Жалпы ақпарат

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті

КазГЮИУ Репетиторлық мектебі

 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің Репетиторлық мектебі Ғылыми кеңестің шешімі (27.06.2013 жылғы № 10 хаттамасы) негізінде құрылған, университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Мектеп Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары негізіндегі Репетиторлық мектептің Ережесін басшылыққа алады.

Репетиторлық мектептің қызметі: жеке тұлғаның білімдік қажеттілігін қанағаттандыруға және әлемдік стандартқа сәйкес өз бағытын анықтауға, өзін - өзі жетілдіруге білімдік орта қалыптастыруға бағытталған.

Репетиторлық мектептің мақсаты: әр түрлі пәндерден сапалы дайындықты қамтамасыз ету.

директор

 

 

Репетиторлық мектеп директоры

Жампеисова Лиза Мағауяқызы

 

2015-2016 оқу жылы барысында дайындық курстары барлық пәндерден сағат 15.20 бастап өткізіледі. Оқыту – қазақ, орыс тілдерінде. 

Мектеп келесі сапалы білім беру қызметтерін ұсынады:

* ҰБТ-ға дайындау (10, 11-сынып оқушылары);

* Кешенді тестілеуге дайындау (колледж студенттері және т.б.);

* Барлық пәндерден пәндік олимпиадаларға дайындау (8-10- сынып оқушылары);

* Лицей, гимназияларға және зияткерлік мектептерге түсуге дайындау (5-7- сынып оқушылары);

* Дайындықтың базалық деңгейін анықтауға арналған тестілеу;

* 5-11 - сынып оқушыларымен жекелей сабақтар;

* Студенттермен жекелей сабақтар;

* Қашықтықтан оқыту (онлайн-кеңестер, онлайн-сабақтар);

* Оқушыларға және ата-аналарға психологтардың кеңесі;

* Бастауыш сынып оқушыларына репетиторлық қызметтер.

 

 

Мекен-жайы: Семей қ., Абай көшесі 94, № 17 кабинет.

телефондары: 8 (7222) 36-02-59, 8702 826 02 83

e-mail: repetitor.l@mail.ru

skype: repetitor.L

www.semey-repetitor.kz

2013-2014 оқу жылы

КазГЮИУ Репетиторлық мектебінде білім алған 600 оқушы ішінен 100 адам мемлекеттік білім гранты иесі атанды. Оқушылардың ҰБТ нәтижесі бойынша білім сапасының орташа көрсеткіші 88,5 балды құрады.

2014-2015 оқу жылы

КазГЮИУ Репетиторлық мектебінде білім алған 400 оқушы ішінен 70 адам мемлекеттік білім гранты иесі атанды. Оқушылардың ҰБТ нәтижесі бойынша білім сапасының орташа көрсеткіші 89 балды құрады.

2015-2016 оқу жылы

КазГЮИУ Репетиторлық мектебінде білім алған 300 оқушы ішінен 50 адам мемлекеттік білім гранты иесі атанды. Оқушылардың ҰБТ нәтижесі бойынша білім сапасының орташа көрсеткіші 89 балды құрады.

2016-2017 оқу жылы

КазГЮИУ Репетиторлық мектебінде білім алған 300 оқушы ішінен 47 адам мемлекеттік білім гранты иесі атанды. Оқушылардың ҰБТ нәтижесі бойынша білім сапасының орташа көрсеткіші 87,5 балды құрады.

Оқыту

Семинар тренингтер

Соңғы қоңырау

Экскурсия

Жаңалықтар

IMG_0248

ОБЪЯВЛЕНИЕ

Школа Репетиторства Казахского гуманитарно-юридического инновационного университета приглашает  с 4 сентября 2017  года учеников  5-7 классов на курсы по подготовке  к поступлению […]

IMG_5133

ОБЪЯВЛЕНИЕ!

Школа Репетиторства Казахского гуманитарно-юридического инновационного университета приглашает с 4 сентября 2017  года учеников 9-11 классов на подготовительные курсы к ЕНТ по […]

IMG-20160402-WA0031

ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университетінің Репетиторлық мектебі 2017-2018  оқу  жылы барысында  5-11 сынып оқушыларын, жоғары оқу орны және колледж студенттерін […]

Барлық жаңалықтар