Тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректордың м.а.

731

Садықова Раиса Төлеуқызы

Лауазымы: Тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректордың м.а.

Академиялық дәрежесі: Филология магистрі

Ғылыми бағыты: қазақ тілі мен әдебиеті, Алаш әдебиеті.

«ХХ ғасыр басындағы Семейлік әдеби орта және Халел Ғаббасовтың әдеби-көсемсөздік мұрасы» тақырыбында «Ұлағат», «Ұлт тағылымы», «Қазақ тілі мен әдебиеті» ғылыми-әдістемелік журналдарында, «Қазақ әдебиеті», «Семей таңы» баспасөз беттерінде, халықаралық, республикалық ғылыми-теориялық конференциялар жинақтарында мақалалары жарияланған.

Кәсіби жетістіктері: 2004-2006 оқу жылдарында М.О. Әуезов атындағы Семей университеті, филология факультетінің декан орынбасары, 2008 жылы гуманитарлық факультетінің декан орынбасары қызметтерін атқарды. 2009-2011 оқу жылдары Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті, тәрбие жұмыстары бөлімінің бастығы, 2012 жылдан бастап КазГЮИУ жастар саясаты орталығының басшысы қызметінде болды.

Қоғамдық өмірге қатысуы: «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» - «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бойынша оқитын студенттердің координаторы.

Наградалар: Жемісті жұмысы, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі, қаланың қоғамдық өміріне белсене қатысқандығы үшін Семей қаласы әкімінің грамотасы (2012), Қалалық білім бөлімінің басшысының алғы хаты (2015), университет ректорының алғыс хаттары.

Ғылыми тағылымдамалар мен курстар:   

- Стамбул университетінде ғылыми тағлымдама, Стамбул қаласы, 2013 ж.

- «Түркі халықтарының тарихы, мәдениеті және тілінің теориялық мәселелері» тақырыбында курс  - 72 сағат,  Памуккале университеті мен КазГЮИУ, Туркия,  2014 ж.

- Тренинг-курс «Performance Management and Professional Development» (кәсіби даму мен басқару өнері) – 30 сағат,  КазГЮИУ және  Шығыс Жерорта теңізі Университеті  Фамагуста қ, Солтүстік Кипр, 2015 ж.

- Тренинг-курс «Management in Education» –72 сағат, КазГЮИУ  және Шығыс Жерорта теңізі Университеті  Фамагуста қ, Солтүстік Кипр, 2015 ж.

Мекенжайы: Ленин, к-сі 11, 25 кабинет

Тел/факс: 8-7222-36-03-63 (123 ішкі)

E-mail: srt74@mail.ru

Жеке сұрақтар бойынша қабылдау уақыты: Дүйсенбі-жұма 10:00-14:00.

Создано 04.04.2016

Обновлено 03.10.2016