Жоғары білімнен кейінгі даярлық және ғылым орталығы

033-1

Жоғары білімнен кейінгі даярлық және ғылым орталығының директоры:

Гайнуллина Фарида Ахметовна

Филология ғылымдарының кандидаты

Кәсіби және педагогикалық білім жетілдіруі:
 таяу және алыс шет елдердегі конференциялар мен семинарларға және т.б.:

10 сертификат

Марапаттары:

Қала әкімінің алғыс дипломы (2005), ҚР БжҒМ алғыс хаты (2010),. Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгі (2014), Қоғамдық ғылымдар Академиясының күміс медальі (2014)

Жарияланымы туралы мәліметтер (еңбектерінің саны, оның ішінде монографиялар, оқу құралдары):

79, оның ішінде 3 монография , 4 – оқу-әдістемелік құрал, 72 мақала ( оның ішінде импакт – факторы бар журнал - 1, Комитеттің тізімне енген -2, қалғандары – ҚР, таяу және алыс шет елдердің жинақтары)

Мекен жайы: ҚР, ШҚО, Ленина көшесі 11, 11 каб.

Байланыс телефоны: +7 (7222) 360363 (ішкі 113)

e-mail: semey_urist@mail.ru

Жоғары білімнен кейінгі даярлық және ғылым орталығы

Дс-жұма. 10.00-нан - 17.00-ге дейін

 

IMG_2475Орталықтың маманы: Иманмадиева Әлия Мұратқызы

Мекен жайы: ҚР, ШҚО, Ленина көшесі 11, 11 каб.

Байланыс телефоны: +7 (7222) 360363 (ішкі113)

e-mail: semey_urist@mail.ru

Жоғары білімнен кейінгі даярлық және ғылым орталығыорталығы университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және стратегиялық жобалау мен ғылым бойынша проректорға тікелей бағынады.

Миссия: магистратураның 7 мамандығы бойынша және PhD докторантураның 1 мамандығы бойынша жоғары кәсіби білікті ғылыми-педагогикалық және басқару кадрларын даярлау; ҚазИГЗУ ЖОО білім беруден кейінгі бәсекеге қабілетті жүйесін жасау; университеттің ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастырушылық және әдістемелік қамсыздандыру; ғылыми өнімді жылжытуға жәрдемдесу; ғылыми зерттеу саласында университет жетістіктерін насихаттау.

Мақсаты: магистранттар мен докторанттардың оқу жұмыстарын үйлестіру, оқытушылар мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары, ғылыми әріптестікке негізделген жаңа формаларды енгізу, ой қабілеті мен қызметі үйлестірілген мамандарды даярлауға мүмкіндік беретін Қазақстанның және жақын, алыс шетелдердің жоғарғы оқу орындарымен, ұйымдарымен, әртүрлі қорлар, бағдарламалармен ғылыми – педагогикалық байланысты кеңейту.

Жоғары білімнен кейінгі даярлық және ғылым орталығықызметі университет ПОҚ мен студенттердің зерттеу жобаларына қатысуы нәтижелілігін жоғарлатуға, университет ғалымдарының инновациялық белсенділігін қолдау мен бақылауға, басым бағыттар бойынша ғылым мен тәжірибенің даму үрдісіне жәрдемдесуге, жоспарлау саласында жұмыс атқаруға, ұйымдастыру мен ЖОО кейінгі даярлық жүйесіндегі оқу үрдісін қадағалауға, есепке алуға, талдауға және бағалауға бағытталған.

Жоғары білімнен кейінгі даярлық және ғылым орталығы қызметі келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  1. аймақтағы еңбек нарығының талаптарына сәйкес ЖОО кейінгі білім беру бойынша ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлап шығару.
  2. ЖОО кейінгі білім беру бойынша ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлаудың халықаралық және отандық тәжірибесімен танысу және эксперименталды білім беру бағдарламаларын енгізу.
  3. университеттегі құжат айналымы құрылымын қалыптастыру.
  4. магистратура мен PhD докторантурада оқу және ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру бойынша нормативті-реттеуші құжаттарды жасау.
  5. магистратура мен PhD докторантураны оқу-әдістемелік қамсыздандыру.
  6. университет бөлімшесінің ғылыми зерттеулерін үйлестіру мен талдау бойынша жұмысына жәрдемдесу.
  7. университет бөлімшелерімен бірлесе отырып ғылыми-зерттеу жұмыстары жоспарын (ҒЗЖ) және мемлекеттік тапсырмалар, университет бағыты, оның ғылыми және экономикалық қызығушылықтарын ескере отырып ҒЗЖ болашақ жоспарын жасауға қатысады;
  8. университет бөлімшелерімен бірлесе отырып университеттің ғылыми-зерттеу қызметін атқару бойынша жылдық және аралық есебін жасайды;
  9. конференцияларды, симпозиумдарды, дөңгелек үстелдер, семинарларды және өзге де ғылыми, соның ішінде халықаралық шараларды ұйымдастыру және өткізуді жүзеге асырады.