Университет туралы ақпарат

Университет тарихы 1998 жылдан басталады.  Университет Қазақ мемлекеттік заң академиясының филиалы ретінде қызметін бастаған.

2007 жылғы жоғарғы оқу орындарын оңтайландыру және нығайту процесіне байланысты қаланың екі университетінің- Семей қаласының заң инстиуты мен М.О.Әуезов атындағы университеттің бірігуі орын алды.

2009 жылғы 6 ақпаннан бастап білім беру мекемесінің атауы «Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті» деп өзгертілді.

УНИВЕРСИТЕТ ТУРАЛЫ:

Университет миссиясы: аймақтың индустриалды-инновациялық дамуын көздейтін әртүрлі бағыттағы жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білімі бар  бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау.

Болжау:   Қоғамның өзгерісте болатын қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған  аймақтық университет.

Университеттің стартегиялық дамуының басты мақсаты Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы интеграция жағдайында жұмыс атқара алатын бәсекеге қабілетті мамандарын кешенді даярлау болып табылады.

2018 жылға дейінгі алға қойылған мақсаттарға жету үшін университет келесі міндеттерді анықтайды:

    • Менеджменттің заманауи технологиясы негізінде басқару;
    • Үздіксіз білім беруді дамыту жолымен  өмір бойы оқу мүмкіншілігін қалыптастыру;
    • Инновациялық технологиялар негізінде білім беру қызметтерінің түрлерін дамыту және сапасын арттыру;
    • Білім беру қызметіне сұранысты болжау және  жинақталған топты  басқару прогнозирование спроса на образовательные услуги и управление набором;
    • Нарықта  талап етілетін ғылыми бағыттардың  дамуы үшін аймақтық  бизнеспен және өнеркәсіппен қарым-қатынасты нығайту;
    • Ғылым мен  мәдениет облысында халықаралық әріптестікті дамыту, өзара іс-қимылдың жаңа түрлерн қалыптастыру;
    • Ұлттық және халықаралық деңгейде оқытушылар, студенттер және магистранттарды кең ауқымда академиялық ұтқырлықпен қамту;
    • Жетекші ғалымдарды, ғылыми ұжымдар, ғылыми және ғылыми-педагогикалық мектептерді қолдау;
    • Префессорлық-оқытушылық құрамның шет тілді коммуникативті құзіреттілігін қамтамасыз ету;
    • Материалдық-техникалық базаның және ғылыми-білім беру ортасының жақсаруы;
    • Жастардың белсенді азаматтық орнын анықтап алу, олардың бойында әлеуметттік жауапкершілікті , патриоттық сезім және лидерлік қасиеттерді қалыптастыру;
    • Соңғы нәтижеге бағдар жасау.

    ҚазИГЗУ өз қызметінде ҚР-ның «ҚР-дағы білім беру туралы» заңы, ҚР-ның білім және ғылым Министрлігінің нормативті құжаттары, білім беру мекемесі «Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің» жарғысына  сүйенеді.

    Жоғарғы алқалы басқару органы Ғылыми Кеңес болып табылады.

    2009 жылдан бастап университеттің жарғы функцияларын жүзеге асыруы және қаржылық қолдауды қамтамасыз ету, материалдық-техникалық базасын нығайтуға септігін тигізу мақсатында қызметтің ұйымдастырылуына қызығушылық танытатын атқарушы органдармен қарым қатынаста болатын қоғамдық орган ретінде қамқоршылық кеңесі құрылды.

    Бүгін де ҚазИГЗУ   жоғарғы білікті профессорлық-оқытушылық құрамы бар көпсалалы ЖОО. ҚазИГЗУ университеттердің Ұлы Хартиясына қол қоюшы болып табылады.  (15-17 қыркүйек 2010 ж. Болонья, Италия).

    Университет  халықаралық білім беру ассоциациялардың мүшесі болып табылады:

    Азия елдері университеттерінің ассоциациясы (Ресей федерациясы) (Азия елдерінің университеттерінің ассоциациясын құру туралы меморандум 30.06.2012);

    Қазақ-Белорус ғылыми-білім беру консорциумы (9 қараша 2012 жылғы қосылу туралы хаттама);

    Болон үрдісінің қағидаттары енгізілді.

    Университетте бакалавриат- 28 мамандығы, магистратура -7, докторантураның -1  мамандығы бойынша  4000-ға жуық білім алушы бар.

    Универсиетте 4 факультет  (заң, гуманитарлық, ақпараттық-техникалық, қаржы-экономикалық) және 10 кафедра жұмыс істейді.

