Магистратура

RvumlQYBtsc 2

Қазақстан инновациялық гуманитарлық-заң университеті
Ғылым және жоғары білім беруден кейінгі білім беру орталығы

 

 "Біз университеттік білім беру мен ғылымның жаңа деңгейде дамуын қамтамасыз етуге міндеттіміз!"

Н.Ә.Назарбаев

КазГЮИУ МАГИСТРАТУРАСЫ:

ҚҰЗЫРЕТТІЛІК

ДАМУ

ЖЕТІСТІК

КазГЮИУ магистратурасы – сәйкесінше мамандық бойынша «магистр» академиялық дәрежесін тағайындайтын ғылыми, педагогикалық және басқару кадрларын даярлауға бағытталған ЖОО кейінгі білім берудің кәсіби оқу бағдарламасы.
КазГЮИУ магистратурасында білім алу екі бағытта жүргізіледі:

Бағдарлық магистратура (1 жылдық оқу мерзімімен) терең кәсіби даярлыққа ие кадрларды (соның ішінде басқарушылық), экономика, медицина, құқық, өнер, қызмет көрсету мен бизнес салалары үшін топ менеджерлерін даярлау бойынша ЖОО-нан кейінгі білім берудің кәсіби оқыту бағдарламаларын жүзеге асырады.

Ғылыми және педагогикалық магистратура (2 жылдық оқу мерзімімен) терең ғылыми-педагогикалық даярлыққа ие жоғары білім беру, ЖОО білім беруден кейінгі және ғылым салалары үшін ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлау бойынша ЖОО-нан кейінгі білім берудің кәсіби оқыту бағдарламаларын жүзеге асырады.

ҚазИГЗУ магистратурасында кадрларды даярлау келесі мамандықтар бойынша жүзеге асырылады:
6М010300 «Педагогика және психология»
6М011400 «Тарих»
6М020500 «Филология»
6М030100 «Заңтану»
6М050600 «Экономика»
6М060200 «Информатика»

КазГЮИУ магистратурасындағы оқу үрдісі кредиттік оқыту технологиясы бойынша жүзеге асырылады. 2014 жылдан бастап университеттің ЖОО білімнен кейінгі білім берудің оқу жоспары халықаралық білім беру стандартына бағытталған білім берудің жоғарғы деңгейлі икемделінген магистр-маманын даярлауды қамтамасыз ететін шетелдік ЖОО-дарымен бірлескен магистрлік бағдарламалардың, халықаралыққа негізделген элективті пәндердің, шетел тілдерінде жүргізілетін пәндердің элементтерін қоса қарастырады.

КазГЮИУ-де болашақ жұмыс берушілермен тығыз қарым-қатынаста талапкерлер мен жұмыс берушілердің ортасында мақсатты аудиторияға практикалық-бағыттылық нақты байланысын жасаушы және еңбек нарығының сұраныстарына бағытталған арнайы магистрлік бағдарламалары жасалынған.

«Зерттеу арқылы оқыту» университет жұмысының негізгі ұстанымдарын жүзеге асыру үшін магистратура бағдарламаларында білім мен ғылымды интеграциялау қарастырылған. КазГЮИУ базасында магистранттардың зерттеу практикаларының базасы болып табылатын аймақтың жетекші ғалымдарының жетекшілігіндегі 6 ғылыми-зерттеу орталығы жұмыс жасауда.

КазГЮИУ магистранттары академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша Қазақстанның, Ресей, Англия, Чехия, Түркия және т.б. елдердің жетекші университеттерінде оқып, ғылыми тағылымдамадан өтеді. КазГЮИУ магистранттары элиталық шетелдік ЖОО-дарында білім алу мүмкіндігін беретін «Болашақ» халықаралық бағдарламасының қаысушылары болып табылады.

"Ғылым шексіз, онда күн сайын жаңа мәселелер пайда болуда, сондықтан университеттік білім беру ғылым қазынасына өз үлесін қосуға талпынуы тиіс."

Д. И. Менделеев

Оқу үрдісіндегі инновациялық қарым-қатынас

Оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану
Икемделінген оқу жоспарларының болуы
Оқу үрдісін оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыздандырылуының жоғары сапасы
Компьютерлендірудің жоғары деңгейі
Оқу дәрісханаларының қолайлылығы және LCD-проекторлармен, WEB –камералармен, лингафон құрылғыларымен жабдықталуы.

Білім беру бағдарламаларының сапалылығы және оқыту әдістері

Атақты ғалымдардың болуы, олардың жоғары ғылыми және шығармашылық әлеуеті
Оқу жоспарларындағы ғылыми және оқыту құрамдас бөліктерінің сәтті үйлесімділігі
Шетелдік ғалымдардың дәріс оқуы
Арнайы «Кәсіби-бағытталған» магистрлік бағдарламалар бойынша оқыту
Оқу жоспарларында шетелдік ЖОО-дарымен бірлескен магистрлік бағдарламалардың, халықаралыққа негізделген элективті пәндердің, шетел тілдерінде жүргізілетін пәндердің болуы
Академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша оқыту

Білім беру траекториялары мен оқытудың қолайлы кестесі

Жеке білім беру траекторияларын қалыптастыру
Сабақтың қолайлы кестесі (кешкі уақытта)
Магистратураның сәйкесінше кәсіби оқу бағдарламасы үшін қажетті мамандықтың пререквизиттерін меңгеру үшін адаптациялық оқу курстарының болуы
Ғылыми және педагогикалық қызметпен айналысуды қалайтын бағдарлық магистратураны бітірген магистранттардың педагогикалық бағыттағы бағдарламаны қосымша меңгеруі
Шетел тілдерін қарқынды оқу

