Әбікенова Гүлнат Төкенқызы

%d0%b3%d1%83%d0%bb%d1%8c%d0%bd%d0%b0%d1%82-%d1%82%d0%be%d0%ba%d0%b5%d0%bd%d0%be%d0%b2%d0%bd%d0%b0

Әбікенова Гүлнат Төкенқызы -  1976 жылы 1 караша айында Абай ауданы Қайнар ауылында дүниеге келген.
1983-1993 жылдары  Сапарғали Бегалин атындағы Қайнар орта мектебінде оқыған.
1993-1997  жылдары Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін  қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша үздік бітірген.
1998-2000 жылға дейін Семей қаласы, Қаржы мемлекеттік институтында «Тілдер» кафедрасында оқытушылық қызмет атқарған.
2000-2003 Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Қазақ филологиясы» кафедрасында оқытушы,
2003-2006 жылға дейін Семей мемлекеттік педагогикалық  институтының «Қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі» кафедрасында аға оқытушы, 
2006 жылдан М.Әуезов атындағы Семей университетінің қазақ филологиясы кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарған. Қазіргі уақытта Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің филология кафедрасында доцент қызметін атқарады.

Ғылыми зерттеу бағыттары: қазақ тілінің стилистикасы, мәтін лингвистикасы, когнитивті лингвистика.

2005 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті жанындағы диссертациялық кеңесте «М.Мағауин шығармаларындағы автор бейнесі мен кейіпкер бейнесінің берілу жолдары» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған.

2010 жылы әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті жанындағы диссертациялық кеңесте «Көркем мәтінтүзуші мағыналық-құрылымдық бірліктердің теориялық негіздері» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. «Қазақ тілінің практикалық стилистикасы» (2006), «Когнитивті лингвистика»(2009), «Қазақ тілінің морфологиясы» (2013), «Лингвомәдениеттану» (2011), «Көркем шығармадағы мәтінтүзім мәселелері»(2010), «Көркем мәтінді лингвистикалық талдау» (2013), «Мәтін семантикасы (2014) атты оқу құралдары мен «М. Мағауин шығармаларының тілі» және ««Көркем мәтінтүзуші мағыналық-құрылымдық бірліктердің теориялық негіздері» атты ғылыми монографиялардың авторы  2013 жылдан Республикалық «Абай мұражайының Хабаршысы» журналының редакциялық алқа мүшесі, 2014 жылдан «Әдіскер әлемі» журналының редакциялық кеңес мүшесі.

2014 жылы сәуір айында Түркия Республикасы Стамбул университетінде 72 сағаттық біліктілікті арттыру курсынан өтті. 2014 жылы шілде айында А.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті жанындағы тіл білімі институтында   біліктілікті арттыру курсынан өтті.

2014 жылғы Республикалық «ЖОО үздік оқытушысы» атағының иегері.

Создано 04.11.2016

Обновлено 04.11.2016