Кітапхана туралы ақпарат

Университет кітапханасының кітап қоры дәстүрлі және заманауи құжаттардан тұрады. Кітап қорының негізін оқу, ғылыми, көркем әдебиеттер, мерзімді баспалар, аудиовизуалды және электронды құжаттар құрайды.

Кітапхана университетпен қатарлас 1998 жылы құрылған. Бүгінгі күні кітапхана 743900 дана кітап қорына ие, оның ішінде 370576 данасы мемлекеттік тілдегі әдебиеттер.

 6,5 мың оқырманға бірыңғай оқырман билеті арқылы қызмет көрсетіледі. Олар – оқытушылар мен профессорлар, ғылыми қызметкерлер, студенттер және басқа да қосалқы қызметкерлер.

Кітапханада бірнеше бөлімше жұмыс атқарады: абонемент, 100 орындық оқу залы, 25 орындық ғылыми зал және медиатека залы, 40 орындық мерзімді басылымдар залы және студенттер жатақханасындағы 20 орындық оқу залы бар, барлық орын саны – 185.

Абонемент

Оқу залы орны
100
Ғылыми және медиатека залы орны
25
Мерзімді басылымдар залының орны
40
Студенттер жатаханасының оқу орны
20

Соңғы он жыл ішінде білім үрдісіне жаңа педагогикалық ойлар мен ақпараттық қамсыздандырудың заманауи техникалық құралдарын енгізу саласында  атаулы өзгерістер орын алуда.  Сондықтан, 2003 жылы кітапханада ғылыми зал мен медиатека залы ашылды. Оқу залында 5 компьютер іске қосылған, оның ішінде екі тілдегі «Заң» мәліметтер базасы  бар және интернетке қосылған, оқытушылар мен студенттерге еркін интернетке кіру үшін WIFI жүйесі де қосылған.

 Кітапхананың кез-келген оқырманы құжатты электронды тасымалдаушыға көшіріп ала алады. Қорды CД-дисклермен, видеокасеталармен, аудиокасеталармен толықтыру жұмыстары жүргізіледі.     

     2004 жылдан бастап мерзімді басылым залы ашылды. Кітапхана 200 мерзімді басылымдарға жазылады, соның ішінде 102-сі мемлекеттік тілде,. Газеттермен журналдар мақалаларының картотекасы жүргізіледі, сонымен қатар тақырыптық папкалар жинақталған:

«КазИГЗУ университетінің тарихы»

«Президенттің Қазақстан халқына жолдауы»

«Қазақстан-2030»

«Қазақстан-2050»

«Конституция»

«Білім жаңалықтары»

«Өлкетану»

«Гендерлік саясат»

«Қазақстандағы құқықтық реформа»

«Алаш қайраткерлері»

«Желтоқсан»

Университет кітапханасының оқырмандармен жемісті жұмысының негізгі шарты жақсы ұйымдастырылған анықтамалық-библиографиялық аппарат болып табылады. Кітапханада әр-түрлі каталогтар жүргізіледі, олар: қызметтік, алфавиттік, жүйелік, газет-журнал мақалаларының тақырыптық картотекасы.  Сонымен қатар, кітапханада  КАБИС электронды каталог жүргізіліп келеді. 2012 жылы РЖООЭБ  мен келісімшарт бекітілген.

Бүгінгі күні кітапхана қолданушылары 2012 жылдан бастап, ұлттық қордың тегін қосылған электрондық базаларын пайдалана алады. Бұлар:

Elsevier

 

МБ - «ELSEVIER»

 

SpringLink

 

МБ -  «SPRINGER LINK»

 

Thomson Reuters   

МБ - «THOMSON REUTERS»

 

Polpred com

 

МБ - « POLPRED».

Бұдан басқа, әдебиеттермен төмендегі дерекнамалар арқылы танысуға болады: ай сайынғы ақпараттық бюллетень, оқырман залындағы жаңа түсімдердің көрмесі және кафедралардағы тақырыптық көрмелер.

Кітапхана университеттік іс-шараларға, яғни халықаралық конференциялар және ғылыми семинарлар өткізуге белсенді қатысады.

  Кітапханада 7 кітапханашы жұмыс істейді, кітапхана меңгерушісі – Дубаева Зауреш Габасовна, білімі жоғары  (Әл - Фараби атындағы өнер институты, Шымкет қаласы).

            Кітапхананын мекенжайы  Шмидта көшесі 44 үй, каб.16  № 3 ғимарат,

Тел.77-34-62 zauresh.d@mail.ru.

Жұмыс уақыты: Дүйсенбі –жұма 8-00  -18-00  

                             Сенбі  9-00 - 14-00     

                             Демалыс күндері - Жексенбі 

                             Әр айдын сонғы күні: Тазалық  күні

Студенттер үйі кітапханасының мекен-жайы: Ильяшев к-сі, 94, каб. 105

Тел. 77-32-06 smagulova62@list.ru