Новый рисунок

Жарықбасова Клара Сауыққызы

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің оқу-әдістемелік жұмыстары бойынша проректоры.

Техника ғылымдарының докторы.

Докторлық диссертация тақырыбы - «Аймақтың техногенді жүктемесін  есепке алғандағы функционалды сүт өнімдерін өндірудің теориялық және практикалық негіздері» .

3 монография, 8 аналитикалық  шолу шығарылды:

Қазақстан Республикасының және алыс- жақын шетелдердің ғылыми журналдардарында 30-дан астам ғылыми зерттеулері баспаға шықты :

Авторлық куәліктер, патенттер және өнертабыстары :

  1. Алдын-ала патент беру туралы өтініш « Балмұздақ даярлау композициясы» № 2003/0230.1.17.02.2003
  2. Жарма қосылған «Здоровье» қаймағының өндіру әдісі. Патент № 41736, № 2003/0564.1 23.04.2003
  3. Алдын-ала патент беру туралы өтініш «Балкөже» қышқыл сүт өнімі және оның өндірісі» № 9710888.1 18.12.1997.
  4. Алдын-ала патент беру туралы өтініш « «Шырай» сүзбесінің өндірілу әдісі», № 21900 25.09.2009.
  5. №1188 24 маусым 2014 жылдан  авторлық құқық объектіне мемлекеттік құқық тіркеуі туралы куәлік. Радиациялық тәуекелдің шикізат аймағын анықтау мақсатымен карта жүйесін құру (әдеби шығарма)  .

«ХС ISO 9001-2000 базасында мамандарды сапа менеджменті жүйесі бойынша дайындау» курсынан өтті.  (2004)

 ШҚО бойынша Техникалық бағдарлау және метрология комитеті Департаменті бөлімімен бірлесіп сапа менеджменті жүйесін  Семей қаласының ЖОО-дарына енгізу және құру бойынша үлкен жұмыс атқарды.   Оның басшылығымен сапа менеджменті жүйесі 2005 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетіне  , 2006 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық инстиутына, 2007 жылы Семейдегі  М.О.Әуезов атындағы университетіне енгізіліп сертификатталды.

2009 жылы «ЖОО үздік оқытушысы» атағын иеленді.

2010 жылы Шәкәрім атындағы Семей мелекеттік университетінде 05.18.04 – ет, сүт, балық өнімдері және тоңазыту өндірісінің технологиясы мамандығы бойынша докторлық диссертациясын қорғады.

2014 жылдан бастап:

- ҚР білім беру және ғылым Министрлігі қаржыландыратын «сүт өнімдерін өндіруде иммунитетті тұрақтандыру белсенділігіне ие синбиотикалық капсулаландырылған препараттарды пайдаланудың ғылыми-практикалық мәні»  тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысын орындаушы.   

- ҚР білім беру және ғылым Министрлігі қаржыландыратын «ісікке қарсы қасиеті бар емдік өсімдіктерді   ферменттелген сүт өнімдерін өндіруде пайдаланудың биотехнологиялық  тәсілдерінің жобасы  »  тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысының жетекшісі.  

Төмендегідей марапаттарға ие:

- 2013 жылы «Сараптау және сертификаттаудың ұлттық орталығы» АҚ  алғыс хаты;

- 2014 жылы « Қазақстан Республикасының ғылымына қосқан үлесі үшін» төс белгісі.

Создано 08.08.2016

Обновлено 08.08.2016