Қайшатаева Әсел Қуандыққызы

Стратегиялық даму және ғылым жөніндегі проректоры

Кайштаева А.К.Тегі, аты, әкесінің аты Кайшатаева Асель Куандыковна

Лауазымы, жұмыс, қызмет орны Қазақ инновациялық  гуманитарлық-заң  университеті Стратегиялық даму және ғылым жөніндегі проректоры

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы заң ғылымдарының кандидаты

Ғылыми қызығушылығы:

Азаматтық құқық, отбасылық құқық, кәсіпкерлік құқық, халықаралық жеке құқық, азаматтық және төрелік процесс. Кандидаттық диссертациясының тақырыбы «Қазақстан Республикасындағы сабақтас құқықтардың азаматтық-құқықтық реттелуі».

Қайшатаева Ә.Қ. ғылыми-педагогикалық жұмыс жылдарында 30 дан астам ғылыми еңбектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрді. Жеке және кәсіби жетістіктері:

Білім беру сапасын қамсыздандыру Тәуелсіз Қазақстандық Агенттігінің сарапшы мәртебесін алып, Қазақстан жоғары оқу орындарын институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу аясында сараптау топтарының мүшесі ретінде шақырылды. (2013)

Омаха қаласындағы (АҚШ) Небраска Университетінде ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтуге «Болашақ» Президенттік стипендиясының стипендианты атанды. (2014)

Франция, Польша, Қытай жоғары оқу орындарының ғалымдарымен ынтымақтастық орнатқан. 2015 ж. «Қазақстандағы шетелдік қызметкерлердің еңбектерің құықтық реттеу», «Қазақстанның сауда құқығы» пәндері бойынша ағылшын тілінде Шыңжан университетінің Құқық мектебіне магистранттарға дәріс оқу үшін шақырылды. 2015-2016 оқу жылында Басқару және қаржы жоғары мектебіне (Польша, Белосток қ.), София Антиполис атындағы Ницца университіне (Франция, Ницца қ.) дәріс оқуға шақырылды. Еуропалық университет ассоциациясының, Қазақстан-Белорусь ғылыми-білім беру консорциумының және Азия жоғары оқу орындары ассоциациясының нақты өкілі болып келеді.

Қоғамдық өмірге қатысуы:

Педагогикалық және ғылыми қызметін белсенді түрде қоғамдық қызметпен біріктіреді, «Заңтану» мамандығы бойыншща Республикалық оқу-әдістемелік секцияның мүшесі, жас оқытушыларға әдістемелік  көмек көрсетеді. «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің, «Жасыл көпір» коммуникативтік G-global алаңының және «Жасыл экономика» жобасын насихаттау тобының белсенді мүшеі болып табылады.

Марапаттау

Педагогикалық және ғылыми қызметі ШҚО мен Семей қ. әкімнің грамоталарымен, Университет ректорының алғысхаттары мен дипломдарымен белгіленді.

Корпус мекен-жайы және кабинеті: Мәңгілік Ел к-сі 11, кабинет 19.

Тел/факс: 8 (7222) 36-01-99, e-mail:

E-mail: aselkz@list.ru

Жеке сұрақтар бойынша қабылдау уақыты: Дс-жұма, 10:00-нан 12:00-ге дейін

Создано 31.03.2016

Обновлено 06.01.2020