Новости

«Ұлы дала ұландары» атты Студент қатарына қабылдау кеші

Опубликовано 13.10.2015.

13.10.2015 ж. Абай атындағы драма театрында жыл сайынғы дәстүрге айналған КазГЮИУ Студент қатарына қабылдау кеші болып өтті.

Биылғы жылдың басты жаңалығы болып, Еліміз үшін ерекше тарих парағын ашқан Елбасы идеясы «Ұлы дала елі» атауы барша Қазақстандықтардың бойына ұлылық сезімін оятқандай болды. Осы орайда КазГЮИУ – ға келіп түскен студенттердің жаңа буынына арналған салтанатты кештің тақырыбы да сол идеяға сәйкес «Ұлы дала ұландары» атауымен өтті. Кештің басты қонағы болып қала әкімі Сәлімов Ермак Бидахметұлы болды. Салтанатты кештің алғашқы құттықтау сөзі университет ректоры Шырын Асылханқызына берілді. Келесі болып сөз алған қала әкімі Ермак Бидахметұлы ректормен бірге дәстүрлі түрде мемлекеттік грант иегері Камзина Әсел мен Жұмағалиев Мейрамбек есімді студенттерге «Сынақ кітапшасы мен Білім кілтін» табыстады. Сценарий бойынша ары қарай, университет, қала және Ел үшін мақтанышқа айналған Қазақ күресінен «Еуразия барысы» турнирінде жеңіске жеткен Қазақстан құрамасының мүшесі университетіміздің «Қолданбалы биология» кафедрасының оқытушысы Айдос Сейпілұлы мен жақында ғана Әлемдік деңгейде жүлделі орындарға ие болған бірқатар спортшыларымызды қала басшысы мен университет ректоры марапаттады. Одан кейін кезек факультеттерге де келді. Олар тақырыпқа сай тамаша өнер көрсетіп, 1 курс студенттеріне естен кетпес кеш сыйлады.