Жаңалықтар

КазГЮИУ Семей қаласының №10 орта мектебінде құқықтық семинар-тренингтер өткізді

Опубликовано 04.04.2016.

2016 ж. 17-18 наурызда КазГЮИУ-дың өкілдерімен Семей қаласының №10 орта мектебінде 9 сынып оқушыларының арасында интерактивті әдістерді қолданумен құқықтық семинар-тренингтер өткізді.

Құқықтық семинар-тренингтерде Семей қаласының №10 орта мектебінің 50 оқушысы қатысты. Семинар-тренингтер келесі тақырыптар бойынша өткізілді: «Әлеуметтік нормалар», «Жастар арасындағы құқық бұзушылықтар», «Қоғамдағы құқықтың рөлі», «Заңды жауапкершілік».

Құқықтық семинар-тренингтердің қатысушылары өздерінің азаматтық құқықтарын қорғау бойынша теориялық білімдер алып, тәжірибелік дағдылар қалыптастарды.