Жоғары ғылыми-зерттеу әлеуеті

Беделді ғылыми мектептердің қызмет жасауы
Білім беру бағдарламаларының фундаменталды және қолданбалы зерттеулерге негізделінуі
Ғылыми-білім беру шаралар тізбегі арқылы ғылыми басымдылықтар жүйесіне магистранттарды қосу
Ғылыми орталықтарда, зерттеу зертханаларында зерттеу тәжірибесінен өту
Шетелдік ғылыми тағылымдамадан өту
Шетелдік университеттермен ғылыми байланыстар мен тұрақты әріптестік қарым-қатынасты орнату
«ҚазИГЗУ Хабаршысы» журналына ғылыми жариялануды қамтамасыз ету
Магистранттар үшін жыл сайынғы ғылыми-практикалық конференцияларды, ғылыми конкурстарды ұйымдастыру.
Жас ғалымдарды әлеуметтік қолдау

Магистратура түлектерінің еңбек нарығындағы сұранысқа ие болуы

Негізгі түлек құзыреттілігіндегі сұраныс динамикасының көрсеткіштері негізінде оқу жоспарын жасау
Өндірістік және педагогикалық практикаларды ұйымдастыру
Жұмыс берушілермен кездесулер, көрмелер, семинарлар және т.б. өткізу
Магистратура түлектері туралы мәліметтер қорын жүргізу

ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОО-НАН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ

Ғылым және ЖОО-нан кейінгі білім беру орталығы университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және стратегиялық жобалау мен ғылым бойынша проректорға тікелей бағынады.

Миссия: магистратураның 6 мамандығы бойынша және PhD докторантураның 1 мамандығы бойынша жоғары кәсіби білікті ғылыми-педагогикалық және басқару кадрларын даярлау; ҚазИГЗУ ЖОО білім беруден кейінгі бәсекеге қабілетті жүйесін жасау; университеттің ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастырушылық және әдістемелік қамсыздандыру; ғылыми өнімді жылжытуға жәрдемдесу; ғылыми зерттеу саласында университет жетістіктерін насихаттау.

Мақсаты: магистранттар мен докторанттардың оқу жұмыстарын үйлестіру, оқытушылар мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары, ғылыми әріптестікке негізделген жаңа формаларды енгізу, ой қабілеті мен қызметі үйлестірілген мамандарды даярлауға мүмкіндік беретін Қазақстанның және жақын, алыс шетелдердің жоғарғы оқу орындарымен, ұйымдарымен, әртүрлі қорлар, бағдарламалармен ғылыми – педагогикалық байланысты кеңейту.

Ғылым және ЖОО кейінгі білім беру орталығы қызметі университет ПОҚ мен студенттердің зерттеу жобаларына қатысуы нәтижелілігін жоғарлатуға, университет ғалымдарының инновациялық белсенділігін қолдау мен бақылауға, басым бағыттар бойынша ғылым мен тәжірибенің даму үрдісіне жәрдемдесуге, жоспарлау саласында жұмыс атқаруға, ұйымдастыру мен ЖОО кейінгі даярлық жүйесіндегі оқу үрдісін қадағалауға, есепке алуға, талдауға және бағалауға бағытталған.

Ғылым және ЖОО кейінгі білім беру орталығы қызметі келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1. аймақтағы еңбек нарығының талаптарына сәйкес ЖОО кейінгі білім беру бойынша ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлап шығару.
2. ЖОО кейінгі білім беру бойынша ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлаудың халықаралық және отандық тәжірибесімен танысу және эксперименталды білім беру бағдарламаларын енгізу.
3. университеттегі құжат айналымы құрылымын қалыптастыру.
4. магистратура мен PhD докторантурада оқу және ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру бойынша нормативті-реттеуші құжаттарды жасау.
5. магистратура мен PhD докторантураны оқу-әдістемелік қамсыздандыру.
6. университет бөлімшесінің ғылыми зерттеулерін үйлестіру мен талдау бойынша жұмысына жәрдемдесу.
7. университет бөлімшелерімен бірлесе отырып ғылыми-зерттеу жұмыстары жоспарын (ҒЗЖ) және мемлекеттік тапсырмалар, университет бағыты, оның ғылыми және экономикалық қызығушылықтарын ескере отырып ҒЗЖ болашақ жоспарын жасауға қатысады;
8. университет бөлімшелерімен бірлесе отырып университеттің ғылыми-зерттеу қызметін атқару бойынша жылдық және аралық есебін жасайды;
9. конференцияларды, симпозиумдарды, дөңгелек үстелдер, семинарларды және өзге де ғылыми, соның ішінде халықаралық шараларды ұйымдастыру және өткізуді жүзеге асырады.

Ғылым және ЖОО кейінгі білім беру орталығының директоры: Разиева Динара Бағдатқызы

Ғылым және ЖОО кейінгі білім беру орталығының маманы: Иманмадиева Әлия Мұратқызы

Мекен жайы: ҚР, ШҚО, Ленина көшесі 11, 11 каб.
Байланыс телефоны: 8 (7222) 360363 (ішкі113)
e-mail: semey_urist@mail.ru