұлттық университетінде «Серпін 2050» әлеуметтік жобасы аясында білім алып жатқан студенттер арасында республкалық «Аламан 2016» өнерлі жастар фестивалі өтті. Ағымдағы жылдың қазан айынан бастау алған фестиваль бірнеше іріктеу кезеңдерінен тұрды. Өз оқу орындарынан іріктеліп, кейін қала және облыс көлемінде іріктеуден сүрінбеген жастар фестивальдің басты Гала – концертіне де арнайы шақырылған […]

Жаңалықтар

«Серпін серісі» байқауы

Posted on

23.11.2016 ж. Абай атындағы кітапханада Семей қаласы құқық және бизнес колледжінің ұйымдастыруымен «Серпін 2050 Мәңгілік ел жастары – Индустрияға» әлеуметтік жобасы аясында оқып жатқан студенттер арасында Облыстық «Серпін серісі» байқауы болып өтті. Бұл байқауға КазГЮИУ серісі «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы Ақпараттық технологиялар және экономика факультетінің студенті Кенжаев Абзал қатысты. Бірнеше кезеңдерді қамтыған […]

Жаңалықтар

Қалалық студент ақындар айтысы

Posted on

22.11.2016 ж. Шәкәрім атындағы СМУ ұйымдастыруымен студент ақындар арасында қалалық айтыс өтті. Қала колледждері мен жоғары оқу орындарының үкілеп қосқан ақындары «Арманы асқақ жас дарын» тақырыбын жырлады. Университетіміздің дүл – дүл ақындары Қыдырбеков Әлішер мен Оралхан Қуандық бұл айтысқа қатысып, шешендіктерімен, тапқырлықтары әрі суырып салма өнерімен көзге түсіп, топ жарды. Әділ қазы алқасының шешімімен Оралхан […]

Жаңалықтар

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған спартакиада

Posted on

19.11.2016 ж. КазГЮИУ жастар саясаты орталығының ұйымдастыруымен университетіміздің спорт кешенінде оқытушылар мен қызметкерлер арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған спартакиада болып өтті. Спартакиада командалық «волейбол», «футзал» ойындары және жекелей «шашки», «стол теннисы» сайыстарын қамтыды. Командалық сайыстар «айналмалы жүйе» бойынша өтсе, жекелей сайыс түрлері «Play – off» тәртібімен өтті. Қорытынды: Волейбол – 1 орын Әскери […]

Жаңалықтар

“Қазақстан студенттерінің Альянсының” ХІІІ шақырылымы

Posted on

09-10.11.2016 ж. Астана қаласында “Қазақстан студенттерінің Альянсы” Республикалық студенттер қозғалысының дәстүрлі ХІІІ шақырылымы өтті. Шақырылымға 14 өңірден 130 студент қатысты. Университетіміздің 6 студенті бұл шақырылымға делегат болып қатысып келді. Республикалық ҚСА штабы ұйымдастырған Көшбасшылар кеңесі, семинар-тренингтер, еркін кездесу, пікір алмасу шақырылымда орын алды. Аталмыш іс – шараларға қатысқан біздің студенттер сертификаттармен марапатталды. Студенттік өзін-өзі басқару […]

Жаңалықтар

КазГЮИУ Студенттер үйінде «Үздік бөлме» сайысы өтті

Posted on

02.11.2016 ж. КазГЮИУ Студенттер үйінде «Серпін 2050» әлеуметтік жобасы аясында білім алып жатқан студенттер арасында «Үздік бөлме» сайысы болып өтті. Сайыс ережесі бойынша тұрғындар бөлме тазалығы, бөлмені кез келген тақырыпта безендіру және Студенттер үйінің ішкі ережелері туралы сұрақтарға жауап беру сындарынан өтті. Қызыққа толы кеш жастардың көңілін сергітіп тастады. Сайыс қорытындысы бойынша Ибрагимова Мунира, Омар […]

Жаңалықтар

Студент жастар театры 2016

Posted on

2016 жылдың 1 қарашасында Қалалық Мәдениет Сарайында Семей қаласы Ішкі саясат бөлімі қолдауымен, «Қазақстан жастарын қолдау» Шығыс Қазақстан облыстық жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен дәстүрлі «Студент жастар театры – 2016» қалалық байқауы ұйымдастырылды. Ұлттық салт-дәстүрді, тіліміз бен ділімізді өскелең ұрпаққа насихаттау, жас өнерпаздардың шығармашылық бастамаларын ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған байқауға қаламыздың ЖОО мен Орта арнаулы оқу орындарының […]

