Магистратураға түсу

RvumlQYBtsc 2
ҚАЗАҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ–ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ МАГИСТРАТУРАСЫНА ТҮСУ

ҚазИГЗУ магистратурасына құжат қабылдау мерзімі 10-шы шілдеден 30-шы шілдеге дейін.

ҚазИГЗУ магистратурасына түсу үшін қажетті құжаттар тізімі:
1) мекеме жетекшісі атына өтініш;
2) жоғары білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу жеке парағы мен еңбек қызметін куәландыратын құжаттар (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);
4) 3x4 сантиметр өлшемді алты фото сурет;
5) 086-У формалы медициналық анықтамасы;
6) жеке бас куәлігінің көшірмесі;
7) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстар тізімі (болған жағдайда).
Тізімде көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен қатар олардың түпнұсқалары сәйкестігін анықтау үшін қоса ұсынылады. Сәйкестендіріліп болғаннан кейін құжаттардың түпнұсқасы қайтарылады.

ҚазИГЗУ магистратурасына тұлғаларды қабылдау конкурстық негізде қабылдау емтихандары нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. Магистратураға түсетін Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдік азаматтарды ескермегендегі азаматтығы жоқ тұлғалар төмендегідей емтихандарды тапсырады:
1) шет елдер тілдерінің бірінен (ағылшын, француз, неміс);
2) мамандық бойынша.
Магистратураға түсетін шетелдіктер төмендегідей емтихандар тапсырады:
1) мемлекеттік немесе орыс тілі (оқу тілі);
2) мамандық бойынша.
Қазақстан Республикасының азаматтары келесі үлгідегі халықаралық сертификаты болған жағдайда магистратураға түсу кезіндегі шетелдер тілінен тапсыратын емтиханнан босатылады:
⦁ ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP –460 баллдан кем емес), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, түсу баллы –87-ден кем емес), (TOEFL түсу баллы –560-тан кем емес), International English Language Tests System (IELTS, түсу баллы – 6.0-дан кем емес);
⦁ неміс тілі: Deutsche Sprachprufung fur den Hochschulzugang (DSH, Niveau С1/ С1 деңгей), TestDaF-Prufung (Niveau C1/ С1 деңгей);
⦁ француз тілі: Test de Franзais International™ (TFI – оқылым және тыңдалым секциясы бойынша B1 деңгейінен төмен емес), Diplome d’Etudes en Langue franзais (DELF, В2 деңгей), Diplome Approfondi de Langue franзaisе (DALF, С1 деңгей), Тest de connaissance du franзais (TCF –400 баллдан кем емес).

Қабылдау комиссиясының мекен жайы: ШҚО, Семей қ., Абай көшесі 94, 4 каб.

Байланыс телефондары: 8 7222 442456, 8 7222 525226

Қабылдау комиссиясының жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма 9.00-ден 18.00-ға дейін.
Сенбі 9.00-ден 14.00-ге дейін.

Қабылдау емтихандарының мерзімі: 10-шы тамыздан 20-шы тамыз аралығында.

Магистрант қатарына қабылдау мерзімі: 25 тамызға дейін.