Қаражанов Малик Дулатұлы

20160807_111700-2Ғылыми дәрежесі мен атағы: «Құқықтану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD), ҚазИГЗУ доценті

Қылмыстық процестегі сот дәлелдемелер теориясы мәселелері саласындағы маман (2007 ж.), экологиялық қауіпсіздіктің тәжірибелік мәселелері (қылмыстық-құқықтық және криминологиялық аспект) саласындағы маман (2013 ж.)

Ғылыми мүдделері: Қылмыстық және криминологиялық аспектідегі экологиялық қауіпсіздіктің өзекті сұрақтары, экологиялық нормалар мен талаптарды бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылық сұрақтары.

80 жуық ғылыми еңбектер авторы, оның ішінде 4 оқу және оқу-әдістемелік құралы, 4 монография. Екі оқу құралында айрықша авторлық құқық куәлігі бар: «Сот дәлелдемелер теориясы». Оқу құралы. (куәлік №988 от 3 маусым 2014 ж. ҚР ӘМ Зияткерлік меншік құқығы бойынша комитеті) және «Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалау». Оқу құралы (куәлік №961 от 29 мамыр 2014 ж. ҚР ӘМ Зияткерлік меншік құқығы бойынша комитеті).

Қаражанов Малик Дулатұлы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің қаржыландырылған гранты негізінде «Қылмыстық процеске тартылған тұлғалар мен субъектілердің құқықтарын қамтамасыз етуде мемлекеттік емес детективтік қызметтің теориялық-құқықтық мәселелері» тақырыбындағы зерттеу жобасының тең авторы (2012-2014 жж.)

Қазақстанда БҰҰ бағдарламасында 2014-2015 жж. жоба жетекшісі, тақырыбы: «Халыққа әлеуметтік қызметтерді көрсету және аймақтық жоспарлауға инновациялық тұрғыны енгізу арқылы аймақтық бәсекеге қабілеттілігін арттыру (Семей өңірі мысалында)» өзара бағдарлама

«ЖОО үздік оқытушысы – 2014» мемлекеттік грант иегері

Сертификаттар мен куәліктер: 1. ҚР БҒМ Ұлттық аккредитациялық орталығының «Болондық процесс. ЖОО институционалдық аккредитация кезінде сыртқы бағалау тәртібін өткізу» семинарын тыңдағаны туралы сертификат 27-28 қараша 2008 ж.

  1. Курсты меңгергені туралы куәлік «Дистанциондық білім технологиялары» Қазақстандық-Ресей университетінің Біліктілікті көтермелеу және кадрларды қайта даярлау орталығында 20120 жылдың 4 қазаннан 13 қазаны;
  2. ҚаИГЗУ-нің ПОҚ арасында ұйымдастырылған «Үздік ғалым - 2013» номинациясында 3 орын сертификаты;
  3. Скопус компаниясының 2014 жылдың 11 желтоқсанындағы сертификаты;
  4. Алтай құқық және экономика академиясында ғылыми тағлымдама 2015 ж.;

ҚР ӘМ Заңнама институтында ғылыми тағлымдама (2015 ж.);

Создано 08.08.2016

Обновлено 05.12.2016