Жаңалықтар

Мектеп мұғалімдері, колледж оқытушылары және мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлері біліктілікті көтермелеу курсын өтті

Опубликовано 28.03.2016.

Біліктілікті жетілдіру және мамандарды қайта даярлау институты «Педагогика және психология» кафедрасымен бірлесе отырып 2016 жылдың 21 наурызынан 27 наурызы аралығында «Өзін-өзі тану пәнін оқытудың әдістемесі» модулі бойынша мектеп мұғалімдеріне, колледж оқытушыларына және мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлеріне арналған біліктілікті жоғарлату курсын өткізді.

Курсты кафедраның тәжірибелі оқытушылары Жапарова Гүлнар Сарсенқызы мен Сарбасова Гүлзат  Жакейқызы өткізді.

Курстың негізгі мақсаты – «Өзін-өзі тану» пәнінің білім сапасын жоғарлатуды қамтамасыз ететін инновациялық білім технологияларын қолдану арқылы тыңдаушылардың оқыту деңгейін жоғарлату табылады.

Курсқа Семей қаласы колледждерінің оқытушылары, ШҚО мектептерінің мұғалімдері мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері қатысты.

Курс «Бөбек» қорының ұсынған бағдарламасы бойынша оқытылды. Курсты оқыту «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың интерактивтік әдістері қолданылды: бейнежазбалар көрсетілді, рөлдік ойындар басқа да әдістер қолданылды. Дәріскерлер сабақ өткізу барысында интерактивтік тақтаны кеңінен пайдаланды.

Курс қорытындысы бойынша Институт директоры М.Д. Қаражанов сертификаттар тапсырды.

Курс қорытындысы бойынша Біліктілікті жетілдіру және мамандарды қайта даярлау институтының директоры, PhD доктор М.Д. Қаражанов Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі бекіткен арнайы нысандағы сертификаттар тапсырды.