Бақтыбеков Мұхтар Бақтыбекұлы

Scan_20160806_223637_001

1979 жылы 19 қазанда ШҚО Шұбартау ауданы Мәдениет ауылында дүниеге келді.

1986 ж.  1996 ж. аралығында Мәдениет  ауылында Е.Рахмадиев атындағы орта мектепте оқыды.

1997 ж. 2001ж. Казақ мемлекеттік заң Академиясын  (Алматы қ.) «юриспруденция» мамандығы бойынша аяқтады.

Оқу орнын аяқтағаннан кейін 2001-2002 оқу жылында Қазақ мемлекеттік заң Академиясының Семей заң институтында жұмысын бастады және 2016 ж. доктарантураға түскенге дейін ҚазМЗА Семей заң институтының  Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университеті болып қайта құрылылуына байланысты осы оқу орнында жұмысын жалғастырды.    Ғылыми оқытушылық қызметте 15 жылдан астам тәжірибесі бар. Сонымен бірге қосымша Мемлекеттік медициналық университетте (Семей қ.) құқық негіздері пәні бойынша сабақ берді.

2006 жылы Қазақ мемлекеттік заң Академиясында (Алматы қ.) Конституциялық, әкімшілік, қаржы құқығы кафедрасына з.ғ.д., академик Г.С. Сапарғалиевтың ғылыми жетекшілігімен ізденуші болып бекітіліп,  Қазақстан Республикасында әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы мәселелері бойынша ғылыми зерттеу жұмысын жүргізді.

2010 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетіне магистратураға түсіп, 2012 жылы оны аяқтап «құқықтану магистрі» ғылыми дәрежесін алды.  «Қазақстан Республикасының әлеуметтік мемлекет болып қалыптасуының теориялық және тәжірибелік мәселелері» тақырыбында магистрлік диссертациясын қорғады.

ҚазИГЗУ-де жұмыс атқару барысында 2003 ж. Алматы заң Академиясы ҚазГЗУ-де (Алматы қ.) Қазақстан Республикасындағы әділет органдары, мемлекеттік және өзге де құрлымдар қызметкерлеріне арналған біліктілікті жоғарлату курсынан және 2006 ж. Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде мемлекеттік құқықтық пәндер циклы бойынша жоғарлату курстарынан өтті.

2006 ж.  Қазақ гуманитарлық заң университеті Семей заң институтында «жылдың үздік оқытушысы» конкурсының жеңімпазы ретінде дипломмен марапатталды.  

2013 жылы Халықаралық құқыққорғау орталығында медиаторлар курсын аяқтап кәсіби медиатор сертификатын иеленді. «Халықаралық Құқыққорғау Орталығы» қоғамдық ұйымының кәсіби медиаторлар реестрінде тұрып Семей қаласы бойынша медиатор қызметін көрсетеді.

2013ж. -2015жылдарда Семей қ. БҰҰ Даму Бағдарламасыда оралмандардың қалыптасуы мен мәселелері бойынша кеңесші-консультант қызметін атқарды.   

2014 ж. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақ» халықаралық бағдарламасының степендиаты болып Джордж Вашингтон Университетінде (АҚШ, Вашингтон қ.) «Ғаламдық даму мен халықаралық қатынастардың саяси проблемалары» бағытында ғылыми тағылымдамадан өтті, сонымен бірге осы оқу орнында Европа және Евразиялық зерттеулер институтында өз зерттеулері бойынша ғылыми баяндама жасады.  

2016ж. Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң Университет  докторантурасына түсіп, Қазақстан Республикасындағы конституциялық бақылау институтының дамуы мәселелері бойынша ғылыми зерттеу жүргізуде.  

Оқытушылық қызмет барысында ғылыми ізденістермен айналысады, бірқатар мақалаларын жариялады:

«Әлеуметтік мемлекет: қалыптасуы мен даму мәселесі» Ғалымдар мен студенттердің Халықаралық ғылыми тәжірибелік конференциясының ғылыми мақалалар жинағы, М.О.Әуезов атындағы Семей университеті. Семей қ., 23.11.2006 ж.;

 «Меншік институтының мәні мен меншік категориясына көзқарас» Вузаралық ғылыми тәжірибелік конференция «ҚР меншікті қорғау тетіктері», Семей қ., М.О.Әуезов атындағы Семей университеті. 27-28 қараша 2008 ж. ;

 «Инновациялық білім-қоғам дамуы мен тұлғаның қалыптасуының кепілі» Республикалық ғылыми-методикалық конферения «Инновациалық білім және қазіргі қоғам» «Қайнар» Университеті, Семей қ. 19-20 ақпан 2009ж.;

