Жаңалықтар

Хабарландыру

Опубликовано 02.02.2016.

2016 жылдың 12 ақпанында «Кәсіпкерлік университетінің матрицасы жұмыс берушілердің қатысуымен» тақырыбында семинар өтеді. Бұл өткізілмек шара 5В050900 «Қаржы», 5В050800 «Есеп және аудит», 5В050600 «Экономика», 5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтарын қамтиды.

Өткізу орны: КазГЮИУ, бас ғимарат, акт залы

Өткізі адресі: Ленин көшесі – 11

Қатысушыларды тіркеу уақыты: 14.30 – 15.00

Шараның басталу уақыты: 15.00

Семинардың мақсаты:

  • Семинарға қатысушыларды заманауи университеттердің жаңа үлгілерінің ерекшеліктерімен таныстыру;
  • Университет бітірушілері үшін адам ресурстарының негізгі көзі ретінде қазіргі талаптарды ашып көрсету;
  • Халықаралық тәжірибеге негізделген кәсіпкерлік білім берудің артықшылықтарын айқындау;
  • Заманауи талаптарды ескере отырып, жұмыс берушілермен қосарлы білім беруді жүзеге асыруда өзара әрекеттесу бағдарламасын әзірлеу.

Негізгі сұрақтар:

  1. Қазіргі заманғы университеттердің модельдері.
  2. Кәсіпкерлік білім: халықаралық тәжірибе.
  3. Адами капитал: адам ресурстарының тапшылығын жеңу.