Декан ГумФак

Сейітова Шынар Ботайқызы

Филология ғылымдарының докторы.

1999 жылы «Өсімдік атауларына қатысты тұрақты тіркестер» тақырыбындағы кандидатық, 2009 жылы «Қазақ этнонимдерінің тарихи-лингвомәдени жүйесі» аталымындағы филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін жазған жұмысын А.Байтұрсынұлы ат. Тіл білімі институтының филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі диссертациялық кеңесінде қорғап шықты. Жүзге тарта мақалалары жарық көрді. Зерттеу жұмысының тақырыбы мен мазмұнын сипаттайтын мақалалары халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдарында, ғылыми журналдарда және шетелдік басылымдарда (ҚХР, МХР, Польша, АҚШ) т.б. жарияланды. Студенттердің, магистранттардың жергілікті жер материалдары негізіндегі (ономастика, этнолингвистика, лингвомәдениеттаным) ғылыми жұмыстарына жетекшілік жасайды.

Шынар Сейітова «Ет және сүт өнеркәсібіндегі терминдер сөздігі», «Ана тілің – асыл қазынаң», «Қазақ тілі – Қазақстан темір жолында», «Этнолингвистика» сынды оқу-әдістемелік құралдарын, үш монографиясын дайындап шығарған.

2009 жылдың Тәуелсіздік мейрамы қарсаңында ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан «ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» және «Шәкәрім» белгісімен марапатталды. «2012 жылдың ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағының иегері.

Создано 08.08.2016

Обновлено 08.08.2016