    ҚазИГЗУ Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті тарапынан қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық байқауларға қатысу үшін аккредитациялаудан өтті. (ҚР БжҒМ 22.08.2011 ж. № 001789 Аккредитациялау туралы куәлігі )

    ҚазИГЗУ Болон үрдісінің қағидаттарын енгізу негізінде жалпы білім беру кеңістігінің интеграциясына септігін тигізетін  Ресей, Қырғызстан, Түркия, Италия, Ұлыбритания университеттерімен әріптестік туралы келсімшарт жасасты.

    Аталған келісімшарттар академиялық және ғылыми алмасуларды дамыту бойынша, семинарларға қатысу, бірлескен конференция, симпозиумдар өткізу, жобаларды жасау тәжірибесімен алмасу, бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, білім беру мен ғылымды қолдауға арналған әртүрлі фондтардың қаржылық қолдауы  бойынша бірлескен қызметтерді қарастырады.

    Университетте студенттердің патриоттық тәрбиесіне баса назар аударылады.

  • «Жас заңгерлер достастығы» ҚҚ (ЖЗД) мүшелері соңғы жылдары ШҚО ішкі саясат Департаментінің 6 грантын жеңіп алды.

ЖЗД ШҚО жас мемлекеттік қызметкерлер ассоциациясы, «Нұр Отан» ХДП жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының ШҚО-дағы филиалы, ҚР Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясының  стипендиаттары ассоциациясының ШҚО-дағы филалдарымен әріптестік жөнінде меморандум жасады.

Студенттік өзін-өзі басқару жалпы универсиеттік жүйенің ажырамас бөлігі болып табылады және студенттік өмірді ұйымдастырудың маңызды қызметтерін жүзеге асырады. Студенттік өзін-өзі басқарудың басты мақсаты болып болашақ мамандардың бойында лидерлік қасиеттерін қалыптастыру табылады.

Біріңғай ақпараттық жүйе құрылған, оқу үрдісін кітапханалық қамтамасыз ету заманауи талаптарға сай.  Университет ақпараттық базаларға электронды пошта және ғаламдық INTERNET желісі арқылы жол ашады.

Университет студенттері жаңа типтегі, сапалы тұрғын үймен қамтамасыз етілген.  Университеттің  заманауи жатақханасында тұрмысқа жайлы және оқу мен қолайлы өмір сүруге барлық жағдай жасалған 500 орын бар. Жатақхана бөлмелері бүгінгі заман талабына сай, жаңа жабдықтармен жабдықталған.

Жатақханада студенттерге барлық жағдайлар жасалып, оқу залы, демалыс бөлмесі, медициналық бөлме, автоматтандырылған кір жуатын бөлмелермен жабдықталған.

Жатақханада  тиесілі мамандардан басқа студентердің құқықтарын қорғайтын студенттер кеңесі және студенттердің қауіпсіздігін бақылайтын күзет бөлімі жұмыс жасайды. Жатақханада студенттер кеңесінің ұйымдастыруымен мерекелік кештер, кездесулер, ойын – сауықтар өткізіліп тұрады. Жатақханада жыл сайын қалыптасқан дәстүр бойынша «Ең үздік бөлме», «Алтын күз», «Караоке турнир», «День кино» және көптеген кездесулер өткізіліп отырады.

Университетте студенттерді сапалы ыстық тағаммен қамтамасыз ету үшін барлық жағдайлар жасалған.Университтетің әкімшілік ғимаратында асхана, барлық оқу ғимараттарында 40 орындық буфеттер санитарлық-гигиеналық нормаға сай жұмыс жасайды. Барлық оқу ғмараттарындағы буфеттердің ас мәзірі бірдей. Түскі астың орташа құны – 300-370 теңгені құрайды.

Университетте көрсетілетін медициналық көмек арнайы қызметкерлермен және Семей қаласындағы  № 5 емхана қызметкерлерімен жүзеге асырылады.

Медициналық көмек Студенттер үйінің бірінші қабатында орналасқан медициналық пункте көрсетіледі.

2014 жылдан бастап №3 оқу ғимаратында екінші медициналық кабинет қызмет көрсетеді.  2016 жылдың қыркүйек айынан бастап №1 оқу ғимаратында медициналық кабинет ашу жоспарланса, 2017 жылы медициналық кабинеттерді № 2 оқу ғимараты мен әскери кафедра базасында жоспарланған.

Мультимедиялық оқыту бағдарламалары мен ақпараттық ресурстарды қолдануды қоса алғанда оқытудың ақпараттық технологиясын енгізуге, электронды оқулықтарды, корпоративтік және аймақтық  желілерді жасауға үлкен маңыз беріледі.

Университетте «Университет хабаршысы» ғылыми журналы шығарылады.

27.08.2011 жылғы ҚР Үкіметінің № 997 қаулысымен ҚазИГЗУ жанынан әскери кафедра ашылды.