Дайындық бөлімі

Университетіміздің ректоры Шырын Аcылханқызының бастамасымен алғаш рет шет елдегі қазақ жастарын кешенді тестілеуге даярлау үшін, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің №354, 2016 жылдың 18 маусымдағы бұйрығы негізінде ашылған дайындық бөлімінде 50-ге тарта тыңдаушы мемлекеттік грант негізінде, оннан астам тыңдаушы ақылы негізде білім алуда.

Қазақстанның рухани астанасы – Семейде, соның ішінде Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университетінде дайындық бөлімінің ашылуы шетелдегі қазақ диаспорасы өкілдері тарапынан үлкен қолдау тапты. Әсіресе, Монғолияның, Қытай Халық республикасының, Ресейдегі қазақтар көбірек қоныстанған аймақтарымен тығыз байланыстар орнатылды. Жақсы үлгі – насихат жұмыстарының нәтижесінде, осы мемлекеттегі қазақ жастары Қазақстанға, соның ішінде Семейге келіп, білім алуға ынталарын көптеп білдіруде.

Дайындық бөлімі  - Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Бөлім шетелдегі қазақ жастарын Қазақстан Білім және ғылым министрлігінің бекіткен квотасына сәйкес мемлекеттік грант негізінде, ал Қазақстан Республикаының орта, кәсіби орта (колледж) білім бер ұйымдарының бітірушілерін университет ректорының бұйрығы негізінде ақылы түрде кешенді тестілеуге даярлауда.

Тыңдаушы – талапкерлер дайындық бөлімінде 9 ай бойы білім алып, ортаға бейімделген соң, келесі жылғы кешенді тестілеуге қатысып, алған балдарына байланысты ҚР-де кез келген жоғары оқу орындарын таңдай алады.

Тыңдаушыларға ғылым докторы мен ғылым кандидаттары, магистрлер, ҚР білім беру ісінің үздіктері білім беруде.

Сондай – ақ университет ұжымы тарапынан өнерге, спортқа, ақындыққа әдебиетке бейім жастарға үлкен қолдау көрсетілуде.

Дайындық бөлімінің тыңдаушылары өздерінің білімге деген үлкен құлшыныстары мен өнер, спорттағы жоғары жетістіктерін көрсете білді.

Жаңалықтар

«АРМЫСЫҢ, АТАМЕКЕН» атты музыкалық концерт

2017 жыл желтоқсанның 7-жұлдызында Қазақстан Республикасының  «Тәуелсіздік» мерекесіне орай Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің Дайындық бөлімі тыңдаушылары «АРМЫСЫҢ, АТАМЕКЕН» атты музыкалық концерт ұйымдастырып жұрттшылыққа тарту етті. Кеш Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің бас ғимаратында өтті. Концерт барысында «Дайындық бөлімінің» тыңдаушылары әр жанрдағы тартымды да тамаша номерлермен көрермен көңілін көтере білді. Әсіресе ұлттық рухтағы тамаша әндеріменкеш көрермендерін тәнті […]

Баскетболдан «Ректордың кубогы» үшін ашық турнир

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай және ел тәуелсіздігіне арнап Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің Дайындық бөлімі ұйымдастырған баскетболдан студенттер мен тыңдаушылар арасындағы «Ректордың кубогы» үшін ашық турнир өз мәресіне жетті. Екі аптаға созылған тартысты бәсекеде қыздар арасындағы сайыста 1-орынды Дайындық бөлімінің қыздар командасы жеңіп алып, уиверситет Ректорының ауыспалы кубогына ие болды.  2-орынды Гуманитарлық факультетінің қыздар […]

Жидебайға саяхат

Жидебай –Абайдың ата қонысы. Қарауыл өзенінің жайылмасында жатқан қалың қорық, шұрайлы жер. Жидебайды Тобықты руының Жігітек атасы мекен еткен. 19 ғасырдың орта тұсында Жидебай, Борсықбай, Барақты – аға сұлтан Құнанбай Өскенбайұлы иемденіп, қыстау салдырған. 1850 ж. Құнанбай Жидебайдан 15 шақырым жердегі Ескі Там қонысына медресе салдырып, өзінің және туыстарының балаларын оқытқан. Абай 8 жасынан бастап […]

Барлық жаңалықтар
Создано 01.07.2017

Обновлено 27.02.2018