Жаңалықтар

Өндірістік педагогикалық іс-тәжірибенің қорытынды конференциясы

2016 жылдың 3 наурыз күні университетіміздің Гуманитарлық факультетінде «Филология» кафедрасында  5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В020500 «Филология» мамандығының Г-423, Г-429 топ студенттерінің  өндірістік педагогикалық іс-тәжірибесінің қорытынды конференциясы өтті. Г-423, Г-429 топ студенттері филология кафедрасының п.ғ.к. Тлебалдина Н.Қ, п.ғ.к. Ақманова Ғ.Р., ф.ғ.к Доскеева Ш.А., ф.ғ.к Әбікенова Г.Т. сияқты әдіскер оқытушылардың жетекшілігімен, Семей қаласының №22 ЖОББ мектепте өндірістік іс-тәжірибеден өтті. Конференцияға филология кафедрасының меңгерушісі Төлебаева Қ.Т., факультет бойынша практика жетекшісі Кабдуллина Г.М. және қазақ филология мамандығының әдіскерлері мен аталған мамандықтың 3 курс студенттері қатысты.

2016 жылдың 10 наурыз күні осы кафедрасының 5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының Г-319, Г-320 топ студенттерінің  өндірістік педагогикалық іс-тәжірибесінің қорытынды конференциясы өтті. Конференцияға филология кафедрасының меңгерушісі Төлебаева Қ.Т., факультет бойынша практика жетекшісі Кабдуллина Г.М. және 5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының әдіскерлері мен аталған мамандықтың 1-3 курс студенттері қатысты.

Г-319, Г-320 топ студенттері филология кафедрасының Даутбаева К.Б., Бурнашова Н.Ф., Кабдырахманова Ү.Б., Кабышева Р.Б. сияқты әдіскер оқытушылардың жетекшілігімен, Семей қаласының Облыстық кәсіби мамандырылған үш тілде оқытатын Шәкәрім атындағы мектепте,  №38 ЖОББ Мектеп-лицейінде және №23 ЖОББМ өндірістік іс-тәжірибеден өтті.

Семей қаласының Облыстық кәсіби мамандандырылған үш тілде оқытатын Шәкәрім атындағы мектеп осы жылы бірінші рет «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 2 студентті іс-тәжірибеден өткізуге келісім шарт жасасты. Студенттер Хуан Тлеуғабыл мен Иманалиев Бектөре iс-тәжiрибеден өту барысында өз білімдерін көрсете отырып, мектеп мүдірі Аубакирова Алма Медетовнаның өз қолынан алғыс хат алып келді.

Қорытынды конференцияда студенттер өздерінің іс-тәжірибе барысында жасаған жұмыстарына есеп берді. Өндірістік іс-тәжірибе студенттердің мектеп мұғалімінің қызметімен толықтай танысуына, олардың өз болашақ мамандықтарына деген қызығушылығын арта түсуіне, әрі бұл мамандықтың қаншалықты жауапты мамандық екендігіне көз жеткізуіне мүмкіндік берді.