Халықаралық ынтымақтастық және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жөніндегі проректор

DSC_9277

2017 жылы жүзеге асыруға жоспарланған Қазақстанның ЖОО-ның топ-менеджментіне шетел мамандары мен ғалымдарын шақыру бағдарламасы аясында, Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі Департаментінің бұйрығымен КазГЮИУ-ге халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор қызметіне профессор Кафтанджиев Христо Николов, филология ғылымдарының докторы тағайындалды.

Профессор Х.Кафтанджиев  семиотика, жарнама және маркетингтік коммуникация саласында Болгарияда және Еуропада атақты ғалымдардың бірі. 

Профессор Х.Кафданджиев мырзаны АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Швеция, Германия, Голландия, Бельгия, Швейцария, Австрия, Чехия, Македония, Сербия, Словения, Хорватия, Босния, Черногория, Греция, Италия, Португалия, Латвия, Литва, Эстония, Армения мемлекеттеріне дәріс оқуға шақырады, одан басқа Ресейде (Мәскеу, Санкт-Петербург, Екатеринбург, Томск, Самара, Ростов-на-Дону, Калининград, Уфа, Казань, Новосибирск, Барнаул, Ставрополь), Белоруссияда, Украинада (Киев, Одесса, Харьков) да дәріс оқыған.

Профессор Х.Кафтанджиев 90-ға жуық жарнама және коммуникация туралы семинарлар, тренингтер, маркетинг бойынша мастер сыныптарды Еуорпа мен Азия мемлекеттерінде өткізген. Бірнеше рет еуропалық компанияларға жарнамалық стратегияны өңдеуші консультант  ретінде шақырылған.

Христо Кафтанджиев- жарнама және семиотика саласында көптеген ғылыми мақалалардың және 9 кітаптың авторы, бірнешеуі Болгарияда басып шығарылған.

Әлемдік ғылыми қоғамдастықтағы ерекше  жетістіктерінің бірі Х.Кафтанджиевтің филология және семиотика саласының - American Journal of Linguistics ғылыми журналының бас редакторы болып тағайындалуы. Одан басқа Х.Кафтанджиев мырза  Scopus ғылыми деректер базасына киретін халықаралық ғылыми басылымдар редакция алқасының мүшесі, айта кетсек: “International Journal of Marketing Semiotics”, “Journal of Social Sciences Studies”, “International Journal of Business and Economics Research”, “Advances in Sociology”, “Сауда-экономикалық журналы”.

КазГЮИУ-дің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор қызметін атқаруға негізгі бағыттар айқындалды:

  1. Студенттер мен магистранттарға және ПОҚ-на арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасын дамытуға жәрдемдесу.
  2. Университеттің ЖОО-ның халықаралық ассоциасына енуі.
  3. Көптілділік бағдарламасының қағидаларын жүзеге асыруға жәрдемдесу.
  4. Халықаралық академиялық және ғылыми ынымақтастықты, шетелдің жоғары оқу орындарымен серіктерсті орналастыру.
  5. Халықаралық білім нарығында КазГЮИУ-дің иммиджін көтеру.
  6. Шетелдің серіктес жоғары оқу орындарымен ұйымдастырылған ғылыми-практикалық конференцияларына ПОҚ-ның және студенттердің белсенді қатысуын арттыру.
  7. Импакт-факторы жоғары халықаралық басылымдарға КазГЮИУ ғалымдарының мақалаларын жариялауға ынталандыру.
Создано 26.05.2017

Обновлено 28.02.2018