Құрметті достар!

 

КазГЮИУ өзінің барлық түлектерін мақтан тұтады, олардың ішінде талантты ғалымдар, мемлекеттік қызметкерлер, мекемелер мен ұйымдардың басшылары, жеке кәсіпкерлер бар. Осы әр саладағы түлектердің, барлығымыздың басымызды біріктіретін, мақтаныш тудыратыны КазГЮИУ түлегі деген ортақ атау. Сіздердің әрқайсысыңыз университет қабырғасында өткізген тамаша күндеріңізді жылылықпен, зор махаббатпен еске аласыздар!

Мындаған түлектерге ортақ, кәсіби өмірлеріне жолдама берген Аlma mater достастық пен, бауырластық мекені.

Егер Сіз білім алған жоғары оқу орныңызға деген құрметінізді білдіргіңіз келсе, «КазГЮИУ түлектерінің қауымдастығы» жұмысына қатысуға шақырамыз.

Қауымдастық өз мүшелерінің қоғамдағы, қызметтегі табысты өрлеуіне терең қызығушылық танытуда. Университет Сіздің ұйымға қажетті кадрларды тауып беруде жәрдемдеседі, бірлескен инновациялық жобаларды жүзеге асыруда көмек көрсетеді, мақсатты қабылдау аясында университетте сіздің болашақ қызметкерлеріңіздің білім алуына мүмкіндік жасайды, Alma Mater жобаларына демеуші болуға мүмкіндік береді, кәсіби байланыстарыңыздың шеңберін кеңейтуге жағдай жасайды.

Біз КазГЮИУ түлектерінің барлығымен байланыс орнатқымыз келеді, оларға университетте өтетін іс- шаралар туралы хабарлап, Қауымдастық пен университеттің бағдарламаларына қатысуға шақырамыз. Түлектердің үйымдастыру мақсатында ҚазИГЗУ түлектері жөнінде ақпараттар базасы жасалады.

КазГЮИУдің үздік түлектерінің есімі ЖОО тарихында, КазГЮИУ түлектері қауымдастығының тарихында алтын әріптермен жазылуы тиіс.

Құрметті КазГЮИУ түлегі!

Сіз өзіңіз білім алған оқу ордасының гүдденуіне ықпал етем десеңіз, ұсынылған электронды мекен жайға толтырылған анкетаны жіберуіңізді сұраймыз: assvkaz@mail.ru

Баршанызға зор денсаулық, бақыт, табыс пен жетістіктер, бейбіт өмір, жақсылық тілейміз!

Қаумдастық Сіздің әлеуметтік-маңызды шараларға қатысуыңызды күтеді. Сіздің кез келген бастамаңыз назардан тыс қалмайды.

КазГЮИУ Түлектер қауымдастығының төрағасы – Данилов Александр Александрович

Атқарушы директор – Шогелов Санат Галымович

Құрудың бастамашы тобы: 

Кайдарова Гульшат Кайдаровна

Байгундинов Елдос Нагымбаевич

Бауыржанов Рымбек Бауыржанович

Қамбаров Азамат Қамбарұлы

Акабаева Мадина Отановна

Темиргазин Роман Хурматулаевич

Рсымбетова Диана Ринатовна

ҚазИГЗУ-дың Түлектер Қауымдастығы туралы толық ақпарат.