“Серпін-2050” әлеуметтік жоба туралы

%d1%81%d0%b5%d1%80%d0%bf%d1%96%d0%bd-2050-%d1%82%d2%af%d0%b7%d0%b5%d1%82%d1%96%d0%bb%d0%b3%d0%b5%d0%bd

«Мәңгілік ел жастары - индустрияға» - «Серпін-2050»  әлеуметтік  жобасы  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Қазақстан-2050»  стратегиясында айқындалған  басымдықтарды  жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралардың қатарына кіреді. Стратегияға сәйкес дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін білікті мамандар даярлау мәселесі өзекті  болмақ.  Осыған орай Қазақстан Республикасы Үкіметі жастар мәселесіне  арнап «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!»  әлеуметтік  жобасын ұсынған  болатын.  Бұл жоба  «Серпін-2050» деп аталады.

2014 жылы «Мәңгілік ел жастары - индустрияға» - «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бойынша 2050 талапкер оқуға түссе, 2015 жылы «Мәңгілік ел жастары - индустрияға» - «Серпін-2050» әлеуметтік жобасына бөлінген арнайы  грант 3-есеге өсіп, 6200-ге жетті. Олардың 5000 орыны   19 жоғары оқу орындарындағы 61 мамандық бойынша бөлініп, 1200 орыны 36 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына (колледж) 47 мамандық бойынша берілді.

2016-2017 жылдары, бағдарламаға 22 жоғары оқу орыны, 32 кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдары  қатысады:


Жаңалықтар

Республикалық «Аламан 2016» өнерлі жастар фестивалі

25-27.11.2016 ж. Астана қаласы Еуразия ұлттық университетінде «Серпін 2050» әлеуметтік жобасы аясында білім алып жатқан студенттер арасында республкалық «Аламан 2016» өнерлі жастар фестивалі өтті. Ағымдағы жылдың қазан айынан бастау алған фестиваль бірнеше іріктеу кезеңдерінен тұрды. Өз оқу орындарынан іріктеліп, кейін қала және облыс көлемінде іріктеуден сүрінбеген жастар фестивальдің басты Гала – концертіне де арнайы шақырылған […]

«Серпін серісі» байқауы

23.11.2016 ж. Абай атындағы кітапханада Семей қаласы құқық және бизнес колледжінің ұйымдастыруымен «Серпін 2050 Мәңгілік ел жастары – Индустрияға» әлеуметтік жобасы аясында оқып жатқан студенттер арасында Облыстық «Серпін серісі» байқауы болып өтті. Бұл байқауға КазГЮИУ серісі «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы Ақпараттық технологиялар және экономика факультетінің студенті Кенжаев Абзал қатысты. Бірнеше кезеңдерді қамтыған […]

КазГЮИУ Студенттер үйінде «Үздік бөлме» сайысы өтті

02.11.2016 ж. КазГЮИУ Студенттер үйінде «Серпін 2050» әлеуметтік жобасы аясында білім алып жатқан студенттер арасында «Үздік бөлме» сайысы болып өтті. Сайыс ережесі бойынша тұрғындар бөлме тазалығы, бөлмені кез келген тақырыпта безендіру және Студенттер үйінің ішкі ережелері туралы сұрақтарға жауап беру сындарынан өтті. Қызыққа толы кеш жастардың көңілін сергітіп тастады. Сайыс қорытындысы бойынша Ибрагимова Мунира, Омар […]

Барлық жаңалықтар

Серпін бағдарламасы | КазГЮИУ | 2018

Создано 12.09.2016

Обновлено 08.01.2020