Дайындық бөлімі

Университетіміздің ректоры Шырын Аcылханқызының бастамасымен алғаш рет шет елдегі қазақ жастарын кешенді тестілеуге даярлау үшін, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің №354, 2016 жылдың 18 маусымдағы бұйрығы негізінде ашылған дайындық бөлімінде 50-ге тарта тыңдаушы мемлекеттік грант негізінде, оннан астам тыңдаушы ақылы негізде білім алуда.

Қазақстанның рухани астанасы – Семейде, соның ішінде Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университетінде дайындық бөлімінің ашылуы шетелдегі қазақ диаспорасы өкілдері тарапынан үлкен қолдау тапты. Әсіресе, Монғолияның, Қытай Халық республикасының, Ресейдегі қазақтар көбірек қоныстанған аймақтарымен тығыз байланыстар орнатылды. Жақсы үлгі – насихат жұмыстарының нәтижесінде, осы мемлекеттегі қазақ жастары Қазақстанға, соның ішінде Семейге келіп, білім алуға ынталарын көптеп білдіруде.

Дайындық бөлімі  - Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Бөлім шетелдегі қазақ жастарын Қазақстан Білім және ғылым министрлігінің бекіткен квотасына сәйкес мемлекеттік грант негізінде, ал Қазақстан Республикаының орта, кәсіби орта (колледж) білім бер ұйымдарының бітірушілерін университет ректорының бұйрығы негізінде ақылы түрде кешенді тестілеуге даярлауда.

Тыңдаушы – талапкерлер дайындық бөлімінде 9 ай бойы білім алып, ортаға бейімделген соң, келесі жылғы кешенді тестілеуге қатысып, алған балдарына байланысты ҚР-де кез келген жоғары оқу орындарын таңдай алады.

Тыңдаушыларға ғылым докторы мен ғылым кандидаттары, магистрлер, ҚР білім беру ісінің үздіктері білім беруде.

Сондай – ақ университет ұжымы тарапынан өнерге, спортқа, ақындыққа әдебиетке бейім жастарға үлкен қолдау көрсетілуде.

Дайындық бөлімінің тыңдаушылары өздерінің білімге деген үлкен құлшыныстары мен өнер, спорттағы жоғары жетістіктерін көрсете білді.

Жаңалықтар

2

Жидебайға саяхат

Жидебай –Абайдың ата қонысы. Қарауыл өзенінің жайылмасында жатқан қалың қорық, шұрайлы жер. Жидебайды Тобықты руының Жігітек атасы мекен еткен. 19 ғасырдың […]

1

Наурыз мейрамы

Наурыз – көне мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан орын алған. Ежелгі заманнан қалыптасқан жыл басы, […]

3

Әдеби музыкалық кеш

Қараша айында Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде алғаш ашылып отырған дайындық бөлімінің өнерпаз тыңдаушылары ұйымдастырған «Армысың, атамекен!» […]

Барлық жаңалықтар