Жаңалықтар

Республикалық студенттік пәндік олимпиада және «MechMathOpen 2016» олимпиадасы

kazguiu.kz kazguiu КазГЮИУ
Опубликовано 03.04.2016.

 2016 жылғы 1-2 сәуірде КазГЮИУ Информатика және математика кафедрасының «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» және «Информатика» мамандықтары бойынша оқитын студенттері Ильяс Сарсенбаев, Дидар Оразаев, Аманбек Тасқынбаев аға оқытушысы Рахматуллина З.Т. жетекшелігімен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде өткен Республикалық студенттік пәндік олимпиадасының II деңгейіне, «MechMathOpen 2016» олимпиадасына қатысты.

Республикалық студенттік пәндік олимпиадасының сайыстары жеке түрде, ал «MechMathOpen 2016» олимпиадасы командалық жарыс түрінде өтті.

Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың қорытындысы бойынша КазГЮИУ-дын студенттері сертификаттармен марапатталды. 4 курс студенты Дидар Оразаев инновациялық IT-технологиялар жобаларымен жұмыс істейтін «DREAM WINGS» компаниясында оқу бітірген соң жұмысқа орналасуға мүмкіндік беретін және білім жетілдіретін курсын өтуге арналған 100 000 теңге көлеміндегі сертификатпен марапатталды.

«MechMathOpen 2016» олимпиадасында КазГЮИУ-дын студенттері жоғары деңгейдегі білім көрсетіп, сайысқа қатысқан 91 команданың ішінде 9 орын иегерлері болды. Олимпиаданың қорытындысы бойынша командаға сертификат және бағалы сыйлықтар берілді.

Кафедраның оқытушылар мен профессорлық құрамы олимпиадаға қатысқан студенттерге алғысын білдіріп, болашақта ғылыми-зерттеу жұмыстарына табыс тілейді!

kazguiu.kz kazguiu КазГЮИУ