12788798_144622462595184_1703619495_o — 2

Зиядин Саябек Тәттібекұлы

Қаржы-экономикалық факультет деканы

Экономика ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор, МАА академигі, Ресей жаратылыстану академиясының корреспондент-мүшесі.

Ғылыми-зерттеу аясы: қаржы, маркетинг, туризм, банктік тәуекелділік, кәсіпкерлік.

Жеке және кәсіби жетістіктері:

- 100-ден аса ғылыми жарияланымдардың авторы, оның ішінде Tomson Reuters Scientific, SciVerse Scopus, Index Copernicus және ҒЦРИ базасына енетін журналдар, импакт факторы нөлдік емес журналдарда жарияланған;

- Ресей Федерациясының құрметті ғылым докторы

- ҚР Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясының иегері.

- «ЖОО үздік оқытушысы» атағының иегері (2013 ж.)

- Талантты жас ғалымдарға арналған Мемлекеттік стипендия иегері (2013 ж.)

- «Отандық ғылымның алтын қоры» ұлттық бағдарламасы аясында және «Еуропалық ғылыми-өнеркәсіптік консорциумның» марапаттау комиссиясының шешімімен LABORE ET SCIENTIA – ТРУДОМ И ЗНАНИЕМ орденімен марапатталды.(www.euscience.info). Сонымен қатар  «Құрметті ғылым докторы (DOCTOR OF SCIENCE, HONORIS CAUSA)» РАЕ атағына ие болды (2014 ж.)

- Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласына қосқан зор үлесі үшін ҚР БҒМ-нің «БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ» төсбелгісінің иегері (2015 ж.)

Қоғамдық іс-шараларға қатысуы:

- 2010 жылдан бері ҚР БҒМ РОӘК мүшесі;

- ҚР БҒМ-ң оқулықтар дайындау және шығару бойынша сараптама комиссиясының мүшесі;

- «Дельта России»  журналының редакция алқасының мүшесі;

- «Education-Образование» ғылыми журналының редакция алқасының мүшесі.

 

Создано 08.08.2016

Обновлено 08.08.2016