«Қазіргі дамыған мемлекеттер жүйесінде ҚР әлеуметтік мемлекет ретінде қалыптасуы» Халықаралық ғылыми тәжірибелік конференция «Қазақстанның индустриальды-инновациалық дамуы: экономикалық, әлеуметтік және құқықтық  аспектілері», «Қайнар»  Университеті, Семей қ.,  27-28 мамыр 2009ж.;

«Болон процессіндегі қазақстандық білім беру жүйесінің қалыптасуы мен дамуының кейбір мәселелері» Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция  «Әуезов оқулары-2009» ҚазИГЗУ   Семей қ., 2009ж.;

«Әлеуметтік мемлекеттің дамуында тұлғаның қалыптасуының кейбір мәселелері» Республикалық  ғылыми-тәжірибелік конференция  «Әуезов оқулары -2010» ҚазИГЗУ   Семей қ., 2010ж.;

«Жастардың инновациялық мүмкіндіктерін қалыптастырудың алғышарттары мен негіздері» Республикалық  ғылыми-тәжірибелік конференция  «Әуезов оқулары» ҚазИГЗУ   Семей қ., 2011ж.;

«Әлеуметтік мемлекеттің дамуында тұлғаның қалыптасуының кейбір мәселелері» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция  «ҚР саяси жүйесінің мемлекеттік құқықтық негіздері» Л.Н.Гумилев атындағы  Евразиялық Ұлттық Университет,  Астана қ., 29 қазан 2010ж.;

«Әлеуметтік және құқықтық бастаулардағы қайшылықтар мемлекеттің дамуы мен құқықтық табиғатының ерекшелігі: қазіргі тенденциялық теориясы» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция «Құқық және  модернизация: басымдылықтары мен стратегиясы» ҚазИГЗУ  Семей қ., 27-28 сәуір 2012ж.;

«Қоғамдағы негативті құбылыстардың (девианттық әрекеттердің) теориялық негізі мен оның алдын алудағы әлеуметтік саясат» ҚазИГЗУ Жаршысы  №4, Семей қ.,  2012 ж.;

«Әлеуметтік қоғамда тұлғаның өзін өзі жүзеге асыруының немесе құқықтық әлеуметтенуінің мәселелері: әрекет пен девианттық әрекет» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция  «Әйелдердің интелектуалды және кәсіби мүмкіндігі: проблемалар мен перспективасы» ҚазИГЗУ  Семей қ., 23-24 желтоқсан, 2012ж.;

«Қазіргі мемлекеттер арасында интеграцияның қалыптасу үрдісі: құқықтық негіздері мен перспективасы» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция  «Жібек жолы: интеграция және жаһандану жағдайында қатынастардың» ҚазИГЗУ  Семей қ., 15-16 мамыр, 2014ж.;

Келесідей марапаттарға ие:

2002ж. ҚазГЗУ СЗИ Алғыс хаты;

2003ж. ҚазГЗУ СЗИ Алғыс хаты;

2006ж., 2010ж.,2012ж., ҚазИГЗУ Алғыс хаты;

Қоғамдық қызметі:

  • Семей қаласында сайлау алды шараларда ақпараттандыру жұмыстарын жүргізді, («референдум өткізу мен әртүрлі сайлау жүйелері» сұрақтары бойынша лекциялар оқып, семинарларға қатысты, Семей қаласының тұрғындарына сайлау процессінің негізгі мәселелерін түсіндірді );
  • Білім және ғылым Министрлігінің Аралық Мемлекеттік Бақылауды өткізу бойынша комиссиясы құрамында болып 2008 ж. Кокшетау және 2009 ж. Астана қ. ЖОО-да іс-шараны өткізуге қатысты;
  • ҚР Президентінің Жолдауларын қоғамға жеткізу мен түсіндіру бойынша Ақпараттық насихаттық топ жұмысына қатысты;
  • «Қазақстан «Семей»» телеарнасында әлеуметтік-құқықтық сұрақтар бойынша дисскусия мен дебаттарда түсініктеме берді;

Әскери міндетке қатысы, әскери дәрежесі:  лейтенант

Жеке тұлғалық қасиеттері:

Қарым-қатынас құра білу, жауаптылық, еңбекқорлық, бастамашылық, мақсатты түрде жеке баспен жұмыс істей отырып үнемі кәсібилікті артыру, уақыт және заман талабына сай болу, жұмысқа шығармашылық және біліктілікпен араласу. 

ҚызығушылықтарСпорт, музыка, кітап оқу.

E-mail:  mukhtar-79@mail.ru

Создано 07.11.2016

Обновлено 07.11.2016