Матаева Майгуль Хафизқызы

1

Қазақ инновациялық гуманитарлық- заң университетінің Ғылыми жұмыс және жаңа технологияларды коммерцияландыру жөніндегі проректоры

Заң ғылымдарының докторы.

Тарих ғылымдарының кандидаты.

Білімі:

- 1980 жылы Н.К. Крупская атындағы Семей педагогикалық институтын «тарих мұғалімі» мамндығы бойынша тәмәмдады.

- 2001 жылы Орта- Азия университетін ( Алматы, Қазақстан) «құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.

     1985-1988 жж. В.И. Ленин атындағы Мәскеу мемлекеттік педагогикалық институтының аспирантурасының күндізгі бөлімінде оқыды. 1988ж. қазанында аспирантураны бітіріп, кандидаттық диссертациясын қорғады.

      2003 -2006жж. ҚазГЗУ докторантурасында оқып,  2007 ж. ҚазГЗУ жанындағы АЗА (Алматы қ.)  «Қазақстан және Орта Азия елдеріндегі конституциялық дамудың тарихы. ХХ ғасыр» докторлық диссертациясын қорғады.

       Жұмыс тәжірибесі:  жалпы педагогикалық жұмыс өтілі- 36 жыл.

- 1980 жылдан Семей қаласының бірнеше ЖОО жұмыс істеді. 2002ж. -2013шілде айына дейін –Қазақ қаржы – экономикалық академиясында (ҚР Семей қ.) кафедра меңгерушісі, ғылым бойынша проректор, ректор қызметін атқарды.   

- 2008 - 2010 жж. ҚазГЗУ (Астана қ. Қазақстан) жанындағы құқықтану бойынша кандидаттық және докторлық диссерацияларды қорғау диссертациялық кеңесінің мүшесі, ҚР заңнаманы сараптау бойынша сарапшы ғалымдар тобының мүшесі, бірнеше рет кандидаттық және докторлық диссертацияларды қорғауда оппонент болды.Оның жетекшілігімен 1кандидаттық диссертация, 4 PhD докторлық диссертация қорғалды.

- 2013 ж. қыркүйегінен 2016ж. тамызына дейін РФ Алтай аймағының Барнаул қаласындағы Алтай экономика және құқық академиясы ректорының шақыртуымен жұмыс істеді. Төмендегідей пәндер бойынша дәріс оқыды: Мемлекет және құқық теориясы; Қазіргі заманның құқықтық жүйесі; Заң ғылымдарының тарихы және методологиясы;   Салыстырмалы құқықтану; РФ муниципалдық құқығы. «Конституциялық заңнаманың әлеуметтік- экономикалық ортада жүзеге асырылуы». «АЭҚА жаршысы» журналының редколлегия мүшесі болды.

        Біліктілігін жетілдіру:

- 2014 ж. ««Moodle» бағдарламасымен қашықтан оқыту курстарын әзірлеу негіздері» АЭҚА Барнаул қ. Ресей. Куәлік.

- 2013 ж. «Студенттерге арналған сабақтың интерактивті түрлері» бағдарламасы бойынша оқыды. Омбы қаласындағы аймақтық институты. Омбы қ. Ресей.

- 2011 ж. «ЖОО тиімді басқару» бизнес бағдарламасы бойынша Лондон, Кембридж және Оксфорд университеттерінде курстардан өтті.

       Басылымдар:ұжымдық монографияларда, ҚР және РФ ЖАК ғылыми басылымдарында және Scopus (3), Science (1) халықаралық базасына кіретін журналдарда шыққан 100 аса ғылыми мақалалар,  монография, оқу құралдары.

       Марапаттары:

- Ғылымның дамуына қосқан қомақты үлесі және жоғарғы кәсібилігі үшін АЭҚА (Барнаул қ., Ресей) ректоры Л.В. Теннің алғысы

- Ерең еңбегі және Барнаул қаласындағы жоғарғы білімнің дамуына қосқан үлесі үшін Барнаул қаласының әкімшілік басшысы  С.И.Дугиннің алғыс хаты (2016 ж. ақпан).

- ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі (2009).

- Ғылыми- педагогикалық қызметіндегі жетістіктері үшін Қазақстанның ЖОО ассоциациясының «А.Байтурсынов» күміс медалі.

- Шығыс Қазақстан облысының(2012)  және Семей қаласының(2006, 2011 жж.) әкімдерінің қаланың және облыстың қоғамдық- саяси өміріне белсене араласқаны үшін грамоталары.   

2016 жылдың 1 қыркүйегінен – Қазақ инновациялық гуманитарлық- заң университетінің Ғылыми жұмыс және жаңа технологияларды коммерцияландыру жөніндегі проректоры.

Создано 11.10.2016

Обновлено 28.02.2018