Жаңалықтар

Балаларға бақыт сыйлайық акциясы

Posted on

03.11.2016 ж. КазГЮИУ студенттері “Ақ Ниет” Қайырымдылық ұйымы ШҚО жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп интернатының» ұсыныстары бойынша концерттік бағдарлама өткізді. Ұйымның белсенді жастары әр түрлі ән, флешмоб, “Қуыршақтар” биі мен ұласып қоса, Қазақстан эстрадасының жұлдыздарына пародиялар жасалды. Көрермен балалардың көбі кіші буын болғандықтан, ертегі және мультфильм әлемінің кейіпкелері қатысқан көріністер қойылып, […]

Жаңалықтар

Бурабайда «Серпін 2050» жастарына республикалық семинар ұйымдастырылды

Posted on

25 – 26.10.2016 ж. Ақмола облысы, Бурабай ауданы «Discovery» демалыс базасында «Серпін 2050 Мәңгілік ел жастары – индустрияға» әлеуметтік бағдарламасы аясында білім алып жатқан студенттерге республикалық семинар ұйымдастырылды. Сұлулығына көз тоймайтын, Бурабайдың баурайында ұйымдастырылған семинарға еліміздің Жоғары оқу орындары мен колледждерінің 150 – ден астам «Серпін» көшбасшылары жиналды. КазГЮИУ тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі […]

Жаңалықтар

«Серпін 2050» жастары «Намыс дода» эстафеталық сайысына қатысты

Posted on

22.10.2016 ж. КазГЮИУ спорт кешенінде «Серпін 2050» әлеуметтік жобасы аясында оқып жатқан студенттерінің арасында «Намыс дода» спорттық – эстафеталық сайысы болып өтті. Сайыс жекелей және командалық кезеңдерді құрады. Жекелей сында түрлі кедергілерден өтіп, үздік уақыт көрсеткішін көрсеткен ұл – қыздарымыз келесідей нәтижеге қол жеткізді. Қыздар арасында 3 орын – Көбеева Гульвира, 3 орын – Омар […]

Жаңалықтар

«Болашақтың мамандығы қандай?» «Серпін 2050» жастары пікір – сайыс алаңында

Posted on

22.10.2016 ж. КазГЮИУ студентер үйінде жастар саясаты орталығының ұйымдастыруымен «Серпін 2050» әлеуметтік жобасы аясында оқып жатқан студенттер арасында «Болашақтың мамандығы қандай?» тақырыбында дебат ойындары өтті. Пікір – сайыс ойындарының мақсаты студенттердің бойынан шешендік өнер, ораторлық қабілет және көпшілік алдында өз ойын еркін жеткізуді шыңдау болып табылады. Университетімізде 4 мамандық бойынша білім алып жатқан «Серпін 2050» […]

Жаңалықтар

Қалалық «Бастау 2016» турниры өтті

Posted on

23.10.2016 Семей қаласы бойынша мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында «Бастау 2016» пікір сайыс турниры өтті.  Қазақ инновациялық  гуманитарлық – заң университеті ректорының қолдауымен, кәсіптік бағдар беру орталығы және «Асыл арна» дебат клубының ұйымдастыруымен өткен мектеп аралық турнирға 18 команда, 50 ден астам оқушы қатысты. Мектеп лигасының дәстүріне сай әдемі турнир болды. Семей мектеп лигасының қатары […]

Жаңалықтар

«Үздік күз бөлмесі» іс-шарасы

Posted on

2016-2017 оқу жылындағы тәрбие жұмыстарының жоспарына сәйкес «Қаржы және есеп» кафедрасы 30-қыркүйек күні КазГЮИУ Студенттер үйінде «Алтын күз» тақырыбына байланысты «Үздік күз бөлмесі» іс-шарасын ұйымдастырып, өткізді. Іс-шараның мақсаты – Студенттер үйіндегі студенттердің ұйымдастырушылық, шығармашылық, креативтік қабілеттерін дамыту, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу. Іс-шараның шарты бойынша басты критерийлер – бөлменің тазалығы, тақырыптық безендіру, ерекше шығармашылық идеялар. Студенттер аталған […]

Жаңалықтар

Оқытушылар мен студенттер футбол ойынында тең түсті

Posted on

29.09.2016 ж. КазГЮИУ жастар саясаты орталығының ұйымдастыруымен «Турист» футбол алаңында «Ұстаздар күніне» арналған оқытушылар мен студенттердің футбол құрамалары арасында жолдастық кездесу өтті. Құрамалар университетіміздің барлық факультеттерінің оқытушыларынан жинақталған «Оқытушылар» командасы және «Серпін 2050» жастары мен белсенді студенттерден құралған «Студенттер» командасын қамтыды. Тартысқа толы мерекелік футбол 3:3 есебімен тең аяқталды. Матч соңында оқытушылар құрамасы студенттердің құттықтауларын […]